КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ: шаһардың спорт саласы мен мәдени өмірін жақсартуға бағытталған ұсыныс-пікірлерді тыңдалып, талқыланды
- 562
Мемлекет басшысының әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы Жарлығы осыған саяды. Бүгінде әкімдер тұрғындардың әрбір уәжіне құлақ түріп, жергілікті жердегі мәселеге тереңнен үңілуге кірісіп кетті.
Мәселен, әкім болып сайланғанына бір айға толар-толмас уақыт ішінде Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов шаһар тұрғындарымен бірнеше кездесулер өткізіп, жұртшылықты мазалаған сұрақтарға жауап беруге тырысуда. Сондай-ақ мұндай кездесулердің төрттен бір бөлігі ғана өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы қысқаша таныстырып өтуге арналса, қалған бөлігі қала тұрғындарының сауалдарына арналуда.
САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ: ӨРТКЕ ҚАРСЫ ОҚУ – ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
- 596

10 қазанда Саран шаһарында Рабочая көшесі 2 мекенжайы бойынша орналасқан «Спорттовары» көппәтерлі тұрғын үй кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтті.
Өрт тактикалық оқу жаттығуына мектеп оқушылары, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері, ҚР ТЖМ Қарағанды облысы ТЖД ӨСжАҚЖ ӨСБ-24 өрт сөндірушілері, жедел жәрдем қызмет мен Саран қаласының полиция бөлімі қатысты.
ӨТІНІШТЕР ШЕШІМІН ТАБАДЫ
- 543
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» және «Айқын» газеттеріне берген сұхбатында шенеуніктерге қарапайымдылық жетіспейтінін айтқан болатын. Өз сөзінде ол бүгінде халықпен кері байланыс орнатудың маңыздылығы зор екенін атап өтті.
Мемлекет басшысының пікірінше, әкімдердің есеп беру форматының ескіргені, баяндамаларының жадағай цифрларға құрылатыны, шын мәнінде халықты жалықтырды және жұртшылықтың сеніміне селкеу түсіреді.
ҰСТАЗДАР КҮНІ МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНДА МЕРЕКЕЛЕНДІ
- 555

Мамандық атаулының төресі - ұстаздық. Сол себепті де білім ошағының дүрсілдеген жүрегі болып саналатын мұғалімге көрсетілер құрмет зор болуы тиіс.
Сондықтан болар, жыл сайын игі дәстүрге айналған ұстаздар күні № 17 мектеп-гимназиясында ерекше аталып өтті. Ұстаздарды ұлағаттаған салтанатты шараға аталған білім ошағынеың директоры Никити Максименко, педагогикалық еңбек ардагерлері, мектеп ұжымы, оқушылар мен олардың ата-аналары қатысты.
ҰЛАҒАТТЫ МАМАН ИЕЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
- 588

«Ұлық емес, ұлы қызмет», - деген екен қаһарман бабамыз Бауыржан Момышұлы. 1994 жылдан бері әлемнің 100-ден астам мемлекетінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болса, біздің мемлекетімізде де бұл мереке осы атаулы күні тойланып келген болатын.
ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ – ӨМІРШЕҢ ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
- 582

Меклекет басшысының биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» тақырыбындағы Жолдауы Саран шһарында да қызу талқыланып жатыр.
Бұрнағы күні облыстық ақпараттық-насихат тобының мүшелері академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих ғылымдарының кандидаты Мәулен Советұлы Жакин мен Қарағанды облысы ҚХА «LITUANICA» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тварионас Виталий Ионо қала жұртшылығымен кездесті.
САҒЫНБЕК БЕЙСКЕЕВ: Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажет
- 631

4 қазанда Саран қаласы әкімінің орынбасары Сағынбек Бейскеевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткен болатын.
Құрметті Саран қаласы және Ақтас кентінің педагогтары мен білім беру ардагерлері!
- 574
Құрметті Саран қаласы және Ақтас кентінің педагогтары мен білім беру ардагерлері!
Сіздерді мұғалімдер күнімен құттықтаймыз!
Сіздердің кәсіби мерекелеріңіз – болашақта орнын айқындауға және өмірдегі мақсатты таңдауға көмектескен, адалдық, адамгершілік, мейірімділік, Отанға деген сүйіспеншіліктің маңызды сабақтарын үйреткен, біз өз тәлімгерлеріміз деп санайтын жандардың бәріне ризашылық білдірудің, шын жүректен алғыс айтудың тағы бір мүмкіндігі.
Құрметті аға буын өкілдері!
- 573
Қалыптасқан дәстүр бойынша 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі.
Алтын күз мезгілінде біз барлық күш-жігері мен білімін өз халқына, өз Отанының болашағына арнаған сіздерді құттықтаймыз.
Сіздер біздің мақтан тұтатын жанды тарихымыз, жоғары адамгершіліктің, өмірлік нық сенімнің, рухани мәдениеттің үлгісі болып табыласыздар.
Саран қаласының тұрғындарына үндеу!
- 579
Жол – көлік оқиғасына түскен туысқаныңыздың сылтауымен, алаяқтық жасау жағдайларының жиілеуіне байланысты, сізден ата-анаңызбен әңгімелесуіңізді сұраймыз. Әдетте, 70 жастан 90 жасқа дейінгі және одан жоғары жастағы қарт адамдар алаяқтардың құрбаны болуда, осы жастағы алданған адам үшін қосымша стресстің не болатыныда түсінікті. Алаяқтар адамдарға әртүрлі әдістерді қолдана отырып (ашулану, жылау, қорқыныш, қылмыстық жауапкершілікке тарту қаупі т.б.) эмоционалды қысым көрсетеді. Тек соңғы аптада Саран қаласының полиция бөлімінде осындай 2 факт тіркелді, залал сомасы орасан зор.





