Бүгін: 23.12.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА САРАН ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЕЛ КӨЛЕМІНДЕГІ «ТАБИҒАТТА ҚОҚЫС ЖОҚ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АКЦИЯСЫН ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН. ТАЗА ӘЛЕМ» АТТЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШАРАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ.

«Егер де біз қазақ деген  ұлт болуды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай  тіліміздің де сақталу  қамын  қатар  ойлау  керек»

Ахмет  Байтұрсынұлы

Қазақ тілінің қоғамның әр саласында қолданылу аясын кеңейту, ақпараттық кеңістікте мемлекеттік тілдің әлеуметтік мәртебесін арттыру, қазақша контенттер қатарын көбейтуге атсалысу, отбасында мәдени мұраны сақтау және насихаттау, қазақ халқының ұлттық құндылықтарының сақталуын дәріптеу мақсатында ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап облыс аумағында «Тіл – қазына» жобасы қолға алынды. Жоба аясында облыс аумағындағы іс-шаралар 3 бағытта жүргізілуде:

СТУДЕНТТІК ӨМІР! ӨМІРДІҢ ЕҢ КЕРЕМЕТ, ЕҢ ШУАҚТЫ СӘТІ ЕМЕС ПЕ?! ӘР АДАМНЫҢ ЖАДЫНДА ЕРЕКШЕ ЕСТЕЛІКТЕРМЕН ЖАТТАЛЫП ҚАЛҒАН СТУДЕНТТІК ӨМІР ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ. НЕГЕ ЕКЕНІН МАҚАЛАНЫ ОҚУ БАРЫСЫНДА БІЛЕ ЖАТАРСЫЗДАР, БРАҚ ДӘЛ СОЛ КҮНІ СТУДЕНТ КЕЗІМДЕ БІРГЕ ОҚЫП, ӨМІРДІҢ ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ СӘТТЕРІН БІРГЕ БӨЛІСКЕН ГРУППАЛАС ДОСТАРЫМДЫ ОЙЛАУМЕН БОЛДЫМ. БӘЛКІМ, СОЛ ҚЫЗЫҚТЫ ЖЫЛДАРЫМДЫ САҒЫНҒАН БОЛАРМЫН…

17 қазанда Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Жигули Дайрабаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеді. Оны «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұсынған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов атап өткендей, Жигули Дайрабаев ұсынған құжаттардың барлығы сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес келеді.

Оның ішінде Қазақстан Республикасының ОСК кандидат пен оның зайыбының мүлкі мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасын, сондай-ақ Жигули Дайрабаевтың президенттікке кандидат ретінде тіркеуге тұруға кедергі келтіретін ауруларының жоқтығы туралы анықтамасын табыс етті. Өкілетті тұлғалар кандидатты қолдап қол жинады.

Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты қолдайтын уәкілетті тұлғалар еліміздің барлық 20 өңірінде 125 081 азаматтың қолын жинады. 122 246 қол тексерілді, оның 119 975-і шынайы деп танылды. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов

Бұған дейін үміткер лингвистикалық комиссияның емтиханынан өтіп, мемлекеттік тілді меңгергенін растаған болатын.

 
 
Осылайша, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты тіркеуге қажетті барлық рәсімдер сақталды. Орталық сайлау комиссиясы Жигули Дайрабаевты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров

Үміткерге сертификат берілді.

Бұған дейін ОСК Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мейрам Қажыкендіні тіркеген болатын.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.

12 ҚАЗАНДА «ДОСТЫҚ ҮЙІ» БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАСТАРДЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТӘРБИЕЛЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ КЕРУЕНІ ӨТТІ. РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРАНЫ САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ.

БҰЛ АЙТУЛЫ МЕРЕКЕНІҢ ТАРИХЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХЫМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТЫ. ОЛАЙ ДЕЙТІНМІЗ, 1992 ЖЫЛДЫҢ 18 ҚАЗАНЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН «БҮКІЛ ӘЛЕМДІК РУХАНИ КЕЛІСІМ КОНГРЕСІНЕ» ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАУЫМЕН, АТАЛМЫШ КҮН – «РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ» БОЛЫП ЖАРИЯЛАНҒАН ЕДІ.

МАМАНДЫҚТЫҢ ЖАМАНЫ ЖОҚ. ӘРКІМ ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ БОЛА БІЛСЕ, АБАЙ АЙТҚАНДАЙ, ӨМІРГЕ КЕТІГІН ТАУЫП ҚАЛАНАТЫНЫ КӘМІЛ.

Өткен аптада Саран қаласының Мәдениетүйінде қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Шебердің қолы ортақ» атты дәстүрлі аймақтық жұмысшы мамандықтар фестивалі өтті. Атамыш фестиваль биыл осымен тоғызыншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Ондағы мақсат аспаз, дәнекерлеуші сынды қарапайым жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру.

19 ҚАЗАН – ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ. 1995 ЖЫЛЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН ҚҰРЫЛҒАН АРНАЙЫ ҚЫЗМЕТ КҮНІ БҮГІНГЕ ДЕЙІН ХАЛЫҚҚА ҚАЛТҚЫСЫЗ ЕҢБЕК ЕТІП КЕЛЕДІ.

Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін елімізде кәсіби апаттық-құтқару қызметі болмаған еді. Адамдарды, қоғамды апаттық жағдайдан құтқару жұмыстарын көбіне қоғамдық ұйымдар, құтқару бекеттері атқарып келді. Бұл қызметтің бір бөлігі милицияға жүктелді.