- 577

13 наурыз күні қалалық мәдениет үйінің екінші қабатындағы фойесінде Саран қаласының әкімі Еркін Баулыков тұрғындармен кездесіп, оларды толғандырған мәселелеріне толық жауап берді.
Қала әкімі тұрақты түрде тұрғындармен кездесіп тұрады. Осы жолы да өзекті мәселелердің бірі – жылыту жүйесіне байланысты бірқатар сұрақтар қойылды. Одан бөлек тұрғын-үй, электр желісі, кәсіпкерлік пен мәдениетке қатысты мәселелер қарастырылды.
- 600
Қазақстан халқы Ассамблеясы-Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган, оның міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ету болып табылады.
- 576
Таяуда Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Біржан Әлімжанов жұмыс сапарымен Саран қаласына келді.
Іссапар барысында «QazTehna» автобустар, электробустар және арнайы техника шығаратын зауыт пен тұрмыстық техника өндіретін «Silk road electronics» зауытын аралап, 2021-2023 жылдар аралығында облыс әкімінің грантын ұтып алған «Unicum» коррекция кабинетінің иесі Анара Гизатулинамен, «Bon Bon Cinnabon» кондитерлік дүкеннің иесі Крестина Шаравинамен және «Мясо булках» кафесінің иесі Кан Семенмен кездесіп, жұмыс орындарымен танысты.
- 565

Саран қаласында Наурыз мерекесіне орай «Бір ел, бір халық, бір тағдыр» атты челлендж бастау алды.
Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп игі бастаманы қолға алып отыр. Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында бірінші рет «Бір ел, бір халық, бір тағдыр» тақырыбындағы челленджді бастап берді. Оның басты мақсаты - барлық халықты, ұлт өкілдерін ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа, бірлікке шақыру, ұлттар арасындағы достық қарым-қатынасты арттыра отырып, құрметпен қарау.
- 591

Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады.
А.Құнанбайұлы
Ұстаз - біз мектеп табалдырығын аттағаннан бастап бізді қолдап, әрқашан демеп, өміріміздің келесі кезеңінің жол көрсетушісі рөлін атқарады. Қолымызға алғаш қалам ұстатып, кітап оқуды сонымен қатар қоғамдық орта этикетін, өз-өзімізді халық арасында ұстауды да үйретеді. 11 жыл ішінде екінші анамызға айналып, жүрегімізден орын табады.
- 562

Саран қаласының жас футболшылары халықаралық турнирлерде озық ойын көрсетіп, жүлдегерлердің қатарынан көрініп жүр.
Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінде футбол бөлімінің аға жаттықтырушысы Елжас Айдарбековтің қаламыздың жасөспірімдерін футболдан жаттықтырып жүргеніне 9 жыл боп қалды.
- 576

Ақтаста Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды.
«Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған» атты мерекелік концерт әйелдердің қоғамдағы айрықша орнын, отбасындағы маңызын және барлық салалардағы белсенді қызметін жан-жақты айғақтайтын тақырыптарды арқау еткен мағыналы мәнімен ерекшеленді.
- 792
Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын көңілден құттықтаймыз!
Көктемнің шуақты сәті аналарымыз бен аруларымыздың мейрамынан бастау алады. Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы күн жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді. Сіздердің арқаларыңызда біз жан-жақты қолдауды, әке болудың қуанышын сезінеміз. Адами қарым-қатынастың құндылығын толық түсініп, туған жерге деген сүйіспеншілігімізді қасиетті түрде сақтаймыз.
- 645

Саран қаласында көптің ыстық ықыласына бөленіп жүрген пошташы күннің ыстығы мен үскірік аязына қарамастан хат-хабарларды, газет-журналдарды, жедел хаттарды иелеріне табыстап, бір күнде ең аз дегенде 30 шақырым жолды жаяу жүріп өтеді.
«Пошта» деген сөзді естіген адам баласы ең алдымен газет-журналға лық толы көк сөмкесін арқалап алған пошташыны көз алдына елестетеді. Сырт көзге жеңіл болып көрінетін мамандықтың сіз бен біз біле бермейтін қызығы мен шыжығы мол. Себебі пошташы өз учаскесінің көзі, құлағы һәм хабаршысы. Таңның атысынан бастап әр үйдің ауласын көріп, есен-саулығын білетін де осы жандар.
- 626

Ұрпақ тәрбиесі – болашақ кепілі. Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер». Қаламызда осы өнерді бар жан-тәнімен үйренген, өз жұмысын сүйіп істейтін мамандар көп. Сондай ардақты жандардың бірі – Зияда Мунирқызы.





