Сегодня: 25.04.2024
Регистрация: в Министерстве информации и коммуникаций Республики Казахстан. Свидетельство №16307-Г от 18.01.2017 года (номер и дата первичной постановки на учет №869-Г от 16.09.1999 года)

Жаһанды аяғынан тік тұрғызған індет айылын қашан жияры белгісіз болғандықтан, әлем елдері қашықтан білім беруге көшті. Оның ішінде Қазақстан да  бар. Сөйтіп, 6 сәуірден бастап еліміздің барлық мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына көшті. Балалар енді 4 тоқсанды күнделік, bilim land ПЛАТФОРМАЛАРЫ Және отандық «Балапан» мен «Ел арна» телеарналары арқылы оқитын болады. Жалпы шаһарда 8 мектеп бар.

Біз қаладағы № 4 жалпы білім беретін метебіне хабарласып, аталмыш оқу орнындағы қашықтан оқытуға жауапты Зухра Жумановамен оқу процесінің қалай қөтіп жатқандығы туралы әңгімелескен едік.

- Зухра Амантайқызы сіздердің мектепте оқушылар қандай платформамен оқиды? Сонымен қатар, бастауыш сыныптар мен жоғары сынып оқушылары бір платформада жұмыс жасай ма? Әлде мектеп табалдырығын енді ғана аттаған, онлайн форматта жұмыс істеуге дағдылана қоймаған бастауыш сыныптағы бүлдіршіндерге жеңілдіктер қарастырылған ба?

- Алдымызда пандемия кезіндегі короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында орта білім  беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру міндеті тұрғандықтан бірыңғай білім беру ортасын құру қажет болды.

Жалпы білім беретін мектебіміздің мектепалды сыныптары мен 1-11 сыныптардың білім алушылары мен тәрбиеленушілері үшін қашықтықтан оқыту екі тәсілмен жүргізіледі.

Бұл қалай болмақ:

Біріншіден. Теледидар арқылы сабақ өткізу. Яғни, телевизиялық сабақтар, оның ішінде радиодағы аудио сабақтар.

Екіншіден. Арнайы мамандандырылған интернет-платформалары арқылы өткізілетін сабақтар. Бұл цифрлық жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, сондай-ақ онлайн-сабақ өткізуге, кері байланыс орнатуға, жеке дара оқыту мен тапсырмаларды геймификациялауға зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл формат тестілеу жұмыстарын өткізуге және алған білімдерін бағалауға мүмкіндік жасайды.

Осы ретте біздің мектебіміздің мұғалімдері білім беру қызметін «Google classroom» платформасы арқылы жүзеге асыруды жөн көрді. Қазіргі уақытта мектебіміздің барлық білім алушылары «Google classroom» платформасын пайдалана отырып білім алуда. «Google classroom» платформасы мұғалім мен білім алушының қашықтықтан жұмыс жасауына қиындық туғызбайды.

2020 жылғы 6 сәуірден бастап заңнамада белгіленген тәртіппен оқытуды ұйымдастыру басталып кетті. Білім алушылар әртүрлі құрылғыларды (компьютер, ноутбук, планшет, смартфон) пайлананып білім алуда.

Әрине, білім алушылардың ата-аналары тарапынан қашықтықтан білім беруге байланысты көптеген сұрақтар туындап, қобалжу байқалды. Бірақ, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, шешімдер қабылданып, осы күні білім алушылардың барлығы платформаны кеңінен пайдалануда.

Бастуыш сынып білім алушыларының көпшілігіне платформамен жұмыс жасау қиындық туғызбады. Бастауыш сынып білім алушылары мен даярлық тобының тәрбиеленушілері үшін орындалған тапсырмаларды педагогке қолжетімді байланыс құралдары (WhatsApp чат, электронды пошта) арқылы жіберуге болатыны туралы айтылды.

- Мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс қалай және қайда жүзеге асырылады? Бұдан бөлек, зум бағдарламасы немесе телефон арқылы (телефон нөміріне қоңырау шалу, watsapp арқылы аудио немесе видео байланыс) онлайн байланыс жасау қарастырылған ба?

- Мұғалім мен оқушының арасындағы кері байланыс «Google classroom» платформасы арқылы жүзеге асырылуда. Жоғары және орта буын білім алушылары үшін барлығы түсінікті, қолжетімді болып отыр. Бастауыш сынып білім алушыларының көпшіліне платформамен жұмыс жасау қиындық туғызбады. Бірақ бағана айтып өткенімдей, бастауыш сынып білім алушылары мен даярлық тобының тәрбиеленушілері үшін орындалған тапсырмаларды педагогке қолжетімді байланыс құралдары (WhatsApp чат, электронды пошта ) арқылы жіберуге болатыны туралы айтылғантын. Мектебіміз жалпы «Google classroom» платформасымен жұмыс жасап отырғанымен,  қосымша зум бағдарламасы, дарын онлайн платформаларымен де онлайн байланыс жасау қарастырылған.

- Тағы бір толғандыратын мәселе бар, мысалы сіздердің мектептегі көп балалы немесе үйлерінде қажетті техникасы жоқ отбасылардағы балалар сабақты қалай оқып жүр. Әлде оларға қандай да бір жеңілдіктер қарастырылған ба немесе әкімдік пен мектеп әкімшілігі тарапынан қажетті техникамен қамтамасыз ету арқылы көмек көрсетіліп жатыр ма?

- Біздің мемлекет қашықтан оқыту жүйесін ұстанған кезде басқа дамыған елдерде де орын алып жатқан кейбір қиындықтар туындауы мүмкін екенін жақсы түсінген. Бір отбасында бірнеше оқушы болған жағдайда бір компьютер мен бір смартфонды пайдалану ыңғайсыз болуы немесе қажетті техниканың мүлдем болмауы да мүмкін. Кейбіреулерде интернет байланысы да жоқ.

Президент қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға тапсырма берді емес пе. Бұл мәселелер қазір ерекше бақылауда. Әкімдіктермен бірлесе отырып, мектептегі компьютерлерді оқушылар мен мұғалімдерге уақытша пайдалануға беру, тіпті, қажет болған жағдайда, мектептерге қосымша техника (планшеттер немесе компьютерлер) сатып алып, оларды да уақытша пайдалануға беру мәселелері білім минстрлігімен де қарастырылған негізі.

Сол сияқты, біздің мектептегі де көп балалы отбасындағы білім алушыларымыздың жағдайы ескеріліп отыр. Отбасындағы балалардың қашықтықтан білім алуы үшін құрылғыларының жетіспеушілігіне байланысты ата-анасының өтініші бойынша мектеп резервіндегі компьютерлер уақытша пайдалануға берілді.

Содан кейін айта кеткім келіп отырған бір ойым бар. Қашықтан оқытудың бір артықшылығы, берілген шығарманы білімгер оқып шығып, мысалын, өзінің түйген ойын жазады. Яғни шығармашылық тұрғыда дамиды. Бірақ бұл жүйенің тиімсіз жақтары жоқ десем артық айтқаным шығар. Бұдан гөрі 45 минут бойы мектепте сабақ бергенім жақсы. Мейрамда бағдарламаға материалдарды жүктеумен әуре болып қалдым. Содан кейін вебинар қосу жағдайын реттеу керек. Және түрлі әдістерді қолдану онлайн түрде көрсету қиындық туғызады. Мың жерден техникалық жағынан жабдықталсақ та, сыныптағы адамның тікелей қарым-қатынасын түгелдей алмастыра алмайды. Сондықтан коронавирустың беті қайтып, бұрынғы қалыпты оқу үдерісіне тез көшсек екен деп тілеймін.

- Сұқбаттасқаныңызға рахмет.

Сұқбаттасқан

 Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ