ҚЫРАНДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН
- 694
ЖЫЛ САЙЫН ҚАЛАМЫЗДА ТАБЫСТЫ ҒЫЛЫМИ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ, КӘСІБИ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН ҚАЛАНЫҢ 14 ПЕН 29 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАС ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚАЛА ӘКІМІНІҢ «ҚЫРАН» ДӘСТҮРЛІ СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛЫП КЕЛЕДІ. АЙТУЛЫ ШАРА ОСЫ ЖЫЛЫ ДА ЖАЛҒАСЫН ТАУЫП, МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ СЫЙЛЫҚТЫ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ.
БІР ҚОЛЫМЕН БЕСІКТІ ТЕРБЕТСЕ, БІР ҚОЛЫМЕН КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТКЕН
- 823
КӨПБАЛАЛЫ АНА «ЕҢБЕК» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ БОЙЫНША КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІН ОҚЫП, НӘТИЖЕСІНДЕ МЕМЛЕКЕТТЕН ГРАНТ АЛЫП ӨЗІНІҢ АРМАН ЕТКЕН БИЗНЕС ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРДЫ.
Қазақ халқының қолөнерінің бір саласы – киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері сән үлгіден шыққан емес. Оның даму тарихы еліміздің мәдениетімен, ұлттық салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Әрбір халық үшін өзінің болмыс-бітімін айқындайтын ұлттық киімдерін ұлықтау, оның өзіндік ерекшелігін сақтау, дұрыс киіну әдебін білу маңызды. Ер адамдардың тақиялары, шапандары, нәзік жандылардың көйлектері, үкісі бар сәукелелерінің барлығы әрдайым сұранысқа ие.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР БАҚ СЫНАСТЫ
- 684
САРАН ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, ӨЗАРА МЫҚТЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ.
ҚЫС ҚАҺАРЫНА ҚАНШАЛЫҚТЫ ДАЙЫН?
- 723
ҚЫС ҚАҺАРЫНА МІНІП, ДАУЫЛДЫ КҮНДЕР ЖАҚЫНДАП ҚАЛДЫ. СОЛ СЕБЕПТІ ДЕ КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БІРІ – ЖЫЛУ. ҚЫЛЫШЫН СҮЙРЕТІП КЕЛЕТІН ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗДАН БАСТАП ОЙЛАП, ЕРТЕ ҚАМДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР. ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ӘЗІРЛІК ЕРТЕ БАСТАЛҒАНЫМЕН, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕР ОРЫН АЛУЫ ӘБДЕН МҮМКІН.
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ
- 691
30 ҚАРАША КҮНІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ АРНАП ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ.
Айтулы күнге арналған шарада «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Саран қалалық филиалының төрайымы Жұмабике Токушева барлық қатысушыларды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтай отырып, әрбір Қазақстан азаматына мол табыс, зор денсаулық пен бақ-дәулет тіледі.
ҚЫЗ БАЛАНЫҢ ТӘРБИЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
- 758
29 ҚАРАШАН КҮНІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ АНАЛАР КЕҢЕСІ «ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ.
Кездесу қалалық мәдениет үйі «Жас Отау» этномәдени қоғамдық бірлестігінде емін-еркін форматта, сұхбат түрінде өтті. Шараны басынан аяғына дейін Аналар кеңесінің төрайымы, ұстаздық жолында аянбай тер төккен, көпке сыйлы Гүлжан Жүсіпбекова жүргізді. Ол өз сөзінде: «Ата-бабаларымыз қыз баласына ерекше көңіл бөліп, тәрбиесіне мән бергендігін» айтты.
ОҚУШЫЛАР «ЖАС ҚЫРАН» ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛДЫ
- 701
АКТАС КЕНТІНДЕ 18 ОҚУШЫСЫ «ЖАС ҚЫРАН» ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ. АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ АҚТАС КЕНТІНІҢ МӘДЕНИ-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ӨТТІ. ШАРА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
Қазақстан жас азаматтарының басын біріктіретін «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қазіргі таңда республикалық қоғамдық бірлестігі. Елбасымыздың бастауымен құрылған болатын. Бұл ұйым Отанды шексіз сүйетін, білімге құштар дәстүрді, ұлттық және адамгершілік, рухани құндылықтарды бойына сіңірген, рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Спорт в жизни трудящихся!
- 663
9 коллективов угольного департамента АО «АрселорМиттал Темиртау» выступили на 24-ой спартакиаде трудящихся. Финальные соревнования проходили с 20 по 28 ноября в спортивной детско-юношеской школе олимпийского резерва города Сарани. Шахтеры соревновались в четырех видах спорта - плавании, баскетболе, стритболе и волейболе.
Несмотря на проблемы и сложности, с которыми казахстанцы столкнулись из-за пандемии коронавируса, спорт живет и развивается.
САРАН ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
- 667
СҮЙІНШІ! САРАН ҚҰРАМАСЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «БЕС АСЫҚ» СПОРТЫНАН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ КУБОГЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ.
Таяуда Қарағанды қаласында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Асық ату» мен «Бес асық» ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Ұлттық спорт ойындарын насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен спортшылардың шеберліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған жарысқа қатысқан командалар Қарағанды, Теміртау, Саран қалаларынан, Шет, Нұра, Бұқар жырау аудандарынан келді. Ойынның шартына сәйкес әр команда да үш ер адам мен үш нәзік жанды болуы тиіс. Себебі ер азаматтар «Асық ату» түрінен сынға түссе, нәзік жандылар «Бес асық» ұлттық спорт түрінен бақталасқан.
ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕ – ҮЗДІКТЕР БАЙҚАУЫ
- 864
«ТІЛ – ЖҰРТТЫҢ ЖАНЫ. ТІЛІНЕН АЙЫРЫЛҒАН ЖҰРТ – ЖОЙЫЛҒАН ЖҰРТ» - ДЕП ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ АТАМЫЗ АЙТҚАНДАЙ, ТІЛ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ, ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ. АЛ ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫ – АНА ТІЛІНДЕ. ӘР ҰЛТТЫҢ ТІЛІ – ОНЫҢ БАҚЫТЫ МЕН ТІРЕГІ.
Елдің бәсекеге қабілеттілігінің өлшемдері қатарында оның мемлекеттік тілінің басым тұруы маңызды. Елбасы: «2025 жылға қарай қазақ тілі өмірдің барлық салаларында үстемдік құра бастайды, барлық жердегі қарым-қатынастың тіліне айналады. Және бұл, сөзсіз, біздің мемлекетіміздің өте маңызды жетістігі болады» («Қазақстан-2050» Стратегиясынан), - деген болатын. Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырында қол жеткен жетістіктеріміз әлем назарына ілігіп, елімізді әйгіледі. Әйтсе де мемлекеттік тілге келгенде, кеудемізді кере мақтан тұтарлық деңгейге жете алмай жүргенімізді мойындамасқа шара жоқ. Тілдің қамын дер кезінде діттеген елдерде аталмыш мәселе күн тәртібінен түскелі қашан.