Бүгін: 28.03.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақ тілі – қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына, тіл халық тарихы, тіл – ұлттық қазына. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек.

Ислам діні ұлы қазақ даласына келгеніне он екі ғасырдан асты. Он екі ғасыр бойы қазақтар бір мәзһабпен – бір жолмен, бір бағытпен, бір көзқараспен бір Аллаға құлшылық етіп, Исламның бес парызын бұлжытпай орындап келеді. Ертеректе біздің аталарымыз орасан зор мақтаныш сезіммен: «Біз ең ұлық имам – имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабынанбыз!» дейтін.

2023 жылдың 27 қарашасында қазақ тілі және әдебиеті оқытушылары: Байтурсынова Г.М., Рыспаева Г.Ж., кітапханашы Гофман М.А., ұйымдастыруымен  «Саран техникалық колледжі» КММ Әміре Қашаубаевтың 135 жылдық мерей тойына арналған «Ән падишасы – Әміре» атты дөңгелек үстел  өткізілді. Бұл шараға І – ІІ курс студенттері, «Саран техникалық колледжі» КММ директоры Жумадильдин А. М., «Саран техникалық колледжі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Битуова А.М., орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Савицкая Е.П. колледж кітапханашысы Гофман М.А., колледж әдіскері Рыспаева Г.Ж., информатика пәнінің оқытушысы Базарбаева А.К., қатысты.

>Ағымдағы жылдың 24 қарашасында «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу -жаттығулары шеңберінде Саран қаласы эвакуациялық комиссиясының төрағасы, қала әкімнің орынбасары Сағынбек Бейскеевтің және қалалық эвакуациялық комиссия мүшелерінің қатысуымен Саран қаласының қабылдау және құрама эвакуациялық жинау пункттерінің қысқы кезеңге дайындығы тексерілді.

Қайырымдылық – көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Ізгіліктің айнасы болған қайырымдылық адамның асыл қасиеттерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ, адамның айналасындағыларға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынасын білдіретін ерекше құндылық.

Үстіміздегі жылғы қараша айының 23 мен 24 жұлдызы аралығында Саран шаһарында қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою күштерін даярлау мақсатында «Қыс-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

Тіл –  мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір – қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл  –  халықтың жаны, сәні, тұтастай   кескін – келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз – ана тіліміз – қазақ тілі.

Қай қоғамды алып қарасақ та, анадан ардақты, анадан асыл ешкім жоқ. «Сенің анаң – алтын, менің анам – алтын» деп ұдайы аузымызда жүрген, жадымызда жатталған әдепкі әннің сөзімен айтсақ, бәріміздің анамыз алтын екеніне шәк келтіре алмаймыз. Алайда қоғам болған соң әркімнің өзіне лайық қадір-қасиетімен қоса материалдық игіліктермен өлшенетін әлеуметтік мәртебесі де болады.

Соңғы кездері интернет-алаяқтар әлеуметтік желілерде, соның ішінде «OLX», «Kolesa.kz» сайттарында және Telegram, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде белсенді болып, жалған боттар жасау арқылы қолданушылармен хат алмасып, олардың сеніміне кіреді.

Қараша айының 21 жұлдызында Саран қаласының жастар ресурстық орталығы мен  Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жігер» студенттік парламентінің бірлесе ұйымдастыруымен қалалық мәдениет үйінде «Күзгі балл» кеші болып өтті.