Сегодня: 29.03.2024
Регистрация: в Министерстве информации и коммуникаций Республики Казахстан. Свидетельство №16307-Г от 18.01.2017 года (номер и дата первичной постановки на учет №869-Г от 16.09.1999 года)

Ия, осы атауды естігенде менде таңданыспен қабылдағам алғаш рет. «Қоғамдық келісім кеңесі» деген не расымен? Қандай ұйым? Қоғамға қандай пайда бұл кеңестен? Осы атауды естіген әрбір адам дәл осындай сауалдармен бас қатыратыны сөзсіз. Жауабын біз берсек дейміз.

Қоғамдық келісім кеңесі – татулықтың белгісі. Ұйымшылдықтың көрінісі. Билік пен халықтың арасын жақындастыратын, тығыз байланыстыратын кеңес.

Қаламызда бұл кеңестің құрылғанына бірнеше жыл болып қалды. Осы кезге дейін бөлек жұмыстанып келген ақсақалдар кеңесі, әкелер, аналар, әйелдер, жастар кеңестерінің басын бір арнаға тоғыстырып, біріге, жұмыла жұмыстануға шақыру міндеті. Осы кеңестерді қосып қоғамдық келісім кеңесі деп құрылған болатын.

Мақсатын баяндасақ. Әр саладан сайланған осы кеңестің өкілдері болады. Шаһарда болып жатқан келеңсіз оқиғаларды, ішкілікке салынған отбасыларды, қаланың тазалығына мән бермейтін тұрғындарды, құқық бұзушылыққа бейім келетін жастардың тілін тауып, қала әкімімен бірлескен түрде шаһар ішінде күрделенген мәселелердің оңтайлы шешімін табуға тырысады кеңес мүшелері. Яғни, бұл кеңеске қала тұрғындарының ілтипатына бөленген, көп көріп, көп естіген адамдардың сайланғаны жөн. Жөн емес-ау, солай болуы тиіс қой, әлбетте. Бұл қоғамдық келісім кеңесінің арқасында қалада ұйымшылдық, бірлік һәм татулық орын алады. Атауы да дәл солай, айтып тұр ғой.

Қала әкімі Ержан Темирханов та осы қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысына қанықты. Қанығып қана қойған жоқ, қалада нендей мәселелер мазалайтынын сезінді. Сезініп қана қойған жоқ, сол мәселелердің шешілу жолын табу үшін халықпен ақылдасты. Қала әкімінің жанынан қоғамдық кеңестің төрағасы, Саран халқына сыйлы ақсақалдардың бірі Болат Аброев, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Саран қалалық филиалының торағасы Галина Сычева, Саран қаласы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Қазбек Алшынбаев, қалалық мәслихаттың депутаттары, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғалия Төртбаева, қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры  Әлібек Рахымжанов, шаһардағы этномәдени қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, мемлекеттік органдардың басшылары, кәсіпкерлер палатасы, білім беру мекемелерінің басшылары мен дін өкілдері табылды. БАҚ өкілдері  де бар.

Не байқадық және не ұқтық дейсіздер ғой? Қоғамдық келісім кеңесінің жұмыс жасап жатқанына бірнеше жылдай болды дедік қой жоғарыда. Міне, осы уақыт арасында билік пен халық арасында көпірдің пайда болғанын байқадық біз. Жоқ, бұл мақтау емес. Халық биліктің жағдайын сезініп, бюджеттің резеңке емес екенін ұққандай. Әкімдікте қала әкімі шешетін, сонымен қоса қоғамдық келісім кеңесі атқаратын шаруалар бар.

Галстуксіз форматта, дөңгелек үстел басында өткен кездесулер халықтың есінде сақталары айқын. Газ, су, жол мәселелері, күрделі жөндеуден өтіп жатқан мәдениет үйлері, мектеп және балабақшалар да халықтың жіті қадағалауында. Бұл қоғамдық келісім кеңесінің нәтижелі жұмысы деп түйдік ойға. Бірақ, бұл кеңестің жұмыстарына қанағаттана алмай жатқандардың да бар екенін жасыра алмаймыз. «Қорамдағы қоқысты тазалап бер», «суымды жалғап бер», «мысығымның өлігін қоқысқа апарып бер», «бәріне әкім жауапты, барлық шаруаны әкім істесін» дейтұғын тік мінезді, әр сынды ой елегінен өткізбейтін тұрғындарды да кездестірдік.

Қала  әкімі енді әр үйге кіріп, сол үйлердің қоқыстарын тазалау керек пе сонда? Ол қайдан шыққан заң? Көшелерге тұрмыстық бұйымдардың қалдықтарын, мысық пен ит сияқты үй жануарларының өлімтіктерін лақтыра салу сияқты адамдыққа жатпайтын іс-әрекеттер өте көп. Коммуналдық қызмет жұмыскерлері арнайы көлікпен қоқысты тиісті жеріне апарып салады. Соған үйреніп, басынып алған халық көшені қайта қоқысқа толтырады. Не үшін? Балаларымыз бен қарттарымыз, жә қала берді, өзіміз жүреміз сол көшемен, өзіміз демаламыз ғой сол ауамен. Балалар алаңы керек дейміз. Келер ұрпақ тарықпасын деп салдыртамыз. Бірақ сол балалар алаңын қалай ұстаймыз біз? Бір ай өтпестен есігін сындырып, спорттық құралдарын майыстырып, адам шошитын халге жеткіземіз. Кім солай істейтін? Әрине, өзіміз. Міне, қоғамдық келісім кеңесі осындай қоғамдағы олқылықтардың азаюына, тіптен жойылуына тырысып, еңбектену келеді.

Қалаға бюджеттен бөлінген қаржының қайда кетіп, қайда жұмсалуын да шаһар басшысы осы қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен ақылдасып отырады. Бұл пікір алмастыруға, халық ойымен биліктің де санасуына керемет мүмкіндік.

Не байқадық және не ұқтық дейсіздер ғой? Қоғамдық келісім кеңесінің жұмыс жасап жатқанына бірнеше жылдай болды дедік қой жоғарыда. Міне, осы уақыт арасында билік пен халық арасында көпірдің пайда болғанын байқадық біз. Жоқ, бұл мақтау емес. Халық биліктің жағдайын сезініп, бюджеттің резеңке емес екенін ұққандай. Әкімдікте қала әкімі шешетін, сонымен қоса қоғамдық келісім кеңесі атқаратын шаруалар бар.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ