КӘСІПКЕРМЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ
- 1601
ЕШКІМ КӘСІПКЕР БОЛЫП ТУМАЙДЫ. КӘСІПКЕРЛІК ЕҢБЕК. ОНЫ ЖАСТАРДЫҢ БОЙЫНДА ӘУЕЛДЕН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕРЕК. КӘСІПКЕРЛІК ЕҢБЕКТІҢ БАСҚА ТҮРЛЕРІНЕН ОҚШАУЛАНЫП ТҰРАДЫ. АТАҚТЫ НЕМІС ЭКОНОМИСІ, ГАРВАРД УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ИОЗИФ ШУМПЕТЕРДІҢ «КӘСІПКЕР БОЛУ – БАСҚАНЫҢ ІСТЕГЕНІН ІСТЕМЕУ» ДЕГЕН СӨЗІ СОНЫҢ АЙҒАҒЫНДАЙ.
Өз еңбегін ұйымдастыра білген адам кәсібін дөңгелете алады. Бұл туралы француз экономисі Жан Батист Сейдің «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік ауқымда ұйымдастыратын адам» деген анықтамасы бар.
ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ
- 888
ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛІП, ТҮЛЕП ЖАТҚАН РТБ ЕЛДІМЕКЕНІНДЕГІ 3 ШАҒЫН АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАП АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ. ЖӘРМЕҢКЕГЕ САРАН ШАҺАРЫ МЕН КӨРШІЛЕС АЙМАҚТАРДЫҢ ТАУАР ӨНІРУШІЛЕРІ ҚАТЫСТЫ. ӨҢІР ШАРУАЛАРЫ ЕТ, КАРТОП, КӨКӨНІС, СҮТ ЖӘНЕ БАЛ ӘКЕЛІП САУДАҒА САЛДЫ.
БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ БІЛІМ ЖАРЫСЫ
- 954
ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ – ӨЗЕКТІЛІГІН ЖОЙМАЙТЫН, КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСПЕЙТІН МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ. ОСЫҒАН ОРАЙ ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДА А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ.
Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің бастамасымен өткен байқаудың мақсаты - Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-педагогикалық мұраларымен сабақтастықты жалғастыра отырып, мемлекеттік тілді сапалы оқыту мақсатын жүзеге асырып жүрген үздік оқытушылардың жаңашыл әдіс-тәсілдерімен танысу, озық тәжірибелерін тарату, қазақ тілі оқытушыларының кәсіби беделі мен қоғамдағы мәртебесін арттыру.
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАҢА ӘКІМДЕ
- 887
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ӨТКЕН ЖЫЛҒЫ ЖОЛДАУЫНДА БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАЛАР, АУЫЛДАР, КЕНТТЕР, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР ӘКІМДЕРІНІҢ ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУЫН ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢ ЖОБАЛАРЫ ӘЗІРЛЕНДІ. ОСЫ ЖЫЛЫ 24 МАМЫРДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ.
Шынында да, тәуелсіздік жылдарында азаматтардың саяси мәдениеті жаңа деңгейге көтерілді. Жергілікті жерлерде әкімдердің тікелей сайлауын енгізу еліміздің саяси жүйесін жаңғырту нәтижелерін нығайтуға мүмкіндік береді. Әкімдердің сайланбалылығы бұрын да болған, бірақ ол тікелей емес еді. Әкімдерді мәслихаттар сайлады. Енді «Сайлау туралы» Конституциялық заңға енгізілген толықтыруларға сәйкес азаматтардың өздері аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлайтын болады.
АБАЙ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ 10 ДЕРЕК
- 3823
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Абай Құнанбайұлы
Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі ұшан-теңіз. Оның терең философиясы, мән-мағынаға, парасаттылық пен кемеңгерлікке толы ғақлиялары мен өлеңдері мәңгі ел жадында.
РТБ ШАҒЫН АУДАНЫ ЖАНДАНА ТҮСПЕК
- 968
САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ РТБ ШАҒЫН АУДАНЫ ЖАНДАНА ТҮСПЕК. КӨП ЖЫЛДАР БОЙЫ ҚАҢЫРАП ТҰРҒАН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР, КӨШЕЛЕР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛМЕК. ЖАҢА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР БОЙ КӨТЕРЕДІ. САЯБАҚТАР МЕН ДЕМАЛЫС АЛАҢДАРҒА ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛАНБАҚ.
Құрылыс ауданының аумағында қандай да бір белгілі объектіні салмас бұрын егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарын әзірлеу қажет. Оның өзі құрылысты дұрыс жобалау және жоспарлау үшін бас жоспарға сәйкес жасалады.
ЖЫЛ БАСТАЛҒАЛЫ 429 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
- 908
3 ТАМЫЗ КҮНІ САРАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ИНСТАГРАМ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІНДЕ ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ АЙГҮЛ МУСАЛИЕВА «САРЫАРҚА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖӘНЕ «АДАЛДЫҚ КӨМЕК» ЖОБАЛАРЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ӨТКІЗДІ.
Осы жолғы тікелей эфир «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларға арналды.
ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ЖАРҚЫН ЖОБА
- 1067
САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ ХАЛқын ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗЕҢІНДЕ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША «ЖАЗҒЫ ДРАЙВ» ЖОБАСЫН СӘТТІ ІСКЕ АСЫРУДА. БҮГІНДЕ ЖОБАҒА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСАДЫ. Жазғы драйв - жастарға өз қабілетін ашуға мол мүмкіндік беретін жоба. Оған тек 16 және одан жоғары жастағы жоғары сынып оқушылары мен жоғары оқу орындарының және колледждердің студенттері ғана қатыса алады. Жоба төрт бағыттан тұрады.
ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ ЖАСАЛДЫ
- 1586
БАЛАЛАР ТАҢҒАЖАЙЫПҚА, ТӘРБИЕЛІК МӘНГЕ ТОЛЫ, СИҚЫРЛЫ ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ ЖАСАДЫ. Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің № 3 кітапхана филиалы «Балаларға арналған кітаптар» кітапханалық акциясы және Балалар әдебиеті жылы аясында «Ерте, ерте, ертеде...» атты іс-шараны ұйымдастырып, кішкентай оқырмандарымен бірге ғажайыпқа толы ертегілер әлеміне саяхат жасады.
КӨҢІЛДІ ТУРНИР
- 939
ДОСТЫҚ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ. ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІНІҢ № 3 КІТАПХАНА ФИЛИАЛЫНДА ЕР БАЛАЛАР АРАСЫНДА ДОЙБЫДАН ТУРНИР ӨТТІ.