- 878
ҰСТАЗ БЕН ШӘКІРТІ «ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» ӘН БАЙҚАУЫНАН КӨПШІЛІКТІ ӨНЕРІМЕН ТӘНТІ ЕТІП, ГРАН-ПРИ ҰТТЫ.
Саран қаласының мәдениет үйінде жастарды әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік қабілетін, актерлік өнерін, хореографиялық талантын сынау және өнерге бір табан жақындату мақсатында дәстүрлі «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. Салтанатты шараны «Жігер» парламентінің үйлестірушісі, Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледждің алғашқы әскери пәнінің және дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Алишер Манаш пен аталмыш колледжде ағылшын пәнінің оқытушысы Карагоз Джакупова жүргізді. Халықтың құлағында жатталған, көптің жадында сақталған, аңыз әндер шырқалған әуезді шарада алғашқы құттықтау сөз Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледждің директоры Владимир Закамолкинге берілді.
- 556
САРАН ҚАЛАСЫНДА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖӘНЕ «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ.Таяуда Саран қаласы әкімі аппаратының, қалалық ішкі саясат бөлімінің, ішкі істер бөлімінің, пробация қызметінің, Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, ҚР Қызыл Ай Қоғамы Қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы және «Мир Добра» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Независимость превыше всего» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.
- 731
МӘДЕНИЕТ – ӨМІР АЙНАСЫ, ӨНЕР ҚОЙМАСЫ. РАСЫНДА, ОНДА АДАМДЫҚ ПАРАСАТТАН БӨЛЕК, АҚЫЛ-ОЙ, ІЗГІЛІК ПЕН ӘДЕМІЛІК, ИГІЛІКТЕР ДҮНИЕСІ ҮЙЛЕСІМ ТАПҚАН. СОНЫМЕН БІРГЕ МӘДЕНИЕТ – АДАМДЫ ТҰЛҒА ДЕҢГЕЙІНЕ КӨТЕРЕТІН НЕГІЗГІ ҚҰРАЛ. СОНДЫҚТАН БҰЛ САЛАНЫ ӨМІР АЙНАСЫ ДЕЙДІ КӨПШІЛІК.
- 602
ТАЛАЙ ӨНЕР ТАРЛАНДАРЫН ТҮЛЕТКЕН, ӨНЕР БЕСІГІНДЕ ТЕРБЕГЕН «ТОМИРИС» БИ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ АИДА НЫСАМБАЕВА ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТӨЛ ҚҰРДАСЫ. ЕГЕМЕНДІКТІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫ ОНЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМЕН ТҰСПА-ТҰС КЕЛІП ТҰР.
Тәуелсіздік құрдасы Аида Ғазизқызы Нысамбаева 1991 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. Асқар таудай әкесінің, ардақты анасының аялап өсірген жалғыз қызғалдағы. № 13 жалпы білім беретін мектептің түлегі. Ол жастайынан өнерге жақын жүрді. Бес жасынан бастап мың бұрала би билеп, өзге ұлт өкілдерінің әдеп-ғұрпымен, салт-дәстүрімен таныса бастады.
- 655
Сияя любовью и добром мы все становимся немного волшебниками. Легко ли стать им? Да, Если ты открыт сердцем и отзывчив душой.29 ноября 2016 года в городе Сарани было зарегистрировано молодежное общественное объединение «Доброволец», в состав которого входило 30 человек. Неравнодушных к чужой беде, готовых откликнуться на любой призыв о помощи, и просто побыть рядом: выслушать, поддержать, помочь. 5 лет. Своеобразный юбилей, длиною в 1800 дней... И за каждым из них стоят человеческие судьбы, решения неотложных проблем, благодарность людей, поверивших в себя, в то, что мечты сбываются, несмотря ни на что.
- 618
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туа біткен қадір-қасиеті, дара біткен қарым-қабілеті, мен айтар едім даналығы, кейде тіпті әлдекімге күмәнділеу көрінгенмен артынша дұрыс, дұрыс болғанда да ел үшін өте қажет болып шығатын, алысты болжайтын көрегендігі оның қарамағында қызмет еткен бізді қайран қалдыратын. Сырт көзге көп көріне бермейтін елдің ертеңін ойлаған беймаза көңілі, қала берді кәдімгі пендеге тән адами, ақжарқын қалпы, ел ішіндегі жайлы, жақсы жаңалықтарға бәрін ұмыта шын қуанатын шуақты келбеті жадымның бір түкпірінде қылаң беріп тұрады.
- 631
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат МӘМИМЕН ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай сұхбат.
– Биыл тәу етер Тәуелсіздігімізге, қастерлі Азаттығымызға 30 жыл толады. Тарихи өлшеммен қарасақ, бұл – қас-қағым сәт. Дегенмен, осы аралықта Қазақстан егемен ел ретінде толық қалыптасып қана қоймай, зор жетістіктерге де қол жеткізіп үлгерді. Жас мемлекет ретінде алған асу, бағындырған белес аз емес.
- 618
Назарбаев Университетінде (НУ) елорда күнін атап өту аясында онлайн режімде ЖОО түлектерінің, студенттердің, зерттеушілер мен ғалымдардың форумы өтті. Форумның ашылуында университет президенті Шигео Катсу соңғы 10 жыл ішіндегі дамудың негізгі кезеңдері жайлы әңгімеледі және НУ-дың 2030 жылға дейін бекітілген стратегиясына сәйкес негізгі векторлар мен міндеттерді айқындады.
Форумда Елбасының университетті Еуразияның жүрегіндегі жаңа әлемдік деңгейдегі білім орталығы ретінде қалыптастыру туралы ұлы идеясын іске асырып жатқан, қоғамның жаңа буынын ұсынатын Назарбаев Университетінің түлектері сөз сөйледі. Осы ретте Катсу мырзамен еліміздегі ең маңызды академиялық жобаның дамуын сипаттайтын сұхбат ұсынылып отыр.
- 668
Өткен 30 жылға жуық кезеңге талдау жасап қарасақ, Қазақ елі шын мәнінде тәуелсіз мемлекетке айналды.
Елдің Президентіне ғана емес, етене перзентіне айнала білген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қарапайым еңбек адамдарының отбасында дүниеге келді, қазақ мектебінде білім алды, еңбек жолының бастауында шойын қорытып шыңдалды.
- 647
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жылдарында жүзеге асқан ауқымды әрі теңдессіз жоба – Нұр-Сұлтан қаласының салынуы. Стратегиялық тұрғыдан мемлекеттің болашағы үшін аса маңызды шешімнің тиімді де нәтижелі болғанын тұтас ұлт мойындап, игілігін көрді.