- 340
28 наурыз күні Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжде қоғамдық процестерді зерттеу және талдау орталығының атқарушы директоры Серік Тлекбаев пен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның жұмыс тобының мүшесі, облыстық ақпараттық топтың лекторы Шахмарал Кабулова студенттермен кездесті.
- 343
Бүгінде елімізде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты айқындаушы саланың бірі рухани, құлықтық, патриоттық білім беру мен тәрбие болып саналады. Келешек ұрпақтың рухани тұрғыда және білім беру жүйесіндегі зайырлылық мәселесі – қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Дін бұл шеңберде адам өмірінің басқа да салаларымен өзара әрекетінің арқасында мәдениеттің құрамдас бөлігі санатында қарастырылады.
- 335
Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаты зайырлылық қағидаты болып табылады. Ел Конституциясында бекітілген зайырлылық қағидаты "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңда егжей-тегжейлі көрсетілген. Заңның тиісті баптары мемлекетті Дін мен діни бірлестіктерден бөледі, бұл сөзсіз Қазақстанның зайырлылығын бекітеді.
- 376
Тіл дегенде таңдайдағы тілек, соққан жүректе бөлек. Мемлекеттік тіліміздің әрқайсысымыздың ар - абыройымыздың көрсеткіші екені де анық.
Кез келген тілдің болашағы негізгі үш факторға тәуелді. Олар, атап айтсақ, мәдени әлеуеті, қалыптасқан әлеуметтік база және саяси күштердің тіл саясатына араласуы. Қазіргі қазақ тілінің тағдырына осы үш фактор да қатысып отыр. Мәдениеттің бір бөлшегі саналатын жазумен тілдің болашағы сабақтасып жатыр.
- 434
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңның 21 – бабы, «Жарнама туралы» Заңның 6 – бабына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпарат тілін реттеу және көрнекі ақпаратты екі тілде рәсімдеу бойынша әдістемелік көмек көрсету «Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы» КММ негізгі міндеттерінің бірі.
Жалпы жарнама жасау, тарату, оларды орналастыру мәселесі Қазақстан Республикасы «Жарнама туралы» Заңымен реттеледі. Заңның негізгі мақсаты – жөнсіз жарнамаға жол бермеу және оларға тыйым салу болып табылады. Қазақстан Республикасының аумағында жарнама мемлекеттік тілде және орыс тілінде таратылатындықтан, жарнама мазмұнының бір тілден екінші тілге аудармасы оның негізгі мағынасын бұрмаламауы тиіс.
Қаламызда мемлекеттік тілдің ахуалы зерделеніп, көрнекі ақпараттардың «Тіл туралы» заңнама талаптарына сәйкестігі үнемі қадағаланып отырады.
- 318
Саран қаласында алғаш рет «Жайнай бер, Қазақстан!» атты көркемөнерпаздар шығармашылық фестивалі өтті.
26 наурыз күні қалалық мәдениет үйінің киелі сахнасы ерекше түрлене түсті. Қалалық білім беру мен кәсіподақ ұйымының мұрындық болуымен білім беру ұйымдары арасында «Жайнай бер, Қазақстан!» атты шығармашылық фестиваль өткізілді.
- 339
1 наурызда Өңірлік кадр резервіне іріктеу басталады.
Іріктеуге жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан азаматтары қатыса алады.
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар өңірлік резервке іріктеуге қатыса алмайды.
Өңірлік резервке алынатын кандидаттардың санын, салалық бағыттарды өңірлік кадр комиссиялары өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтарын ескере отырып, айқындайды.
- 307
19 наурыз күні Саран қаласы әкімдігінің конференц залында қала әкімінің орынбасары С. Бейскеевтің төрағалығымен Саран қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті.
- 325
Биыл «NAURYZ RUN» қайырымдылық марафонында 100-ден аса бала мен 250-ден астам адам жүгірді.
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнінде Саран қаласында «NAURYZ RUN» қайырымдылық марафоны ұйымдастырылды. Игі шараның басталуы мен аяқталуы дәстүрлі түрде Рабочая мен Новая көшелері арасындағы «Треугольник» қоғамдық орнында өтті. Сол күні Саран қаласының әкімі Еркін Баулыков салауатты өмір салтын насихаттап жүрген барлық қатысушыларды жаңару мен жаңғырудың бастауына айналған Наурыз мейрамымен құттықтап, сәттілік тіледі.
- 404
Саран қаласында әртүрлі ұлт өкілі бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруде. Көпке өнегесімен үлгі берекелі көпұлтты отбасылар да аз емес. Сондай ынтымағы жарасқан, айрандай ұйып отырған шаңырақтардың бірі – Хайруллиндер жанұясы.
Үйдің отағасы Иран Хайруллин Мейірбекұлы 1983 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Ақтерек ауылында дүние келген. Жастайынан қазақ халқының салт-дәстүрімен таныс, етене араласып өскен десек те қателеспейміз. Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледждің түлегі. 2002 жылы колледжді қызыл дипломмен аяқтағаннан кейін осы қара шаңыраққа айналған білім ордасында ұстаздық жолын бастап кеткен.