Бүгін: 18.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Архив  -  ата  -  бабаларымыздың тарихын  ғана  емес,  олардың  арман  тілегін,  ақыл – ойын,  даналығы мен  даралығын, парасаты  мен  үлгі,    өнеге,  өсиеттерін  сақтап  отыратын  шежіре  қоймасы  ғана  емес,  әрбір  ұлт  тарихының  қазынасын сақтайтын  киелі  орын. Тарих  қойнауында  тереңдеп  енген  әрбір  ғасырдың,  әрбір  кезеңнің  өзіндік  маңызы  мен  ерекшеліктері  айқындалатын  айтулы  оқиғалары,  жылнамалары  бар. 

30 МАУСЫМ МЕН 2 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА САРАН ҚАЛАСЫНДА ТАС ЖОЛДАҒЫ ВЕЛОСПОРТТАН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ.

Көпкүндік облыс чемпионатына Велосипед спорты бойынша олимпиадалық резервтің балалар мен жасөспірімдердің облыстық мамандандырылған мектебінің, Саран қаласының балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінің, Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінің 2005 жылы туылған және жоғары жастағы юниорлары, 2006-2007 жылдары туылған, 2008 жылы туылған және одан кіші жастағы ұл-қыздары қатысты.

Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, танып білу, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, денінің саулығын арттыруға жағдай жасау мақсатында оқушылар үшін қала сыртындағы және мектеп жанындағы сауықтыру ұйымдарының жазғы сауықтыру ауысымдары ашылады.

Тіл – адамдық  қарым – қатынастың  негізгі   құралы.  Адамдар, топтар  мен  олардың  бірлестіктері  арасындағы  өзара  әрекеттің сапалы  негізі,  олардың  жүріс – тұрысын реттеу, қоғам  мен саясаттың жүргізілуін  басқару  құралы.  Тіл – адамзаттың, қоғамның  дамуының көрсеткіші.

ҚҰРБАН АЙТ – ОРАЗА АЙТТАН КЕЙІН 70 КҮН ӨТКЕН СОҢ КЕЛЕТІН МЕЙРАМ. ҚҰРБАН – АРАБ ТІЛІНДЕ «ЖАҚЫНДАУ» ДЕГЕНДІ БІЛДІРЕДІ, ЯҒНИ ЖАСАҒАН САУАП ІСТЕР АРҚЫЛЫ АЛЛАҒА ЖАҚЫНДАЙ ТҮСУ. АЛ ШАРИҒАТТАҒЫ ТЕРМИНДІК МАҒЫНАСЫ «ШАРТТАРЫМЕН САНАСА ОТЫРЫП, ҚҰЛШЫЛЫҚ НИЕТІМЕН МАЛ БАУЫЗДАУ» ДЕГЕНГЕ КЕЛЕДІ.

Алдағы келе жатқан барлық мұсылман қауымының мерекесі ҚҰРБАН АЙТ мейрамы шілде айының 9-11 күндері аралығында  өткізіледі. Құрбандық шалу рәсімін өткізуге ниет білдірген қала тұрғындарына құрбандыққа шалынатын жануарларды (малдарды) тек арнайы белгіленген орындарда союға рұқсат етілетінін хабарлаймыз. Құрбандыққа шалынатын малдарды сату, сою Саран қаласы бойынша, Оңтүстік өндірістік аймақ, 014 квартал, 480 ғимарат (г. Сарань, учетный квартал 014, здание 480, южная промзона) мекенжайы бойынша орналасқан «Саран қалалалық ветеринария станциясы» КМК-ның мал сою алаңында жүзеге асырылады.

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАР ДІНИ БАСҚАРМАСЫ ЖАРИЯЛАҒАН КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС 2022 ЖЫЛЫ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ 9-11 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА ЖАЛҒАСАДЫ.

Үш күнге созылатын мейрам жыл сайын хижра - мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының оныншы жұлдызында (Арафа күнінен кейін) және Ораза айт мейрамынан 70 күн өткеннен кейін басталады. Құрбан Айтта мұсылман жұрты құрбандыққа мал сойып, думанды мейрам жасап, үлкен-кіші арасында үгiт-насихат, өсиеттер айтып, бір-біріне құрмет көрсетеді.

Баршаларыңызды қуаныш-шаттыққа бөлейтін, құт-берекелі, мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айтқа аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын!

Жас мұраты, білім, тәлім-талабы...       

Өнер, оқу-жастың қару-жарағы

І.Жансүгіров

ЖҮРЕГІ ДАРХАН, ҚОНАҒЫНА ЕСІГІ ӘРДАЙЫМ АЙҚАРА АШЫҚ ТҰРАТЫН АЙҒАЗИНОВТАР ЖАНҰЯСЫ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНАН ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ.