Сегодня: 28.03.2024
Регистрация: в Министерстве информации и коммуникаций Республики Казахстан. Свидетельство №16307-Г от 18.01.2017 года (номер и дата первичной постановки на учет №869-Г от 16.09.1999 года)

27 наурызда Саран қалалық мәслихатының 44-ші кезектен тыс сессиясы мәслихат хатшысы Ө. Баймаганбетовтың төрағалығымен болып өтті. Тек осы жолғы сессияның форматы өзгеше болды.

Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіліп, көпшілік жиындарын өткізуге тиым салынған болатын.

Бірақ жаһан халқын тәубесіне келтірген вирустың беті қайтар емес. Осыған байланысты мәслихаттың кезектен тыс сессиясы онлайн тәртібінде өтті.

Онлайн жиынға қашықтан қосылған депутаттар Саран қалалық мәслихатының 43 сессиясының «2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 470 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және Саран қалалық мәслихатының 43 сессиясының «Ақтас кентінің 2020-2022 жылдарға бюджеті туралы» 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 471 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелерді қарады.

Бірінші мәселе бойынша қала әкімінің орынбасары Маргарита Блок баяндаса, Саран қалалық мәслихатының 43 сессиясының «Ақтас кентінің 2020-2022 жылдарға бюджеті туралы» 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 471 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша Ақтас кентінің әкімі Қойшыбай Сүлейменов сөз сөйледі. Баяндалған мәселелер туралы ақпаратты алдын ала талқылаған депутаттар есептерді назарға алып, шешім жобаларын барлығы бірауыздан мақұлдады.

Одан әрі, қала әкімі Ержан Оралұлы сөз алып, жиынды қорытындылады. Ержан Оралұлы мәслихат депутаттары жұмысының оң сәттерін атап өтіп, әрі қарай да осы қарқынмен көбірек жұмыс істеуді тапсырды.

Сонымен қатар ол қаламызда тұратын әр адамнан өз отбасының және халықтың алдындағы жауапкершіліктерін терең сезінуін өтініп, денсаулықтарына асқан жауапкершілікпен қарап, тазалықты ұстанып, індеттен сақтануларын сұрады.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ