ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ СЫЙЛЫ НӘЗІК ЖАН
- 418
Саран қаласында көптің ыстық ықыласына бөленіп жүрген пошташы күннің ыстығы мен үскірік аязына қарамастан хат-хабарларды, газет-журналдарды, жедел хаттарды иелеріне табыстап, бір күнде ең аз дегенде 30 шақырым жолды жаяу жүріп өтеді.
«Пошта» деген сөзді естіген адам баласы ең алдымен газет-журналға лық толы көк сөмкесін арқалап алған пошташыны көз алдына елестетеді. Сырт көзге жеңіл болып көрінетін мамандықтың сіз бен біз біле бермейтін қызығы мен шыжығы мол. Себебі пошташы өз учаскесінің көзі, құлағы һәм хабаршысы. Таңның атысынан бастап әр үйдің ауласын көріп, есен-саулығын білетін де осы жандар.
ТӘЛІМІ МОЛ ТӘРБИЕШІ
- 403
Ұрпақ тәрбиесі – болашақ кепілі. Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер». Қаламызда осы өнерді бар жан-тәнімен үйренген, өз жұмысын сүйіп істейтін мамандар көп. Сондай ардақты жандардың бірі – Зияда Мунирқызы.
Құрметті нәзік жанды арулар!
- 556
Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын көңілден құттықтаймыз!
Көктемнің шуақты сәті аналарымыз бен аруларымыздың мейрамынан бастау алады. Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы күн жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді. Сіздердің арқаларыңызда біз жан-жақты қолдауды, әке болудың қуанышын сезінеміз. Адами қарым-қатынастың құндылығын толық түсініп, туған жерге деген сүйіспеншілігімізді қасиетті түрде сақтаймыз.
Құрметті Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындары!
- 335
Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
Бұл мереке - елдегі бейбітшілік пен келісім саясатының символы. Бұл – ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды арттыратын, бір-бірімізге деген ризашылығымызды білдіретін күн.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей: «Біз еліміздің ауызбіршілігін сақтай білсек, кез келген қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құрып, елімізді одан әрі өркендете береміз деп сенемін».
Саран қаласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Бәріміз бірге қажырлы еңбек ету арқылы болашақ жетістіктеріміздің іргетасын нығайтып, 70 жылдық тарихы бар қаламыздың гүлденуіне өз үлесімізді қосып келеміз.
Дәрігерлерге, мұғалімдерге, коммуналдық қызметкерлерге, құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, еріктілерге – барша қала тұрғындарына белсенді азаматтық ұстанымдары мен Отанға деген сүйіспеншіліктері үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт пен бейбіт ғұмыр тілейміз.
«БІЗ ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЖЕҢЕ АЛАМЫЗ»
- 423
2024 жылғы 23 ақпаннан 22 наурызға дейінгі аралықта «Біз туберкулезді жеңе аламыз», «Мы можем победить туберкулез», «Yes. We Can End TB» тақырыбында айлық өтеді.
Айлықтың аясында біз халықтың назарын қаламыздың әрбір тұрғыны білуі және басшылыққа алуы керек маңызды шараларға аударғымыз келеді:
Аурудың алғашқы белгілерінде уақтылы медициналық көмекке жүгіну керек, бұл дер кезінде ем алдудың кепілі!
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ ЖЕҢІС ТӨРІНДЕ
- 349
27 ақпан күні Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің базасында білім ұйымдарының кәсіподақ мүшелері арасында XII қалалық спартакиада өтті. Дәстүрлі спорттық шара көптің көңілінен шықты. Ойын барысында сақадай сай дайындалған қатысушылардың жеңіске деген ерік-жігері айқын байқалды.
Тартысқа толы спорттық доданың ашылу салтанатында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының төрағасы Алмагүл Ракишова мен Саран қаласы білім бөлімінің басшысы Арман Бақтыбаев бақтарын сынап келген қатысушыларға ризашылығын білдіре отырып, оларға сәттілік тіледі.
ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕН КҮН
- 343
27 ақпан күні қалалық мәдениет үйінің «Поэтические кружева» атты әдеби қонақжайдың жұмысы аясында Саран қаласының ақсақалдар кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері, саясаттанушы Серік Мұстафинның «Шабытымның бастауы – кітап» атты шығармашылық кеші ұйымдастырылды.
Серік Мұстафин – 35 жыл нумизматикамен, 44 жыл фалеристикамен айналысып келеді. Тек онымен ғана шектелмей өзінің этномузей көрмесін де ел назарына ұсынып, жеке кітапханасымен көпті тәнті еткен. Бірнеше кітаптардың авторы, поэзия мен прозаға жақын жүретін, өнерге деген құрметі ерекше жан.
САРАНДА ЖАС ДОМБЫРАШЫЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
- 425
23 ақпан күні қалалық мәдениет үйінде «Күй–тәңірдің күбірі» атты облыстық домбырашылар фестиваль-байқауы өткізілді. Өнерді сүйетін, екі шекті, көп пернелі астаптың құлағында ойнайтын жас күйшілерді сынаған додаға 230 оқушы қатысқан.
«Күй–тәңірдің күбірі» атты облыстық домбырашылар фестиваль-байқауына алыс-жақын демей Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай, Балқаш, Приозерск қалаларынан, Қарқаралы, Ақтоғай, Нұра, Шет, Бұхар жырау, Осакаров аудандары мен Дубовка, Жарық, Ақадыр, Доскей, Ғ. Мұстафин ауылдарынан жас домбырашылар қатысты.
ІЗГІЛІКТІҢ НҰРЫН СЕПКЕН
- 364
Елімізде көктемнің алғашқы күні – Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келеді. Саран қаласының білім ордаларында қазірден бастап бұл мерекеге орай іс-шаралар легі ұйымдастырылуда.
Алғыс айту күніне байланысты №6 жалпы білім беретін мектептің сынып жетекшілері ізгіліктің нұрын шашатын, мейірім мен қамқорлыққа, ізеттілікке баулитын, жаманнан жиренетін, жақсы көркем мінездерге бейімдейтін түрлі тақырыптарда сынып сағаттарын өткізді.
Қоғамдық тамақтандыру қызметтерін көрсету саласында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерге, базарлар, сауда үйлері (орталықтары), супермаркеттер, дүкендерге арналған жадынама
- 339
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және тамақтан уланудың, жіті ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында қоғамдық тамақтандыру (мейрамханалар, тойхана, кафелер) қызметтерін көрсету саласында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің, базарлар, сауда үйлері (орталықтары), супермаркеттер, дүкендер және т.б. назарына қайта өңдеуге (өңдеуге), тамақ өнімдерін қабылдау, сақтау және сатуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау туралы жеткіземіз, атап айтқанда: