Бүгін: 25.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының спортты қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметіне жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілетіндігі туралы хабарлайды.

Құрметті Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындары!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз!

Бұл мереке әрқашан ерекше көңіл-күй сыйлайды, аяқталған істердің жақсы нұрымен, өмір жолының жаңа кезеңінде жетістік пен сәттілік күтудің қызықты сезімімен толтырады.

 Алдағы 2024 жыл сүйікті қаламыз үшін мерейтойлық жыл болатыны белгілі. Өзінің 70 жылдығы қарсаңында Саран қаласында жаңа жұмыс орындарын құру, жаңа өндірістер аша отырып, индустриялық аймақты кеңейту, жүздеген отбасы жаңа үйлерде жайлылық тапты, қаланы абаттандыру, маңызды қоғамдық орындар құру сияқты елеулі өзгерістер болғанын атап өткен жөн.

Біз кішкентайдан үлкенге дейін жерлестеріміздің қала мен елдің қоғамдық өмірінің түрлі салаларындағы табыстары мен жетістіктерін мақтан тұтамыз. Баршаңызға өңіріміздің өміріне белсенді қатысып, қолдау көрсеткендеріңіз, түсіністік білдіргендеріңіз, жасампаз еңбектеріңіз және туған өлкеге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айтамыз.

Өз күшімізге, ынта-жігерімізге, жауапкершілігімізге деген сенімділік барлық болашақ жоспарларды жүзеге асыруға, өмірімізді қызықты, оқиғаға толы және жарқын етуге көмектесетініне сенімдіміз.

Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, амандық тілейміз. Үйлеріңізде әрқашан бейбітшілік пен келісім орнасын! Жаңа жылда барлық жақсы бастамаларыңыз бен жоспарларыңыз сәтті жүзеге асырылсын!

Жаңа жылдарыңызбен!

2023  жылдың желтоқсан айының 25 күнінен бастап 2024 жылдың қаңтар айының 03 күніне дейін Саран қаласы мен Ақтас кентінің аумағында «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Саран қаласының ПБ қызметкерлері Жаңа жыл мерекесі қарсаңында түрлі пиротехникалық заттар мен бұйымдарды пайдалану кезінде абай болуға шақырады.

Вакцинамен алдын алу-жұқпалы аурулардың алдын алудың және олардың таралуынан сақтандырудың жалғыз жолы. Вакцинация жұқпалы аурулардан қорғаудың ең тиімді құралы болып табылады.

Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы-бұл әртүрлі типтегі жұқпалы аурулардың алдын алу, шектеу және жою мақсатында орындалатын іс-шаралар тізімі.

Вакциналардың барлық компоненттері, вакциналардың өздері сияқты, олардың қауіпсіздігін мұқият тексеру және бақылау объектісі болып табылады. Вакциналардың қауіпсіздігі тұрақты бақылау нысаны болып табылады.

Қазақстан Республикасының 28.02.2007 жылғы № 234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-бабына және «Қаржылық есептілік депозитарийін құру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.12.2008 жылғы № 1228 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оған қаржылық есептілікті ұсынатын жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийі құрылды.

Бұл жасына, ұлтына, кәсібіне және саяси қалауына қарамастан барлығын біріктіретін ортақ мерекеміз.  Біз сүйікті қаланы – оның тарихын, заманауи жетістіктерін мақтан тұтамыз, оның үлкен болашағына сенеміз.

Осы күні, 69 жыл бұрын, Саранға қала мәртебесі берілді. Осы жылдар ішінде шағын ауыл экономикалық және зияткерлік әлеуеті дамыған әдемі, жайлы, заманауи қалаға айналды.

Тәуелсіздік – ең  алдымен  қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Биыл мемлекеттіміз өзінің 32 жылдық  Тәуелсіздік тойын атап өтеді. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Көк байрағымыз желбіреп, әлемге танылдық. Ел экономикасы да жылдан – жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде.

5 қарашада Ақтас кентінің №16 жалпы білім беретін мектебінде «Бір шаңырақ астында» атты этнофестивалі өтті.Қазақстанда 130 дан астам ұлттық өкілдері тату-тәтті,бірлікте,бейбітшілікте,тыныштықта өмір сүріп жатыр.Фестивальға ұстаздар ,оқушылар және Ақтас кентінің мәдени- сауық орталығының мүшелері қатысты.

Сіздерді мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «1991 жылғы 16 желтоқсан – төл тарихымыздағы мерейлі белес. Бұл – егемен ел болуды аңсаған ата-баба арманы ақиқатқа айналған ұлы күн. Тәуелсіздік күнінің айрықша мән-мағынасы бар. Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз. Олардың отаншылдық қасиеті – бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге».

Дәстүр мен мәдениетті ұқыпты сақтай отырып, өткен ұрпақтың қол жеткізген жетістіктері мен табыстарын арттыра отырып, қаламыздың тұрғындары күнделікті еңбектерімен елдің жалпы табысына елеулі үлес қосуда.

Құрметті жерлестер! Сіздерге және жақындарыңызға бейбітшілік, жақсылық, бақыт, зор денсаулық пен амандық, еңбекте табыс және тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін!

Тіл – адамзаттың, қоғамның  дамуының  көрсеткіші, адамдық  қарым –  қатынастың  негізгі   құралы.  Адамдар, топтар  мен  олардың  бірлестіктері  арасындағы  өзара  әрекеттің сапалы  негізі,  олардың  жүріс – тұрысын реттеу, қоғам  мен саясаттың жүргізілуін  басқару  құралы.