QR-код пандемия басталғалы қызметі тоқтап тұрған кәсіпорындардың жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді
- 817
Елімізде адамның вирустың тасымалдаушысы болып табылатындығын немесе табылмайтынын анықтауға мүмкіндік беретін мобильдік қосымша іске қосылады. Ол ПТР ортақ базасымен интеграцияланады және QR-код арқылы жұмыс істейді. Пилоттық жоба Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында жүзеге асырылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нариман Әбілшайықов мәлімдеді. Оның айтуынша, осы айда жобаға 55-тен аса кәсіпкер қатысуда.
Қарағанды облысы тұрғындарының назарына
- 814
Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 19 қаңтардағы №2-Қ «Қарағанды облысында шектеу іс-шараларын күшейту туралы» қаулысымен өңір тұрғындарына қызмет түрі рұқсат берілмеген объектілерге баруға, сондай-ақ жұмыс режиміне сәйкес олар жабылғаннан кейін жұмыс істеп тұрған объектілерде болуға тыйым салынады.
Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізеді
- 867
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек SARYARQA телеарнасында 19 ақпанда халықпен есеп беру кездесуін өткізеді. Сондай-ақ теміржолшылар мәдениет үйлерінде, "Молодежный", Жаңа Майқұдық, Достық үйінде және Кеншілер мәдениет сарайында LED-экрандар орнатылады.
Қарағанды қаласының мониторингтік топтарының рейдтері туралы ақпарат
- 847
Бүгінгі күні мониторингтік топтар қоғамдық тамақтану орындарында, сауда объектілерінде, сондай-ақ қаланың қоғамдық көліктерінде санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылуын анықтау бойынша күндізгі және түнгі рейдтер жүргізуде.
Қазіргі уақытта облыста 193 мобильді топ жұмыс істейді.
МЕКТЕПКЕ АБАЙ ЕСІМІ БЕРІЛДІ
- 1533
САРАН ШАҺАРЫНДАҒЫ №4 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ БҰДАН БЫЛАЙ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ АБАЙДЫҢ ЕСІМІМЕН АТАЛАДЫ.
2020 жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қарағанды облысындағы 18 білім беру ұйымы мен 1 мәдени нысанға көрнекті тұлғалардың есімі берілді. Дәл сол күні Саран қаласындағы №4 жалпы білім беретін мектебі хакім Абайдың есімімен аталды. Бұл тарихи оқиға іргелі білім ордасының мерейін асқақтатып қана қойған жоқ, көптің тілегін де қабыл етті.
Құрметті Саран және Ақтас кентінің тұрғындары!
- 792
2021 жылғы 10 қаңтарда
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтеді
Дауыс беру күнінде 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға мүмкіндігі бар.
Сіздің сайлаушылар тізімінде болуыңыз сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңыздың іске асырылуының кепілі болып табылады.
Сіз өзіңіз туралы мәліметтерді Саран қаласы әкімдігі Call-орталығының 74007 телефоны бойынша сайлаушылар тізімінен, сондай-ақ өзіңіздің сайлау учаскеңізден тексере аласыз.
Сайлауға қатысыңыз! Өз таңдауыңызды жасаңыз! Сіздің дауысыңыз шешуші!
Саран қаласының әкімі
Е.О. Темирханов
Берік Уәли: Ауыр жыл болғанымен, ауқымды іс атқарылды
- 805
Бүкіл әлемнің тынысын тарылтып, өкпесін қабындырған биылғы жылдың да жал-құйрығы күзелетін кезге келдік. Ел де, елге тұтқа азаматтар да үлкен сынақтан өтті. Жаһанды жүрісінен жаңылдырған індет кезінде мемлекет нақты қандай әрекет жасады? Президент қандай шешімдер қабылдады? Осындай күрделі, қиын-қыстау кезеңде атқарылған жұмыстардың жай-жапсары, ауқымы жайында Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәлимен сұхбаттасқан едік.
ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЕТІСТІГІМЕН ҚУАНТТЫ
- 1110
«ҚЫРАН» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ОҚУШЫСЫ» АТАЛЫМЫНДА ОЗЫҚ ШЫҚҚАН, ЖАС БОЛСА ДА ТАПҚЫР, ОЙЫ ЗЕРЕК ЖЕРЛЕСІМІЗ СӘБИ СӘУЛЕТҰЛЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА КЕЗЕКТІ ЖЕТІСТІГІМЕН ҚУАНТТЫ.
Таяу да ғана Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының қолдауымен қашықтықтан өткен республикалық «Абай тағылымы – адамзаттық тағылым» атты әдістемелік-шығармашылық фестивальде өзге қатысушылардан бойындағы өнерімен дараланып, мықтылардың қатарынан көріне білген Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығының 4 курс студенті 150-ге жуық үміткерлердің ішінен 1-орынды қанжығасына байлады.
ҚУАНЫП ТҰРЫП МҰҢАЯТЫН, МҰҢАЙЫП ТҰРЫП ҚУАНАТЫНДАЙ КҮН
- 1080
Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа бұйырған бақыт деп ойлаймыз. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды.
ЖЕРЛЕСІМІЗ ТОП ЖАРДЫ
- 1091
Таяуда латын графикасына негізделген қазақ жазуының емле ережелерін үйрету әдістемесін қалыптастыру мақсатында өткен «үздік әдістеме» облыстық байқауында саран қаласы тілдерді дамыту орталығының латын графикасы бойынша әдіскері береке жарылғапова жүлделі бірінші орыннан көрініп, қаламыздың мерейін асқақтатты.