- 2442
Тәңірі тарту еткен тәуелсіздіктің тұғырына қонғанына келер жылы 30 жыл толады. Бұл орда бұзар шақ. Тумасынан ауыздықпен алпарысқан текті халық тағдыр тосқан тосын сыйды тосырқамай қабылдап, лайықты межені бағындырған болатын.
Кеше ғана қадамын енді басқан, шаңырағын көтерген мемлекетке бүгінгі күні әлемнің азулы елдері таңырқай қарайтын уақыт жетті. Бұлда тұтас ұлттың бірлігі мен шыдамдылығының арқасы.
- 1200
Транзиттік машиналар енді Қарағандыдағы орталық көшенің жолдарын тоздырмайды. Облыс орталығында Солтүстік-Шығыс айналма жолы ресми түрде ашылды. Осындай деңгейдегі заманауи айналма жол қаланың негізі қаланғаннан бері алғаш рет пайда болды.
Жаңа жол Қарағандыны айналып өтіп, қаланы транзиттік автомобильдер мен үлкен жүк көліктерден босатуға мүмкіндік береді. Орталық арқылы күніне 22 мыңға жуық көлік өтеді.
- 1055
Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында сөйлеген сөзінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дәрі-дәрмектердің алдын ала тапшылығы туралы жалған ақпараттың таралуы халықтың дәрі-дәрмектерді дәріханаларда жаппай сатып алуына себеп болғанын айтты.
- 1075
Өкпенің компьютерлік томографиясына ұзақ-сонар кезектің себебін түсіндірген Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ел бойынша жұмыс істейтін 135 томограф барын айтты.
- 998
Қазақстанда COVID-19 таралуы күн сайын өсуде. 30 маусымда республика бойынша 40 мыңға жуық жұқтырылған адам тіркелді, өлім-жітім жағдайлары да бар. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.
- 1003
Бүгінгі күні нарықта COVID-ға бірнеше диагностикалық тест бар. Оның ішінде отандық өндірушілерден. Үкімет 1,2 млн тест сатып алуға миллиардқа жуық теңге бөлді, бұл қор үнемі қолдау табады және тестілер жақын арада түседі. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.
- 973
Карантиндік шаралар жеңілдетілгенімен, Қарағанды облысында санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуы қатаң бақылауда. Облыстың барлық елді мекендерінде дезинфекциялық жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктердегі алдын алу, бақылау шаралары да күшейтіле түсті. Ірі сауда орындары мен мекемелердің де санитарлық талаптарға жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздікті күшейткені де анық байқалады.
- 1033
Қарағандыда аулаларды абаттандыру, үйлердің қасбеттері мен шатырларын, кіреберіс жолдар мен орамішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс көлемінің арқасында жергілікті құрылыс материалдары да сұранысқа ие. Өңіріміздің мердігерлері мен өндірушілері толық көлемде жұмыс істейді.
Биыл Қарағандыны абаттандыруға 9,6 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржыға "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында 421 аула, 46 орамішілік жолдар жөнделеді, 119 жаяу жүргіншілер жолдарына фальдар салынады және 269 балалар мен спорт алаңдары орнатылады. Сондай-ақ, бюджет есебінен 212 көпқабатты үйдің қасбеттері мен шатырлары ретке келтіріледі.
- 1083
Қарағандыда Балаларды қорғау күні сал ауруымен ауыратын науқастарды оңалту орталығы ашылды. Мұнда жылына бір жарым мыңға жуық жас пациент тегін көмек ала алады. Жаңа медициналық мекемені жұмыс сапары барысында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аралап қайтты.
- 977
Азаматтардың мемлекеттік қызметке орналасу үдерісін жеңілдету үшін және конкурстарды барынша ашық өткізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен «Мемлекеттік қызметке орналасу ережелеріне» бірқатар өзгерістер енгізілді.
Біріншіден, қолданыстағы ережелер бойынша үміткерлер байқауларға қажеттілік бойынша үйден шықпай-ақ қатыса алады. Ол үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы тапсыруға мүмкіндік берілді, яғни бұрын талап етілгендей, мемлекеттік органға құжаттардың қағаз нұсқаларын әкелу қажеттілігі жойылды.