Бүгін: 20.04.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақ  тілі  бұл – қазақ  халқын  әлемге  танытқан  ұлы  Абайдың, қазақ  әліпбиінің  атасы  Ахметтің, сырлы  да  сұлу  шығармаларды тудырған   Мұхтардың тілі.  Ана  тілі  арқылы  адамдар  өз қуанышы мен  толғанысын  жеткізеді.  Сондықтан  да  Тіл  –қадірлі   де  қасиетті.  Әркімнің   ана   тіліне  деген құрметін анасына,  ұлтына,  Отанына көрсетілген   құрмет  деп білуіміз керек.    

Конституцияға (83-бап) сәйкес прокуратура мемлекет атынан (заңда белгіленген шекте және нысандарда) заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады және сотта мемлекеттің мүддесiн білдіреді.
Бұл функциялардың орындалуын прокуратура органдары сайлау процесінде де қамтамасыз етеді.
Президенттің кезектен тыс сайлауы өткізілетіні туралы жарияланған сәттен бастап прокуратура органдары сайлау науқанының барлық кезеңдеріне қатысты негізгі міндеттер мен ұйымдастырушылық іс-шараларды айқындады.
Жергілікті орындардағы прокурорлармен кеңес өткізіп, оларды сайлау туралы заңнама нормаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге бағыттадық.
21 қазаннан бастап (сағат 18:00-ден бастап) ең белсенді кезең – сайлау алдындағы үгіт басталды (ағымдағы жылғы 19 қарашада сағат 00:00-де аяқталады).
Оны өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен егжей-тегжейлі реттелген.
Белгіленген нормаларды сақтамау жауапкершілікке әкеп соғады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте сайлау алдындағы үгіттің тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін 9 бап көзделген.
Бұл келесі құрамдар:
- сайлау алдындағы үгiтті оған тыйым салынған кезеңде жүргiзу (102 – бап-15-тен 35 айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі айыппұл).
- сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығына кедергі келтіру (103-бап – 20-дан 50 айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі айыппұл);
- БАҚ арқылы сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу (112 – бап – 2 -дан 50 айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі айыппұл).
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт жүргізу шарттары «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңының 27-бабында (7-тармағы) белгіленген.
Анықтама: үгіт жүргізу шарттарының бұзылуына келесілер жатады:
1) сайлау науқанының бұқаралық ақпарат құралдарын біржақты жариялау, яғни сайлау алдындағы іс-шаралардың мақсаттарын, міндеттері мен нәтижелерін, сондай-ақ олармен байланысты оқиғалар мен фактілерді бұрмалау;
2) кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдарын БАҚ-та жариялау, сондай-ақ теріске шығаруды тегін жариялау мүмкіндігін беруден бас тарту;
3) кандидаттардың БАҚ-та сөйлеп жатқан сөздерiн бөлу және сөйлеген сөздерiнен кейін iле-шала оларға түсініктеме жасау;
4) егер басқаларға келісім берілген жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдарының кандидаттардың біріне эфир уақытын, баспа алаңын бөлуден бас тартуы.
Осы шарттарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Сондай-ақ, үгіт жүргізу кезеңінде болуы мүмкін әкімшілік құқық бұзушылықтардың басқа да құрамдарын атап өткім келеді:
- анонимдік үгiттеу материалдарын дайындау немесе тарату («ҚР сайлау туралы» заңның 28-бабының 5-тармағына сәйкес барлық үгіт-насихат баспа материалдарында осы материалдарды шығарған ұйым, олардың басып шығару орны мен таралымы, тапсырысты жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан төленгені туралы мәліметтер болуы тиіс) ӘҚБтК-нің 113-бабы бойынша әкімшілік айыппұл салуға (25 айлық есептік көрсеткіш) әкеп соғады.
- үгіт материалдарын қасақана жою, бүлдіру (114-бап – 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл);
- сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу (120-бап – 10-нан 30 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл);
Анықтама: сауалнама жүргізген заңды тұлғаны; сауалнамаға тапсырыс берген және оны төлеген адамдарды; сауалнама жүргізу уақытын; ақпарат жинау әдісін; сұрақтың нақты тұжырымын; сұралғандардың санын және сауалнама нәтижелерінің қателік коэффициентін көрсетпеу.
- сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу (122-бап – 20-дан 30 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл);
Анықтама: «ҚР сайлау туралы» заңның 27-бабының 4-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдарын таратуға тыйым салынады:
- мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарына, әскери қызметшілеріне, Ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, судьяларға, сайлау комиссияларының мүшелеріне, діни бірлестіктерге;
- кандидаттар немесе олардың сенім білдірілген адамдары тіркеген журналистердің, БАҚ редакцияларының лауазымды адамдарының сайлауды БАҚ арқылы жариялауға қатысуына.
- үгіт материалдарын орналастыру (ескерткіштерде, обелисктерде, тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар ғимараттар мен құрылыстарда, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларда, 124-бап – 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл);
- сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты жұмсау тәртібін бұзу (125-бап – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл).
Аталған барлық құқық бұзушылықтар бойынша субъектілер болып азаматтармен және лауазымды тұлғалармен қатар кәсіпкерлік субъектілері де табылады. Баптардың санкцияларында 10-нан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін (30-дан 153 мың теңгеге дейін) айыппұл қарастырылған.
Сайлау құқықтарына нұқсан келтіретін осы және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша өндірістерді қозғау (ӘҚБтК-нің 101-126 – баптары) прокурордың айрықша құзыретіне жатады (ӘҚБтК-нің 805-бабы). Істерді сот қарайды.
Бірақ азаматтар өздерінің сайлау құқығы бұзылған жағдайда өз бетінше тікелей сотқа да жүгіне алады (ӘҚБтК-нің 807-бабының 1-бөлігінің 4-тармағы).
Бұл жағдайда аталған санаттағы істерді соттар бірден қарайды (прокурордың қаулысысыз), бірақ міндетті түрде прокурордың қатысуымен (сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың барлық құрамы бойынша: ӘҚБтК 101-126 - баптары).
Әкімшілік жауаптылықпен қатар сайлау заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық та көзделген.
Ол сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі келтіруге қатысты (ҚК - нің 150-бабы – 100 АЕК айыппұлдан бастап, түзету жұмыстарын, бас бостандығын шектеуді қоса алғанда, 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру).
Екінші құрам – сайлау құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеу (ҚК - нің 151-бабы – 4 мың АЕК мөлшеріне дейін айыппұл салу не түзеу жұмыстары / немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу).
Қазіргі уақытта сайлау науқаны құқықтық алаңда өтіп жатыр. Сайлау заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ.
Сайлау науқанын жүргізудің заңдылығын одан әрі қамтамасыз ету үшін прокурорлар мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ сайлау комиссияларымен тығыз қарым-қатынас орнатты.
Әрбір бұзушылық фактісі бойынша заңдарда көзделген барлық құқықтық шаралар қабылданатын болады.
Қарағанды облысының прокуроры, 3-санатты мемлекеттік әділет кеңесшісі-Мырзакеров Бауыржан Қыпшақұлы


 

Өткен аптада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Әбдіғали басқару-бақылау бағыты бойынша Саран шаһарына іс-сапармен келген болатын.

ЕЛІМІЗ 13 ЖЫЛДАН КЕЙІН АЛҒАШ РЕТ ҰЛТТЫҚ КҮНІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ. МҰНДАЙ МЕРЕКЕ ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНДА ДА БАР. ӘРІ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ РЕТІНДЕ ТОЙЛАНЫП ЖҮР.

Иә, биылдан бастап елімізде Республика күні ұлттық мереке ретінде тойлана бастайды. Соңғы 13 жылдан бері бұл күн елеусіз қалғаны белгілі. Ұлт үшін маңызы зор датаға биыл ел Президенті ерекше мәртебе берді. Себебі 25 қазан Тәуелсіздік бастау алған тарихи күн.

Саяси науқанда азаматтар өздерінің азаматтық белсенділіктерін көрсетсе екен деп ойлаймын. Әсіресе, ел келешегі – жастар бұл үрдістен тыс қалмаса екен. Жарқын болашақтан үміттенетін кез келген адамның сайлауға барып, таңдауын жасауы – маңызды.

Қоғамның өзгеріп, Жаңа Қазақстанның қалыптасқанын қалайтын әр тұлға әуелі өзгерісті өзінен бастаса. «Мен не қалаймын? Не күтемін? Ол үшін қандай еңбек жасауым керек?» деген сұрақтарға жауап іздеуі қажет. Жаман қасиет – масылдықтан арылу керек. Өз жүрген ортамызға, отбасымыз бен жұмыс орнына қалай үлес қосамыз деген ой төңірегінде әңгіме өрбіткен жөн. Осы сайлаудан үлкен үмітім бар. Ең әуелі Ата Заңды өзгерттік, енді Конституциялық заңды өзгерту қажет. Қазір қоғамымыз, тұтас халық өзгерісті күтіп отыр.

Сайлау – үлкен жауапкершілік. Шетелдік бақылаушыларға біздің сана-сезіміміз жоғары екенін, жетістігіміз – бірлік, ұлттық құндылығымыз – тәуелсіздік, басты байлығымыз – адам екенін көрсетсек деймін.

Азаматтық қоғамды алаңдататын не мәселе бар? Қазір өзге ұлттарға қарағанда қазақтар несиеге белшесінен батып жүр. Сосын тағы бір алаңдататын мәселе – масылдық. Өзбекстан, Қырғызстаннан келген адамдар жұмыс таба алады да, ал, өзіміздің азаматтар жұмыс жоқ деп жүреді. Негізі пандемия бірқатар мәселелерді көрсетті. Жоғарыда айтқан құрылыс, жөндеу жұмыстарында, аграрлық секторда да мәселелер жеткілікті. Өзге елден келген азаматтардың көмегінсіз көкөністі де жинай алмайды екенбіз. Халық денсаулығы, әсіресе, жастардың денсаулығы қазір нашар. Ол экологияға, тұтынған тамақ пен сусындарға, киген киімімізге байланысты. Қазір әскерге шақырылған жастардың көбісі жарамсыз болып жатады. Отау құрғандар бала көтере алмай, ажырасып кетіп жатыр. Былай қараса, мұның барлығы өзімізге байланысты мәселелер. Оны Президент келіп шешіп береді дейтін емес. Сондықтан, жауапкершілік сезініп, сайлауда белсенді болайық дегім келеді.

Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ,

Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы

16 жастан бастап жұмыссыздар мен жастарды жұмыспен қамту
Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру барысындағы міндеттердің бірі "Ххалықты жұмыспен қамтуды" арттыра отырып, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау. Жұмыс берушілер кәсіпорында субсидияланатын жұмыс орындарын құра алады және оларда жұмыспен қамту орталығы арқылы мемлекет ішінара немесе толық төлейтін жалақысы бар жұмыссыздарды қабылдай алады. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілерге субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелері бойынша кеңес береді.
16 жастан бастап жұмыссыздар мен жастарға арналған уақытша қоғамдық жұмыстар.
Субсидияланатын жұмыс орындарының бірнеше бағыты бар, олардың қатарына "қоғамдық жұмыстар"кіреді.
Қоғамдық жұмыстар: халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт бойынша ұйымдастырылатын, қызметкерлерді уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейтін әлеуметтік пайдалы жұмыс. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Қоғамдық жұмыстарға авариялардың, дүлей зілзалалардың, апаттардың және басқа да төтенше жағдайлардың салдарын шұғыл жою қажеттілігіне байланысты қызмет түрлері жатпайды.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі "халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V Заңына сәйкес бекітілген Қағидалармен реттеледі. Жұмыс беруші электрондық еңбек биржасында "жеке кабинет" арқылы ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту орталығына қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға электрондық өтінім береді.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар кезекті қаржы жылына қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесін жұмыс орындарының санын, жұмыс ұзақтығын, кәсібін және айына еңбекақы төлеу мөлшерін көрсете отырып бекітеді.

Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу талаптарын бұзғаны үшін заңнамада қандай жауапкершілік қарастырылғанын айтып берді.

«Президенттің кезектен тыс сайлауы өтетіні туралы жарияланған сәттен бастап, Бас прокуратура сайлау науқанының барлық кезеңдеріне қатысты әр деңгейдегі прокурорлар үшін негізгі міндеттер мен ұйымдастырушылық іс-шараларды айқындады. Кеше облыс прокурорларымен жеке кеңес өткізіп, оларды сайлау туралы заңнама нормаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге бағыттадық. Бүгін сағат 18:00-де ең белсенді кезең – сайлау алдындағы үгіт басталды. Оны өткізу тәртібі «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңмен реттелген», - деді Ж. Өмірәлиев Орталық сайлау комиссиясында өткен жианлыста.

Ж. Өмірәлиев белгіленген нормаларды сақтамау жауапкершілікке әкеп соғатынын айтты. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте сайлау алдындағы үгіттің тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін 9 бап көзделген. Олар: сайлау алдындағы үгiтті оған тыйым салынған кезеңде жүргiзу (102-бап – 15-35 АЕК айыппұл); сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығына кедергі келтіру (103-бап – 20-50 АЕК айыппұл); БАҚ арқылы сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу (112-бап – 2-50 АЕК айыппұл); Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт жүргізу шарттары «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңның 27-бабында белгіленген.

Сонымен бірге, анонимдік үгiттеу материалдарын дайындау немесе тарату Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 113-бабы (25 АЕК) бойынша әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады. Үгіт материалдарын қасақана жою, бүлдіру (114-бап – 15 АЕК айыппұл); сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу шарттарын бұзу (120-бап – 10-30 АЕК айыппұл); сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу шарттарын бұзу (122-бап – 20-30 АЕК айыппұл) да құқықбүзушылық болып саналады.

Сайлау құқықтарына қол сұғатын осы және басқа да әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша өндірістерді қозғау прокурордың айрықша құзыретіне кіреді. Істерді сот қарайды. Бірақ азаматтар өздерінің сайлау құқығын бұзған жағдайда өз бетінше тікелей сотқа да жүгіне алады. Бұл жағдайда аталған санаттағы істерді бірден сот қарайды, бірақ міндетті түрде прокурор қатысады.

«Әкімшілік жазамен қатар сайлау заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жаза та көзделген. Ол сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі келтіруге қатысты, Қылмыстық кодекстің 150-бабы – 100 АЕК айыппұлдан бастап, түзету жұмыстарын, бас бостандығын шектеуді қоса алғанда, 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Екінші құрам – сайлау құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеу, ол үшін Қылмыстық кодекстің 151-бабында 4 мың АЕК мөлшеріне дейін айыппұл салу не түзеу жұмыстары немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы белгіленген. Қазіргі уақытта сайлау науқаны құқықтық шеңберде өтіп жатыр. Сайлау заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ», - деді Ж. Өмірәлиев.

21 қазанда сағат 18.00-де президенттікке үміткерлерді тіркеу аяқталып, кандидаттар сайлау алдындағы үгіт жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясы бекіткен кезектен тыс президент сайлауына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, сайлау алдындағы үгіт-насихат үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталған кезден, яғни 2022 жылғы 21 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады (2022 жылғы 19 қарашада сағат 00.00-де аяқталады).

Үгіт науқанына берілген мерзім түгесілген шақта сайлау алдындағы «тыныштық күні» жарияланады, бұл – 19 қараша сағат 00.00-ден 20 қараша сағат 00.00-ге дейін.

Еске салсақ, 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында республикалық қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар 12 тұлғаны Орталық сайлау комиссиясына үміткер ретінде ұсынған болатын. Соның алтауы президенттіктен үміткер ретінде тіркеліп, президенттікке кандидаттар 21 қазақ сағат 18.00-ден бастап үгіт-насихат жұмыстарына кірісуге рұқсат алып отыр.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында Президенттікке ұсынылған Бақыт Жаңабаевтың, Нұржан Әлтаевтың және Жұматай Әлиевтің кандидатурасын тіркеуден бас тартты.

ОСК мәліметі бойынша, президент сайлауына қатысатын әр кандидатқа үгіт-насихат жүргізуі үшін шамамен 10 млн теңге бөлінуі керек.

Қазақстанда президент сайлауы 20 қараша күні өтеді.