Міндетті мінсіз орындау – мемлекеттік қызметтегі дұрыс таңдау
- 406
«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден»
Әлихан Бөкейхан
Еліміздің әр азаматы өзінің атқаратын ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап, ісін барынша жақсы деңгейде адал орындауға ниет танытса, мемлекеттің мықтылығы осы тұста айқындалар еді. Мемлекеттік қызметке келіп ант берген қызметші өзіне тиісті шектеулерді қабылдап, атқаратын міндеттерін мінсіз орындауға барын салуы тиіс.
«Халық тану»
- 402
«Халық тану» халықаралық қоғамдық комитеті (бұдан әрі – «Халық тану» ХҚК) Қазақстан экономикасын дамытуға белсенді қатысатын немесе қатысуды жоспарлап отырған, Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да елдердің барлық салалық бағыттарындағы мамандар мен заңды тұлғаларды анықтау және ел халқының тануы мақсатында «Үздік» атағын береді. «Халық тану» үздік мамандарға, кәсіпорындардың басшыларына – экономиканың жеке, мемлекеттік және қоғамдық секторына «Үздіктерді» халықтық дауыс беру арқылы іріктеу жолымен, ұйымдастырушының www.pomogvsem.kz сайтында беріледі http://www.pomogvsem.kz .
АБАЙ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АҢДАТПА
- 499
Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі – зор билік, екіншісі – есепсіз байлық.
Абай Құнанбайұлы
Мемлекеттік тіл – ұлттық сананың басты кілті
- 467
Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – Ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу – біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау – өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз.
КАРАТЭШІЛЕР ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
- 381
Карате – қарусыз қорғанудың бір түрі. Яғни, аяқ және қолмен қарсылас денесінің осал тұсына соққы беруге негізделген.Бұл спорт түрі XV ғасырда Рюкю топаралындағы Окинава аралдарында пайда болған. Каратенің дүниеге келуінің негізгі себебі – сол кездегі князь Се Хайсидің (1470) қару ұстауға рұқсат бермеуінде екен. Ол кезде Окинава Жапониямен емес, Қытай елімен көбірек байланыста болған. Сондықтан, каратeнің қарқынды дамуы Қытайдың кунг фу қарусыз күрес түрімен байланысты. Қазір каратeнің «каратe-до» (олимпиядалық спорт түрі), оның «шотокан», «кекусинкай», «ситро-рю», «годзюрю», «вадо-рю» деген түрлері бар.
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР САРАЛАНҒАН АЛҚАЛЫ ЖИЫН
- 419
Кеше қалалық мәдениет үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Айта кетейік, ресми орындар мен бұқара халықтың арасын тығыз байланыстыра отыра жұмыс жасайтын аталған бейресми ұйым біздің шаһарда алғаш рет үстіміздегі жылғы маусым айында құрылған болатын.
ҚАУІП – ҚАТЕРДЕН, ҚАТЕР – ҚАТЕЛІКТЕН!
- 424
Татарстан астанасы Қазанда болған қайғылы оқиғадан кейін Қазақстан мектептеріндегі қауіпсіздік мәселесі жиі көтеріле бастады. Еліміздегі мектептердің қауіпсіздігіне құқық қорғау қызметкерлері емес, ең алдымен мекеменің өзі, одан кейін сол мектептің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған күзет ұйымы жауапты. Ал ғимаратта атыс немесе теракт болған жағдайда оқушылар мен мұғалімдер тек теория жүзінде үйренген әдістерін іске асыруға мәжбүр.
ШАҺАР ЖАСТАРЫ САРАНДЫҚТАРДЫ «TAZALIKE» ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ
- 402
Қай жерде, қай кезде болмасын тазалықтың орны ерек. Қоршаған орта, жан, тән тазалығы адам үшін қашанда бірінші орында. Айналамызға көз салсақ, тоқтаусыз ағылған көлік, жөнсіз тасталған қоқыс. Арнайы «қоқыс жәшігі» болса да, кей жерден шашылып жатқан қоқысты көзіміз шалып қалатыны жасырын емес.