- 529
КҮНІ КЕШЕ ҒАНА АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ САРАН ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕ КЕҢЕС ӘСКЕРЛЕРІНІҢ АУҒАНСТАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 33 ЖЫЛ ТОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КОЛЛЕДЖ ҰСТАЗДАРЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА 3Х3 БАСКЕТБОЛДАН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
- 551
САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТАР ОРЫН АЛМАҒАН. БҰЛ ТУРАЛЫ ӨТКЕН АПТАДА ҚАЛА ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ИНСТАГРАМ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІНДЕГІ ЖЕКЕ ПАРАҚШАСЫНДА ӨТКЕН ТІКЕЛЕЙ ЭФИР БАРЫСЫНДА АЙТЫЛДЫ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызметтің қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.
- 544
САРАН ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚАЙЫРБЕК ОМАРОВ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ САРАН ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ.
4 ақпан күні Саран қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Қайырбек Омаров Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжге барып, «Развитие избирательной системы Республики Казахстан» атты тақырып аясында студенттерге лекция оқып, сұрақ-жауап алып, пікір алмасты.
- 571
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ МАТЕМАТИКАДАН ЖАРЫСЫП, САНДАРДЫ СӨЙЛЕТТІ.
Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте биыл төрт бірінші сынып бар. 2021-2022 оқу жылында білім орданың табалдырығын алғаш рет 106 оқушы аттап, бүгінде санау мен оқуды, қосу мен азайтуды меңгеріп, түрлі мектепішілік жарыстарға, шараларға қатысып та жүр. Таяуда білім қабырғасында бастауыш сыныптар арасында облыстық «Математика айналамызда» атты математикалық сауаттылық апталығының жоспары бойынша «Қызықты санамақтар» тақырыбында 1-сыныптар арасында сайыс ұйымдастырылды.
- 665
БИЫЛ ТАЛАЙ ДАРЫНДЫ ТҮЛЕКТЕРДІ ТҮЛЕТІП ҰШЫРҒАН, МЫҢДАҒАН ШӘКІРТТЕРДІҢ ЗЕЙІНІН АШЫП, ҮЛКЕН ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА БЕРГЕН КИЕЛІ БІЛІМ ОРДАСЫНА - 60 ЖЫЛ.
2022 жыл № 1 мектеп-лицейіне ерекше ыстық. Себебі биыл білім ордасы өзінің алпыс жылдық мерейтойын атап өтпек.
Мектептің алғашқы іргетасы 1962 жылы қаланды. Сол жылдан бері бірталай өзгерістер орын алды. 1961-1966 жылдар аралығында мектеп директоры Макаров Николай Михайлович болса, 1966-1976 жылдары Курьянов Михаил Степанович директордың қызметін атқарды.
- 526
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір-екі күн бұрын XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжіңге жұмыс сапарымен барып келді. Бұл – Мемлекет басшысының биылғы шетелге жасаған бірінші сапары. Осы жаһандық спорт додасы Қытайдың ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесімен тұспа-тұс келді. Мұның символдық мәні зор. Қытай халқы Барыс жылын үлкен қошеметпен қарсы алды.
Қазақстан Президентімен қатар Қытай астанасына 30-дан астам мемлекеттің басшылары мен үкімет жетекшілері, корольдер отбасыларының мүшелері мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері келді.
- 592
Қ.ТОҚАЕВ: АЗАМАТТАРЫМЫЗДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БҰЗЫЛМАЙДЫ
– Қасым-Жомарт Кемелұлы, уақыт бөліп, қазақстандық БАҚ өкілі ретінде маған сұхбат беруге келіскеніңіз үшін Сізге көп рахмет. Өйткені, мен Ақордаға сирек келетін, арнайы пулдың құрамына кірмейтін журналистпін. Соған қарамастан, осындай мүмкіндікке ие болып отырмын. Бұл үшін алғысым шексіз....
– Шын мәнінде, кейінгі кезде сұхбат алу жөнінде маған отандық және шетелдік телекомпаниялардан көп өтініштер түсіп жатыр. Олардың бәрінен бас тарттым. Тек «Хабар» телеарнасына, соның ішінде президенттік пулға кірмесеңіз де, Сізге ғана мүмкіндік беріп отырмын. Кәсіби мамансыз. Бүгін өте тұшымды әңгіме болады деп сенемін.
- 1383
ҚҰТҚАРУШЫ НЕМЕСЕ ӨРТ СӨНДІРУШІ БОЛУДЫ АРМАНДАЙСЫЗ БА? ОНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТЖМ М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫ СІЗДІ ҚҰШАҚ ЖАЯ ҚАРСЫ АЛУҒА ДАЙЫН.
Бұл туралы Көкшетау қаласындағы М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының Өрттің алдын алу кафедрасының бастығы, азаматтық қорғаныс подполковнигі, аталған оқу орнындағы қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Макишев Жандос Қуандықұлы инстаграм желісінде өткен тікелей эфир барысында мәлімдеді.
- 610
БИЫЛ АҚТАС КЕНТІНДЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН БАСТАУ ЖОСПАРЛАНУДА. БҰЛ ЖАЙЛЫ САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ РИНАТ ТЛЕУБЕКОВ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ МӘЛІМ ЕТТІ
26 қаңтар күні «Adal komek» жобасы аясында Саран қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ринат Тлеубеков Саран қаласының әкімдігінің инстаграм әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығып, халықтың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді.
- 585
ҚЫЗЫЛ АЙМАҚҚА ЕНГЕН САРАН ШАҺАРЫНДА МОБИЛЬДІ ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ. ҚАЗІРГІ ТАҢДА ШАҺАР БОЙЫНША 9 МОБИЛДІ ТОП ЖҰМЫС АТҚАРУДА. ОЛАР АДАМДАР КӨП ШОҒЫРЛАНАТЫН ЖЕРЛЕРДЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ.
Батыр Бауыржан атамыздың «Тәртіпке бағынған құл болмайды»,-деген сөзін санамыз әлі өз деңгейінде салмақтай алмай тұрғандай. Әсіресе, қазіргідей қарбалас кезіндегі белгіленген тәртіптің үтір-нүктесіне дейін ұғынықты болуы тұрғындар арасында әлі де мардымсыз.