Бүгін: 19.04.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

ДӘРІГЕР, ФЕЛЬДШЕР, ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН САНИТАРЛАР. МАУСЫМ АЙЫНЫҢ ӘР ЖЕКСЕНБІСІ - МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ. БҰЛ ТІЗІМДЕГІ ӘРБІР МАМАННЫҢ ӨЗ ОРНЫ БАР. БІРІ ЖОҚ БОЛСА, НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫС ІСТЕУ МҮМКІН ЕМЕС. ОСЫ АПТАДАҒЫ СӘРСЕНБІНІҢ СӘТІНДЕ ӨЗ МЕЙРАМДАРЫН САРАН ШАҺАРЫНЫҢ ДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МАМАНДАРЫ ДА АТАП ӨТТІ.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Бұл мереке – адам жанын жүрегімен сезінетін денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерінің ерен еңбегі бағаланатын күн. Дәрігер, фельдшер, медбике мамандығы әрқашан біздің қоғамдағы ең асыл және маңызды мамандықтардың бірі болып қала бермек.

 Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың​ профилактикасы, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу мақтасында 2022 жылдың 13-21 маусым күндері аралығында Саран қаласының және Ақтас кентінің аумағында "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ" атты республикалық акция өткізіледі.

Тіл -  халықтың  жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті, ұлттық болмысы. Тіл  - жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.   « Ана тілі – халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихи бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық жағдайда мәңгілік біріктіретін сенімді құрал».

Тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы екені даусыз. Тіл – халықтың жаны, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – тілі мен ата дәстүрі десек артық айтқанымыз емес. XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Махмұд Қашқари «Игі істің басы – тіл. Тәрбие басы –тіл» деп, тілдің қаншалықты құдіретті екенін көрсетеді. Біз үшін үштұғырлы тіл – бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудың алғашқы баспалдағы. Ал бүгінгі нарық заманы жастарымыздың бәсекеге қабілетті, білімді де озық ойлы болуларын талап етеді.

САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАЛАЛАР ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ МАНАС АЛИЕВ «THE PLANET OF ART» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ІРІКТЕУ ТУРЫНАН СҮРІНБЕЙ ӨТІП, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА ӨТЕТІН АҚТЫҚ ГАЛА-КОНЦЕРТКЕ ШАҚЫРТУ АЛДЫ.

               БІР ӨЗІ БІР ҒАСЫРДЫҢ ЖҮГІН АРҚАЛАП, ӨНЕР КЕРУЕНІН ӨРГЕ БАСТАҒАН, ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІНЕ ӨЛШЕУСІЗ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН АЙТУЛЫ ТҰЛҒАЛАРЫМЫЗ АЗ ЕМЕС. СОНЫҢ БІРІ – ШАМҒОН ҚАЖЫҒАЛИЕВ. Бүгін ЕЛІНІҢ АРДАҚТЫСЫ, ХАЛҚЫНЫҢ ҚАДІРЛІСІ БОЛҒАН ШАМҒОН АҒАНЫҢ ТУҒАНЫНА 95 ЖЫЛ ТОЛып отыр. ОСЫ ОРАЙДА, СОҢЫНА ӨШПЕС МҰРА ҚАЛДЫРҒАН, БІРНЕШЕ БУЫН ҰРПАҚҚА ҒИБРАТЫ МОЛ ТӘРБИЕ БЕРГЕН ҰЛЫҚ ҰСТАЗ, АСЫЛ АЗАМАТ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ ТАРҚАТСАҚ ДЕП ШЕШТІК.

ЖЕТПІС ЖЫЛҒА ЖУЫҚ ТАРИХЫ БАР ҺӘМ БҮГІНДЕ ЕҢСЕСІН ТІКТЕП ӨРКЕНДЕП ӨСІП КЕЛЕ ЖАТҚАН КЕНДІ ӨЛКЕ САРАН ШАҺАРЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ТӨҢІРЕГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІЛКІМДІ ІСТЕР ЖЕТЕРЛІК.

САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ НАКОЛОГИЯЛЫҚ МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛМАҚ.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес.