Сегодня: 29.03.2024
Регистрация: в Министерстве информации и коммуникаций Республики Казахстан. Свидетельство №16307-Г от 18.01.2017 года (номер и дата первичной постановки на учет №869-Г от 16.09.1999 года)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 31 наурызда жасаған өтінішін Саран қаласы Аналар Кеңесі мұқият тыңдады.
Президент, бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отырғанын, коронавирус індетінің дүние жүзіне жайылып бара жатқанын және осыған орай елімізде төтенше жағдай жарияланғанын айтты.

Елімізде індетке шалдыққан адамдарға барлық қажетті көмекті көрсетіліп отырғанын да баса атап өтті.
Жағдайдың ушыға түскенін ескере отырып Президент, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау көрсету жөнінде біршама қосымша шешімдер қабылдады. Біздерді, яғни қалалық Аналар Кеңесінің мүшелерін инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауы және табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсету, сонымен қатар, қажет ететін отбасыларына, мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарға тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін беру қуантты.
Саран қаласы Аналар кеңесі, мемлекет тарапынан жасалып жатқан барлық шараларды қолдай отырып, барлық қала тұрғындарын, еліміздің азаматтарын коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдай тәртібін бұлжытпай орындап, туғандары мен жақындары үшін үйде қалуларын сұрайды!!!

Саран қаласы Аналар Кеңесі пікірі