Сегодня: 29.03.2024
Регистрация: в Министерстве информации и коммуникаций Республики Казахстан. Свидетельство №16307-Г от 18.01.2017 года (номер и дата первичной постановки на учет №869-Г от 16.09.1999 года)

 

Карантин уақытында ұлы тұлғалардың мерейтойы тасада қалмауы тиіс. Осы мақсатта Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты онлайн байқау өтті. Шараны ұйымдастырушы «ТilKZ» жекеменшік мекемесі. Республикалық онлайн байқауға кез келген жастағы ниет білдірген адам қатыса алды.

Өзіндік қадір-қасиеті сақталған қазақ жерінің қай шетінде болмасын төл руханиятының дәні жоғалмай, сабағының кейінгі ұрпаққа тамыры үзілмей жетуіне, халық қазынасының сақталуына сөз өнерін ерекше игерген ақындарымыздың тағылымы мен шығармалары өскелең ұрпаққа ықпалын тигізері сөзсіз…

Осының бәрі, түптеп келгенде, қазақ сөзінің құдіретін бағалап, өлеңді «өнер» деп таныған ата-бабамыздың құндылығын рухани санамызда тіл арқылы сақтап, қажет кезінде жаңғыртып отыратын дәстүр жалғастығының өміршеңдік қуатында, туған топырақтан тараған сөз бен өлеңнің киесінде.

«Абайдың өлеңдері», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың әндері» номинациялары бойынша ұйымдастырылған байқауда Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының өнерпаздары бақ сынасты. Барлық қатысушыларға қойылған талап біреу. Әр номинация бойынша ұлы ақынның жауһар жырлары мен қара сөзін мәнерлеп жатқа оқисыз немесе әнін орындап, бейнетаспаға түсіресіз. Оны «ТilKZ» жекеменшік мекемесінің Instagram немесе facebook парақшасына жолдайсыз. Жеңімпазды арнайы комиссия анықтады.

Жалпы қатысушылардың өнерге деген, Абай мұрасына деген қызығушылықтары жоғары деңгейде. Кейбір бейнематериалдарды дайындауға арнайы көңіл бөлініп, шығармашылық танытқандары байқалады.

Жастардың арасында халқымыздың тарихында тау шынарындай биік тұрған ұлтымыздың ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармаларын үзбей оқып, тәлімді сөздерінен рухани азық алып жүргендердің аз еместігі көңілге қуаныш ұялатты.

Иә, ұлы ақынның мерейтойына арналған онлайн байқау 17 сәуірден бастау алып, 27 сәуірге дейін жалғасты.

Әрине, әттеген-ай, дегізетін тұстары да жоқ емес. Дегенмен бұндай онлайн форматтағы байқаулардың елімізде алғаш рет қолға алынып, өткізіле бастағандығын және қатысушылардың да алғаш рет онлайн конкурстарға қатысып отырғандығын ескере отыра, байқауға ұсынылған барлық жұмыстарды зерделей келе, ұйымдастыру комитетінің шешімімен төмендегідей жүлделі орындар анықталды:

«Абайдың өлеңдері» номинациясы бойынша 6-9 жас аралығында

І орын – Серік Алтынай, Кендебай Кәусар, Ахмедия Нұрханым;

ІІ орын – Сайдулла Нұрғайым, Несипбаева Диляра, Сейілбек Алихан;

ІІІ орын – Жұмағазы Аружан, Айтқұл Інжу, Дүйсенбай Ералы;

осы номинацияда 10-13 жас аралығында:

І орын – Айдынқызы Ақниет;

ІІ орын – Халелов Олжас;

ІІІ орын – Ниязбекова Луиза;

осы номинацияда 14-29 жас аралығында:

І орын – Нұрбек Назерке;

ІІІ орын – Рымбай Тоғжан.

«Абайдың әндері» номинациясы бойынша 6-9 жас аралығында:

ІІ орын – Кисибаева Амина; Зайтхан Алтынбек;

ІІІ орын – Сапарғалиева Әлия;

осы номинацияда 10-13 жас аралығында:

І орын – Марс Назар;

ІІІ орын – Молдахметова Назым;

осы номинацияда 14-29 жас аралығында:

І орын – Зулжалладин Іңкәрбибі;

«Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша 10-13 жас аралығында

І орын – Ахат Нұрәлі

осы номинацияда 14-29 жас аралығында

І орын – Сыдық Аягөз, Маурат Жансая

ІІ орын – Матаева Лаула, Ермек Фариза, Айдын Олжас

ІІІ орын – Қожамұратов Жансейіт, Назарбаев Нұрсұлтан, Ауелбеков Нұрмедет, Нұрғали Асыланбек.

Осы байқауға атсалысқан өзге ұлт өкілдері мен орыс мектептерінің оқушылары ерекше алғысқа ие. Олардың ішінен 1-орын иегері - Овсянникова Вероника, 2-орын - Бохан Айсана, 3-орын - Гончаров Роман.

Алғысхат иелері: Жаңабаев Ақжан, Жолдас Айым, Тлеухан Мадина, Сапи Мейіржан, Таңатарова Інжу, Игиликова Жанель, Малғаждар Айтуар, Абат Мейрамбек, Саттарова Дамира, Дәулетұлы Арнат, Қыдырбай Аружан, Татаргалин Илгизар,Сахиева Нұрай, Елузахұлы Жасұлан,Тельман Асылай, Қажымұрат Альфинур, Серикова Гульназ, Жансерік Айару, Қажымұрат Бейбіт, Абдикаримова Аружан, Сәкен Диляра, Темирбек Айсана.

Сонымен қатар, «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» байқауының «Абайдың әндері» номинациясы бойынша қатысушысы, «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушісі - Сиралинов Русланға 5000 тг көлемінде сыйақы беруге демеушілік көрсеткен Мансуров Серікхан ағамызға үлкен рахмет айтқымыз келеді.

Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, қатысушылар мен олардың жетекшілеріне зор алғыс білдіреміз!

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ