Бүгін: 20.05.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі тұрақты өсіп келеді: 2020 жылы 15,8 млн тоннадан 2024 жылы 17,9 млн тоннаға дейін артты. Бұл өсім — Үкіметтің 2022–2023 жылдары жүзеге асырған мұнай өнімдерін өндіру жүйесін реформалаудың кешенді жоспарының нәтижесі. Реформа Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын, сондай-ақ мұнай өнімдерін тарату және айналым жүйесін қамтыды.

✔️ ҚР Үкіметі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қаржыландырудың жаңа нормативін қабылдады.

Алматыда алғаш рет Дүниежүзілік стоматологтар Федерациясының Еуропалық секциясының Пленарлық отырысы өтті. Форумға 48 елден 110 делегат қатысты. Бұл салалық жиын Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі стоматология саласының даму мәселелерін талқылайтын маңызды алаңға айналды.

2024 жылы Қазақстан сыртқы экономикалық қарым-қатынасы тұрақты өсуіп, дәстүрлі нарықтардағы позициясын нығайтып, минералды ресурстардың сенімді экспорттаушысы мәртебесін сақтап қалды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қытай, Ресей және Италия еліміздің ірі сауда серіктестері болды — дәл осы үш мемлекетке экспорттың да, импорттың да негізгі көлемі тиесілі.

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын жалпы саны 757 техникамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Жұмыс бес кезеңмен жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда алғашқы төрт кезең бойынша 636 техника жеткізуге келісімшарттар жасалды.

Форум - түрлі ел БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Күн тәртібін іске асыру тәжірибесімен және жетістігімен бөлісетін басты халықаралық алаңның бірі.

Қазақстан ТЖМ ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Осының шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды өртке қарсы қорғауды нығайтуға қолдау көрсету бойынша «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы іске асырылуда. Ауыл-біздің қоғамымыздың негізі, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің тұрақты назарында.

📍 Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы — APLO-2025 өз мәресіне жетті. Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты АТА елдерінің дарынды оқушыларын біріктірген беделді зияткерлік жарысқа биыл 500-ге жуық оқушы қатысты.

Бүгін біз жаңа өмірдің бастауында тұратын жандарды — акушерлерді құрметтейміз!

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында 13 мың шақырым жол қамтылады.