- 943
Саран қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 42/01 қаулысына сәйкес сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлардың және үгіттік баспа материалдарын, атап айтқанда Ақтас кенті әкіміне кандидаттарды орналастыру орындарының тізбесі анықталды.
Осы қаулыға сәйкес Ақтас кентіндегі сайлаушылардың кездесуіне арналған үй-жайы болып «Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығы» КМҚК кіші залы анықталды (Ақтас кенті, Кржижановский көшесі, үй 16-а, телефон: 55061, 55044).
Ақтас кентінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін Первомайская көшесі, 16 үйдегі дүкеннің алаңы айқындалды.
К. Омаров,
қалалық сайлау комиссиясының төрағасы
- 950
Қарағанды облысында 2021 жылдың 25 шілдесіне ауылдық округтер, ауылдар мен кенттер әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
Ағымдағы жылдың шілде айында алғашқы тікелей сайлауда 75 ауыл әкімін сайлау жоспарлануда.
Сайлау 134 мыңнан астам адам тұратын 149 елді мекенде өтеді, олардың 81 мыңнан астамы – сайлаушылар.
- 1205
САРАН ШАҺАРЫ МЕН АҚТАС КЕНТІНДЕ СЕГІЗ ҚЫРЛЫ – БІР СЫРЛЫ, ӨНЕГЕЛІ ЖАНҰЯЛАР БАРШЫЛЫҚ. ОЛАРДЫҢ БІРІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕСЕ, ЕНДІ БІРІ ЖАНҰЯСЫМЕН ӘНГЕ, БИГЕ, ӨНЕРГЕ ЖАҚЫН БОЛАДЫ. КЕЙБІРЛЕРІ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАП, СПОРТПЕН ӘУЕСТЕНЕДІ. БҰЛ ОТБАСЫЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ДА ҚАРАПАЙЫМ ЖАНДАР, ҚАЛАНЫҢ ЖАҢАШЫРЛАРЫ, ЕЛІМІЗДІҢ ПАТРИОТТАРЫ. ОСЫНДАЙ БЕРЕЛІ, КӨПКЕ ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚТАЙ ЖАНҰЯЛАР ӨТЕ КӨП. СОЛАРДЫҢ БІРІ – 2019 ЖЫЛЫ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСҚАН ГУРЕЕВТЕР ЖАНҰЯСЫ.
- 1423
Елбасының «Үш тұғырлы тіл» жобасы ел болашағын баянды ету. Осы жобаны түсіндіруде және іске асыруда түрлі көзқарастарға жол беріп жатамыз. Олай болса, «Үш тұғырлы тіл» — қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар қойып, жарыстыру емес. Керісінше, бұл әр тілді өзіне лайықты орнымен қажетіне қарай пайдалану деген сөз.
Мұнда мемлекеттік тілдің орны тіпті бөлек. Оған ешкімнің таласы жоқ. Үш тұғырлы тілді желеу етіп, мемлекеттік тілді ығыстыру мүлде дұрыс емес»-деуінің өзі де ұлтқа деген жанашырлық деп білемін.
- 1069
Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз!
Балалар – бұл әр ересек адамның өмірін шынайы қуаныш пен жылулыққа толтыратын үлкен бақыт, мол қуаныш. Бала – адамның бауыр еті. Әрбір ата-ана өз баласын жарық дүниеге әкелген сәттен бастап оған барлық жүрек жылуын, ата- ана қамқорлығын сыйлап, болашақта сол баланың өмірде өз орнын тауып, қалыптасуына ықпал етеді. Боламын деген баланың бетінен қақпай, белінен буатын дана халқымыз ұрпағына тағлымды тәрбие беріп, кішіпейілділікке баулып өсірген.
- 1147

24 МАУСЫМ КҮНІ САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ МЕН ҚАЛАЛЫҚ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ БІРІГІП «ІС ҚАҒАЗДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ВЕДОМСТВОЛЫҚ АРХИВТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТКІЗДІ.
- 1142
САРАН – ҚАРАҒАНДЫНЫҢ СЕРІКТЕС ҚАЛАСЫ. ШАҒЫН ШАҺАР БОЛҒАНЫМЕН, ӨЗІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ, ӨЗІНДІК КЕЛБЕТІ БАР. ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАС ҚАЛАСЫНА ІРГЕЛЕС ЖАТҚАН ШАҺАРДЫҢ ДАМЫП-КӨРКЕЮІНДЕ ІЛГЕРІЛЕУ БАЙҚАЛАДЫ. ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХЫНДАҒЫ 30 ЖЫЛДА КЕНДІ ӨЛКЕНІҢ ЭКОНОМИКАСЫ ӨРКЕНДЕП, ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛЕУЕТІ АРТЫП, КЕЛБЕТІ КЕЛІСТІ ШЫРАЙЛЫ ШАҺАРҒА АЙНАЛДЫ.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛЕУЕТ
Әлемді әбігерге салған пандемияның салдары 2020 жылы қаланың экономикалық көрсеткіштеріне әсер етпей қоймады. Десекте, шаһар тұрғындарының қысылтаяң сәтте «бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығарып», белсене алсалысуының және экономика секторларының үйлесімді жұмыс жасауының арқасында Саран қаласы мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді орындай отырып, Қарағанды өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуда.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім 44,0 млрд.теңгені құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 100,3%-ды құрайды.
Құрылыс жұмыстары 6,8 млрд. теңгеден астам сомаға орындалды, бұл өткен жылдың деңгейінен 2,2 есе артық.
- 1085
Коронавирус пайда болған кезде осы індетпен ауырып, бойында антиденелер пайда болған адамдардың қан плазмасын коронавирустың ауыр түрімен ауырып жатқан науқастарды емдеу үшін пайдалану мәселесі көтерілген болатын. Қазіргі кезде бұл процес жүргізіліп жатыр ма және нәтижесі қандай? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында тілшілер осындай сұрақ қойды. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, бұл жұмыстар медициналық ұйымдарда жүргізілуде. Ол медициналық көрсеткіштер бойынша кейбір пациенттерге ғана қолданылады.
- 1031
Қазақстанда 1 ақпанда коронавирустан жаппай иммундау басталды. Ресейлік Н.Ф.Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы әзірлеген Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасы қолданылуда. Кеше ғана әлемдегі жетекші медициналық ғылыми журналдардың бірі – Lancet (Ұлыбритания) SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтыруға қарсы вакцинаның тиімділігі 91,6%-ды құрағанын хабарлады. Сонымен қатар, «Спутниктен» кейінгі иммунитет, кем дегенде, екі жыл сақталуы мүмкін екендігі дәлелденді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов осындай мәліметтерді келтірді.
- 1157
Халықты иммундаумен қамту үшін Қазақстанда вакциналар мен ресурстар жеткілікті ме? Сәуір айында дәрігерлер, полицейлер, мұғалімдер және студенттерден кейін науқанды кезең-кезеңмен жүзеге асыруға сәйкес, қарапайым азаматтарға вакцинация жасалады. Алдыңғы шептегі қызметкерлерге екпе салу сәтті жүргізілсе, ерікті негізде вирустан тегін «қорғанысты» пайдаланғысы келетін адамдар көп болады. Мысалы, 2 миллион адам. Ведомство қандай шаралар қабылдайды?





