- 294
Халқымыздың тарихы мен тағдыры, мәдениеті мен әдебиеті, ділі мен діні – тілінде. Қазақ тілі – ең таз әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Тілдің тұғыры және тағдыры бесіктен басталады. От басында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдіршіннің тілге деген құрметі биік болады. Қазақтың тілі – қазақтың жаны!
- 310
Қалалық мәдениет үйінде қала әкімі Еркін Баулыковтың қатысуымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті.
Отан қорғаушылар күнін ұлықтау да биыл қаламызда бар сән-салтанатымен атап өтілді. Мерекелік шараны патриоттық рухқа толы өлең жолдарымен жандандыра түскен Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп пен №1 мектеп-лицейінің білім алушылары ашып берді. Салтанатты жиынға қала әкімі Еркін Баулыков қатысты.
- 303
Саран қаласының құрдасы, еңбегімен елге сыйлы Жұмабике Токушева қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып қызмет етіп жүргеніне биыл төрт жыл болса, коммуналдық шаруашылықтағы жалпы жұмыс өтіліміне 8 мамыр күні 50 жыл болды.
- 339
24 сәуір күні Саран қаласының мемлекеттік архивінің жеке жоспары бойынша Саран қаласының Прокуратурасымен бірлескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты қалыптастыру мақсатында архив қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, парасаттылық пен адалдық қағидаттарын насихаттау бойынша «Жемқорлық індет – жою міндет» атты дөңгелек үстел өткізілді.
- 308
Саран қаласы Аналар кеңесінің төрағасы Гүлжан Жүсіпбекова мен қалалық жастар ресурстық орталығының жастар ісі жөніндегі инспекторы Нұрсұлу Сабырова Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінінің студеттерімен «Қоғам мен жастар» тақырыбында кездесу өткізді.
- 311
“Таза Қазақстан” акциясы жалғасын табуда. "Өнегелі ұрпақ" апталығы аясында Саран қаласының еріктілері аға буын өкілдеріне көмек көрсетуде
#ТазаҚазақстан
- 295
Сіздерді келе жатқан мерекелер – Отан қорғаушылар күні және Ұлы жеңіс күнімен құттықтаймыз!
Елді қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы, шынайы патриотизмнің айқын көрінісі.
Қорғаныс қабілетін үнемі арттыру – мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі.
Республикамыздың Қарулы Күштерінің жауынгерлері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жеріміздегі тыныштықты қорғай отырып, батыр бабаларымыздың даңқты жолын жалғастыруда. Олардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы қалтқысыз қызметі – өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге болмақ.
- 298
26 ақпан күні қалалық «Достық үйі» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында Отан қорғаушылар күніне қарсы «Үш ұрпақ кездесуі» атты салтанатты іс-шарасы өтті. Оған тыл еңбеккерлері, интернационалист-жауынгерлер, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері мен әскери қызметшілері, әскерге шақырылған жастар, мектеп оқушылары мен студенттер қатысты.
- 322
Саранда «Жас құтқарушылар» қалалық олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болды.
Саран қаласының өрт сөндіру бөлімінің аумағында дәстүрлі түрде өтіп жүрген «Жас құтқарушылар» қалалық олимпиадасы биыл да өз жалғасын тапты. Оған осы жолы сегіз команда қатысуға бел буған.
- 396
Саранда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бір күнде 1500 дана ағаш отырғызылды.
Экологиялық акцияның «Жасыл аймақ» тақырыбымен өткен апталығында қала тұрғындары көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына білек сынаба кірісті. «Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары Айдын Мұхтардың айтуынша, қалалық «Сұңқар» стадионында, Ленин даңғылындағы саябақта, Жеңіс стеласында, 1 А ықшам ауданында, қала аулаларында ағаш көшеттері отырғызылды.