Тіл тағдыры – ел тағдыры
- 551
Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұрасы. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттық тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» – деген.
Мәңгілік еліміздің мәңгілік тілі Мәңгілік ел – мәңгілік тіл.
- 1284
Тіл мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір — қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Осы тіліміздің дамуына үлкен үлес қосқан ұлы тұлғалардың бірі – Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ дегенде шығарда жаны бөлек ұлы ұстаз ағартушының ұрпағына қалдырған мұрасы орасан зор.
2023 жылы Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу
- 787
2023 жылдың 1 қыркүйегінде Президенттік жастар кадр резервіне жаңа іріктеу басталды. Жоба мемлекеттік аппарат үшін талантты, перспективалы және өршіл жастардың, өмірлік мақсаттары мен принциптері қоғамға қызмет етуге бағытталған өз саласындағы мамандардың қатарынан топ менеджерлердің кадр резервін қалыптастыруға бағытталған.
Конкурсқа 35 жастан аспаған, жоғары білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар және орта деңгейден төмен емес мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Ұлттық стандарттарға сәйкес бұл В1 деңгейі.
«Электронды қызметтердің үлесінің артуы - уақыт талабы»
- 499
Ақпараттық технологиялар қарқынды дамыған қазіргі уақытта электронды қызметтердің үлесінің артуы, олардың қызмет алушылардың талаптарына сай болуы уақыт талабы. Бұл орайда қызмет берушілер мен қызмет алушылар арасында сапалы байланыс тек электронды үкімет порталы арқылы ғана емес, сонымен қатар екінші деңгейлі банктердің қосымшалары да тиімді қызмет атқарып отыр.
ТІЛІМ МЕНІҢ – ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ!
- 576
Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір – қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.
Президент Жолдауының өзекті бағыттары
- 652
Қазақстан халқына Президент жолдауы. 2023 жылғы 1 қыркүйекте Қасым- Жомарт Тоқаев Кемелұлы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын жариялады. Жиылым барысында дамыған елдің мүмкіндігін тұрақты реформаға ұштастыру мәселесі қозғалды. Осыған орай бәсекелестік дәуірде халықтың тұрмыс сапасын шын мәнінде жақсарту біздің мақсатымыз болу керек екенің ескерте айтып өтті.
Конституция күні қарсаңында бір топ сарандық марапатталды
- 518
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Саран төрінде салтанатты жиын өтті.
Шара барысында қала әкімінің міндетін атқарушы Алмас Сүлейменов жерлестерін мерекемен құттықтап, Саран шаһарының дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлерді марапаттады.
Құрметті Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындары!
- 519
Құрметті Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындары! Құрметті балалар, педагогтар, ата-аналар! Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін біздің ортақ қуанышымызға орай, жүз мыңдаған оқушылар мен студенттерге, соның ішінде Саран қаласындағы мектептер, лицейлер, колледждермен қатар, еліміздің жоғары оқу орындары өз есігін қайта ашты.
ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЕРЕКШЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
- 564
Ия, пендесіне берілер сынақ әрқилы. Бірі жазатайым оқиғадан жапа шексе, енді бірі туа бітті бұзылысқа тап болып, қазіргі қоғам тілімен айтқанда «мүмкіндігі шектеулі» деген топқа жіктеліп жатады. Басқа түссе пенде тағдырдың кез келген сынағына төзеді. Бұл бағытта мемлекет оларға өзгелермен тең дәрежеде жүріп-тұрып, кедергісіз өмір сүрулеріне қажетті жағдайлармен қамтуды басты назарда ұстауда.
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ МЕШІТТЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
- 591
Бұрын елімізде әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары киерге киім таппағандықтан, мектепке уақытылы бара алмай, қатарынан жиі қалып қоятын. Соңғы жылдары мемлекет аяққа тұрып, етек-жеңімізді жиғанымыз сол екен, тұрмысы төмен отбасылардың саны да азая бастады. Мұндай жанұядағы балаларды мемлекет қана емес, қайырымды жандар өз қамқорлығына алған.