Бүгін: 20.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

ҮСТІМІЗДЕГІ ЖЫЛДЫҢ 30 НАУРЫЗЫНДА САРАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРАЛЫ ОСПАНОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ОНЛАЙН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қаламызда көрнекі ақпараттар мен сыртқы жарнамалардың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдары талаптарына сай ресімделіп, орналасуы бойынша Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 7 ақпан мен 7 наурыз аралығында облыстық акциясы аясында «Сауатты жарнама – тіл абыройы» атты шара өтті.

АБАЙ – АҚЫН, АБАЙ – ДАНА. ҚАЗАҚТЫҢ ОРТАҚ МАҚТАНЫШЫНА АЙНАЛҒАН ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТІ, АҚЫН, ФИЛОСОФ, ҒҰЛАМА АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ЕСІМІН ҰЛЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ІС – ШАРАЛАР ҚАЛА КӨЛЕМІНДЕ ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ДЕ АУҚЫМДЫ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖАЙЫ БАР.

БИЫЛ 16 МЕН 29 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАСТАР ҚАТЫСА АЛАТЫН САРАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ «ИДЕЯДАН ШЫНАЙЫЛЫҚҚА ҚАРАЙ» ЖОБАСЫ СӘУІР АЙЫНАН БАСТАУ АЛМАҚ.

Саран қаласында 2019 жылдан бастап жастар арасында жұмыссыздықты төмендету және жастар арасындағы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Идеядан шынайылыққа қарай» екі кезеңнен тұратын ауқымды конкурс жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

БИЫЛ САРАН ҚАЛАСЫНА ҚАРАСТЫ РТБ ЗАУЫТЫНЫҢ АУМАҒЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН АЙНАЛЫСУҒА МОЛ МҮМКІНДІК БЕРЕТІН, ТҮРЛІ СПОРТТЫҚ СЕКЦИЯЛАРМЕН ТАНЫСТЫРАТЫН АУЛА КЛУБЫ АШЫЛМАҚ.

Бұл жайлы Саран қаласы спорт орталығының әдіскері Екатерина Хисметова қалалық әкімдіктің инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында «Adal komek» жобасы аясында өткізген тікелей эфирде атап өтті.

ШАДЫМАН ШАТТЫҒЫН ЖЕТЕЛЕП КӨКТЕМ ДЕ КЕЛДІ. АЛЛА НӘСІП ЕТІП, ТАҒЫ БІР АМАЛ АЙЫМЕН, ТАҒЫ БІР КӨКТЕММЕН, АЛЫС-ЖАҚЫНДАҒЫ АҒАЙЫНМЕН ҚАУЫШУҒА ЖАЗДЫ. ЖЫЛДА АСЫҒА КҮТЕТІН ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – ЖАЙМА ШУАҚ НАУРЫЗ БИЫЛ ДА ТАБАЛДЫРЫҒЫМЫЗДАН АТТАДЫ. ЕЖЕЛДЕН КЕЛЕ ЖАТҚАН КӨКТЕМ МЕЗГІЛІНДЕ ТОЙЛАНАТЫН БҰЛ МЕРЕКЕ ЫРЫСТЫҢ, БЕРЕКЕ МЕН МОЛШЫЛЫҚТЫҢ, БІРЛІКТІҢ, БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КӨКТЕМГІ ЖАҢҒЫРУДЫҢ МЕРЕКЕСІ, ОЛ ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮШІН ҚЫМБАТ. ҚОҒАМДА БЕЙБІТШІЛІКТІ, КЕЛІСІМДІ, ДОСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА ОНЫҢ АТҚАРАР РӨЛІ ЕРЕКШЕ.

Биыл Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде Наурыз мерекесіне орай салтанаты жарасты, мәртебесі келісті той болды.

Таяуда № 6 жалпы білім беретін мектептің қабырғасында «Шығармашылық әрекет арқылы экологиялық тәрбиені қалыптастыру» атты қалалық семинарға куә болдық. Семинарға қатысқан қалалық білім бөлімінің әдіскерлері: Елена Коробова мен Наталья Павловна және қалалық мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, география, биология мұғалімдері, әлеуметтік серіктестері № 6 жалпы білім беретін мектептің білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие жүйесімен жақын танысты.

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – ЕЖЕЛГІ ЗАМАННАН ҚАЛЫПТАСҚАН ЖЫЛ БАСТАУ МЕЙРАМЫ. ҚАЗІРГІ КҮНТІЗБЕ БОЙЫНША НАУРЫЗДЫҢ 22-СІ КҮН МЕН ТҮННІҢ ТЕҢЕСУІ КЕЗІНЕ КЕЛЕДІ. НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАУ ДӘСТҮРІ ДҮНИЕЖҮЗІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ КӨПШІЛІГІНІҢ ТҰРМЫС-САЛТЫНДА БАҒЗЫ ЗАМАНДАРДАН ОРЫН АЛҒАН.

ЖЕРЛЕСІМІЗ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН  ГРЭППЛИНГ ГИ ЖӘНЕ НО ГИДЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГЫНДА  БІР ДЕГЕН ДЕ  ҚОС АЛТЫНҒА ИЕ БОЛДЫ.

Таяуда Щучинск қаласында жастар және жасөспірімдер арасында грэпплингтен жарыс ұйымдастырылды. Жан-жақтан келген кілең мықтылардың бәсекесінде  Саран қаласының намысын талай дүлділдерді түлетіп ұшырған «Arystan» спорт клубының шәкірті Жанель Кусаинова қорғады.