Сегодня: 20.04.2024
Регистрация: в Министерстве информации и коммуникаций Республики Казахстан. Свидетельство №16307-Г от 18.01.2017 года (номер и дата первичной постановки на учет №869-Г от 16.09.1999 года)

2020 жылғы 8 сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Бірлесе білген ел бәрін жеңеді" атты мақаласы жарияланды. Мақаланың аты айтып тұрғандай Елбасы елді осындай қиын кезде бірлікке шақырды.

Бұндай дертті ұйымшылдық мен темірдей берік тәртіптің арқасында ауыздықтай алатындығымызды айта кетті. Біздің ел қатерлі дерттің алдың алу үшін қажет шараларды дер кезінде қабылдады. Ең маңызды шаралардың бірі- төтенше жағдайдың жариялануы. Бүкіл әлемді әбігерге салған бұл пандемия экономикалық дағдарыс тудырып отыр.

Егемендік жылдары ел экономикасын әртараптандырудың арқасында елімізде әлемдік бәсекеге қабілетті өнімдер шығарылып, жаңа технологиялар әкелініп, жүйелі жүргізілген реформалар нәтижесінде ауыл шаруашылығы да айтарлықтай дамып, Қазақстан өзін ет, сүт және тағы басқа да азық-түлік өнімдерімен емін-еркін қамтамасыз етіп қана қоймай, әлемдегі астық экспорттаушы алғашқы алты мемлекеттің қатарына қосылғанын Елбасы тілге түйе кетті. Бізде осындай ауырпашылықты жеңіп шығу үшін қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрі бар екенін айтты. Сондықтан да алаңдайтын, абыржитын еш негіз жоқ екені айтылды.

Дер кезінде алдын ала жоспарланып, кеңінен ұйымдастырылған шаралардың арқасында, бүгінгі күні еңбекті ұйымдастырудың креативті әдістері пайдаланылып, қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндік бар екенін айта кеткен жөн. Карантин кезінде көптеген мекемелер осы жүйеге көшіп өз жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Елбасы осындай сын сағатта кәсіпкерлерді отандастарына қол ұшын беріп, қаржылай, заттай көмектесуге шақырса, жас ұрпақты жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істер жасауға ұмтылуға щақырды.

«Ұлт денсаулығы мен мемлекет қауіпсіздігі – бір-бірімен етене, егіз ұғымдар. Мемлекет бұл қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды және тиісті шараның барлығын атқарады. Бірде-бір адам, еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды. Біз – біртұтас ел, бірлігі берік жұртпыз. Мен әрқашан халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы да сіздермен біргемін. Қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айрылмайық. Сонда ғана біз қастерлі тәуелсіздігімізді сақтап, Қазақстанды "Мәңгілік ел" болуға лайықты ете аламыз»- деді Елбасы.

 

 

Саран қаласының тілдер дамыту орталығының директоры Шәкенова Гүлнәр Сағындыққызы