Сегодня: 24.04.2024
Регистрация: в Министерстве информации и коммуникаций Республики Казахстан. Свидетельство №16307-Г от 18.01.2017 года (номер и дата первичной постановки на учет №869-Г от 16.09.1999 года)

16 маусымда «Nur Otan» партиясының жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясының мүшелері шаһардағы бірнеше білім ошақтарының ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, құрылыс жұмыстарына жауапты мердігерлермен кездесіп қайтқан болатын.

Қалалық маслихаттың депутаттарынан құралған партиялық бақылау комиссиясының мүшелері ғасырға жуық тарихы бар білім мекемелерінің күрделі жөндеуге зәру кейпіне куә болды.

Биылғы жылы қаламыздағы үш мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Осы мақсатта бөлінген қаржы негізінен мектептердің шатырын ауыстыруға жұмсалатын болады. Ал құрылыс жұмыстарымен бірнеше мердігер компания айналысады.

Ақтас кентіндегі № 16 жалпы білім беретін мектебінде ғимараттың шатырына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 22385 мың тенге қаражат бөлініп отыр.

Мердігер компания «Балқаш жібек жолы» жауапукршілігі шектеулі серіктестігі жолдау жұмыстарын үстіміздегі жылғы тамыз айының 25-не дейін аяқталуға уәде берді.

Ал шаһардағы № 6 жалпы білім беретін мектеп ғимаратының шатырын жөндеу үшін мектеп әкімшілігі «СП NEFT» ЖШС шартқа отырған. Қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен қарастырылған екен. Бұл мақсатта аталмыш білім мекемесіне биылғы жылы 45905 мың теңге қаражат бөлінген. Бұл мектептің шатырын жөндеу жұмыстары үстіміздегі жылдың сәуір айынан басталған. Қазіргі уақытта жалпы ауданы 2800 шаршы метрді құрайтын шатырдың 1800 шаршы метрді алып жатқан аумағындағы жұмыстар аяқталып қалған. Жөндеу жұмыстары  толығымен 25 шілдеге дейін бітеді деп жоспарлап отыр мердігер компания. Алайда халық қалаулылары жөндеу жұмыстарымен танысу барысында шатыр ернеулерінің қапталмағандығын байқап, мердігерлерге олқылықты жою туралы ескерту жасады. Себебі ернеулер қапталмаған жағдайда, қатты жел тұрған кездерде жаңадан салынған шатырды ұшырып әкету қауіпі бар дейді депутаттар. Ал мердігер компанияның өкілдері аталмыш жұмыстар әубаста жобада қарастырылмағанын айтады. Бірақ, мәселені оңтайлы шешу мақсатында халық қалаулылары тарапынан мектеп әкімшілігіне ғимараттың қасбетін жөндеу бойынша жоба сметалық құжаттарды әзірлеу кезінде аталмыш құжатқа ернеулерді қаптау бойынша жұмыстарды енгізуді қарастыру ұсынылды.

Ақтас кенті мен Саран қаласындағы мектептердің жай-күйімен танысып, жөндеу жұмыстары жайлы мердігерлермен сөйлескен мәслихат депутаттары ат басын РТБ елді мекеніне қарай бұрды. Мұндағы № 7 жалпы білім беретін мектеп-интернаты өткен ғасырдың ортасында салынып, пайдалануға берілген. Алайда, мектептің төбесінен сорғалаған су – білім ошағының тозығы жеткенін дәлелдеп тұр. Биыл бұл мектептің ағымдық жөндеу жұмысына 15795 мың теңге қаражат бөлінген екен. Жөндеу жұмыстарымен айналысатын мердігер компания  ПрК «Стэк» ЖШС. Жұмыстардың аяқталу мерзімі шілде айының соңына дейін деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта шатырдың үстіңгі қабатын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ал кейбір жерлерде бетондық төсеніштерді тазарту бойынша жұмыстар басталып кеткен екен. Депутаттар мектеп шатырының жұмсақ материалдан салынатынына алаңдаушылық білдіруде. Себебі мектептің үшінші қабаты шатырдан сорғалап аққан судың кесірінен ұзақ жылдар бойы қолданыста болмағанын айтады. Сондықтан да еңісті шатыр болғаны дұрыс дейді депутаттар. Бұдан бөлек, олар мектеп аумағын қоршау және асфальттау жұмыстарын жүргізуге кеңес бере келіп, жылыту маусымының аяқталғанына қарамастан мектеп ауласында жатқан күл қалдықтарының әлі күнге дейін шығарылмай жатқандығына база назар аударды.

Қорыта келе, қалалық маслихаттың депутаттарынан құрылған партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аталмыш мектептердің алдағы уақытта жөндеу жұмыстарының толық нұсқасын көруге келетінін айтты. Біздің де жұмыстың он нəтижесін көретінімізге сеніміміз мол.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ

Суретті түсірген автор