Бүгін: 19.04.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

8 маусымда Мемлекет басшысының жаңа Ұлытау облысын құру туралы жарлығы күшіне енеді. Бүгінгі аппараттық кеңесте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа өңірге баратын әріптестеріне сөз сөйлеп, бірлесіп атқарған жұмыстары үшін алғыс айтты.

– Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал, Ұлытау, Жаңаарқа өңірлеріндегі әріптестерімізге табыс тілеймін. Бірлесе отырып, иық тіресе талай жұмыс атқардық, осы жылдар ішінде осы өңірлердің тұрғындары үшін өзекті мәселелерді шешуге қол жеткіздік, – деді Жеңіс Қасымбек.

Ол жаңа өңірдің болашағы зор екеніне, өңірдің дамуға серпін беретініне сенім білдірді.

– Сіздер жаңа өмірге қадам басқалы тұрсыздар. Осынау шешуші сәтте сәттілік тілеймін, – деп кеңес берді Жеңіс Қасымбек әріптестеріне.

Учаскелік референдум комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2022 жылғы 5 маусым сағат 20.00-дегі жағдай бойынша референдум бюллетендерін тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының   80,71% - ы алды.

Саран қалалық референдум комиссиясы

Қарағанды облысында аумақтық референдум комиссияларының мәліметтері бойынша 2022 жылғы 5 маусымда сағат 18:00-де бюллетеньдер тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 73,31 %-ын құрады.

Ең жоғары белсенділікті Ұлытау ауданының тұрғындары көрсетті – 86,11 %. Көшбасшылар үштігінде сондай-ақ Жаңаарқа және Ақтоғай аудандары – тиісінше 85,28 және 83,44 %.

Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады. Қарағанды облысында референдумға қатысушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат 22:00-де белгілі болады.

Айта кетейік, өңірде дауыс беруге арналған 777 учаске бар. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, референдумға 880 мыңнан астам қатысушы тіркелген.

Учаскелік референдум комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2022 жылғы 5 маусым сағат 18.00-дегі жағдай бойынша референдум бюллетендерін тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының   76,01% - ы алды.

Саран қалалық референдум комиссиясы

Қазақстанда еліміздің қолданыстағы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өтіп жатыр.

Осы түзетулерге сәйкес Мемлекет басшысының өкілеттігі қысқартылады, Парламенттің және жергілікті өкілді органдардың рөлі едәуір күшейтіледі, құқық қорғау саласы жүйелі түрде нығайтылады, Конституциялық сот қайта жаңғыртылады, өлім жазасын түпкілікті жою баянды етіледі және Елбасының мәртебесі туралы ережелер алып тасталады.

Біздің қаламыздың тұрғындары да осы маңызды саяси оқиғаға белсене қатысады. Таңғы жетіден бастап Саран мен Ақтас кентінде сайлау учаскелері өз жұмысын бастады.

# референдум2022

Учаскелік референдум комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2022 жылғы 5 маусым сағат 16.00-дегі жағдай бойынша референдум бюллетендерін тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының   69,10% - ы алды.

Саран қалалық референдум комиссиясы

Учаскелік референдум комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2022 жылғы 5 маусым сағат 14.00-дегі жағдай бойынша референдум бюллетендерін тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының   60,67 % - ы алды.

Саран қалалық референдум комиссиясы

Учаскелік референдум комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2022 жылғы 5 маусым сағат 10.00-дегі жағдай бойынша референдум бюллетендерін тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының   34,58 % - ы алды.

 Саран қалалық референдум комиссиясы

Учаскелік референдум комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2022 жылғы 5 маусым сағат 12.00-дегі жағдай бойынша референдум бюллетендерін тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының  46.04% - ы алды.

Саран қалалық референдум комиссиясы

Естеріңізге сала кетейік, 5 маусымда Қазақстанда ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізілуде. 
Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-ден кешкі 20-ға дейін дауыс беруге ашық болады.