- 907
Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.
- 564
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
Былтырғы жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты қызмет алушылардан 60-тан астам өтініш келіп түскен.
- 700
Қазақ халқының ұлттық және рухани құдылықтар турасындағы танымы мен сенімі ерекше. Ұлттық құндылықтарды қадірлеп, қастерлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізсе, діннің адам мен қоғам арасын жалғастырушы, жарастырушы және үйлестіруші қасиетін жете түсініп, оны жан мен тән тазалығын сақтайтын, парасат тағылымдарын демеуші, адамға үлгі-өнеге беретін, пейілге мейірім ұялататын рухани күш ретінде бағалаған.
Ұлттық құндылықтар – олардың тарихи өзіндік ерекшелігі Отан, тіл, тарих, өнер, әдебиет және тағы басқалар сияқты көрініс тапқан қандай да бір этностық қауымдастық өкілдерінің рухани идеалдарының жиынтығы.
Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп.
Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Иман-қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым.
- 567

Қалалық Аналар кеңесі мектеп педагогтері мен оқушыларымен кездесіп, мазмұнды шараның өтуіне атсалысты.
Саран қаласының Аналар кеңесі әрдайым жас буын өкілдеріне тәлім-тәрбиені, әдеп-ғұрып пен салт-дәстүрді насихаттап келеді. Жыл сайын шырайлы жүздесулер мен тағылымды кездесулерді өткізуді әдетке айналдырған.
- 702
Сауатты жарнама – тіл тазалығының белгісі. ҚР Тіл туралы заңына сәйкес, қаламыздағы маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде, қажет болған жағдайда орыс тiлiнде немесе басқа да тiлдерде жазылады.
- 597
Биыл Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледждің қабырғасында ашылған «Сырласу» клубы өз ісін жандандыра түсті.
8 ақпан күні талай әдемі кештер, жарқын жүздесулер мен шырайлы дидарласуларды ұйымдастырған «Сырласу» клубына Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледждің 2009 жылғы түлегі, «Нұрсана» балаларды дамыту орталығының негізін қалаушысы Назым Ерланқызы Аканова шақырылып, қадірменді қонағы болды.
- 600

Саран жастары «Маусымашар 2024» республикалық фестивалінде табысты өнер көрсетті.
Ел ордасы Астана қаласында 4-12 ақпан аралығында «Маусымашар 2024» республикалық фестивалі өтті. Жарысқа жан-жақтан командалар келіп, қоғамда көрініс тапқан оқиғалар мен түйіткілді мәселелерді астарлы әзіл-қалжыңмен жеткізуге тырысқан. Сақадай сай дайындалған топтардың қатарында Саран қаласының намысын қорғаған «Саран құрамасы» да болды. Әзілқойлар мен тапқырлардың басын қосқан республикалық фестивальде жерлестеріміздің жұлдызы оңынан туып, аймақтық лигаға жолдама ұтып алды.
- 639

15 ақпан күні Саран қаласында Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай жауынгер-интернационалистерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер еске алынды.
- 928
«Секуляризм» сөзі «дін және мемлекет істерін бір-бірінен бөлек ұстау» деген мағына береді. Бұл сөз латын тіліндегі «заман» мағынасындағы «saeculum» сөзінен шыққан. Орта ғасырларда секулярлық ұғымы шіркеу қызметкерлерінің монастірлік өмірдегі қызметінен кетіп, зайырлы өмірдегі діни қызметті атқарумен байланыста қолданылды.
- 1025
Қазақстанда қоғамның экономикалық және әлеуметтік жаңғыртулардың аса маңызды көріністерінің бірі тіл саласындағы саясат болып табылады. Қазіргі көптілділік және мультимәдениет заманында тілдердің түйісуі, қоғамды жұмылдыру жөнінде тілдер саласында тиімді және өміршең бағдарламаларды іздеп табу аса маңызды да күрделі мәселе.





