Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші
- 871
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғашқы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі.
Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы
- 833
Тіл – ел тәуелсіздігінің айғағы. Қай ел мен ұлтта болсын туған тілі қастерлі де, қасиетті болып саналады. Біздің мемлекет үшін қазақ тілі қай уақытта болмасын құдіретін жоймаған. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін 1996 жылы «Тіл саясаты туралы тұжырымдамасы», 1997 жылы «Тіл туралы» Заңы бекітілді. Ал 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алды.
БӘСІ БИІК СПОРТТЫҚ САЙЫС МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
- 639
СПОРТТЫҚ ШАҢҒЫ ТЕБУ ҚЫСҚЫ СПОРТТЫҢ НЕГІЗГІ ӘРІ БҰҚАРАЛЫҚ ТҮРЛЕРІНІҢ БІРІНЕ ЖАТҚЫЗЫЛҒАН. ОНЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНА ҚЫСҚЫ ПРЕЗИДЕНТТІК КӨПСАЙЫС ӨТКІЗУ ЕНГІЗІЛГЕН.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы
- 733
2023 жылдың 16 қаңтары мен 15 ақпан аралығында бизнеске жер учаскелерін бөлу саласы және олардың қолжетімділігі, сондай-ақ бизнес объектілеріне инфрақұрылымды жеткізу жөніндегі мәселелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіледі.
Аталмыш салада проблемалық мәселелерге қатысты сұрақтар мен нақты фактілер туындаған жағдайда Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 12, мекенжайы бойынша орналасқан «ANTIKOR ORTALYGY» сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталығына келуге немесе келесі байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады 91-37-04, 91-36-12
ТОҢҒАН ЖҰРТҚА – ТЕГІН ТАКСИ
- 642
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫНЫҢ БАСТАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА ҚАРАСТЫ МЕШІТТЕРДЕ «ТЕГІН ТАКСИ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ. ОНЫ АЙМАҚТАҒЫ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЙЫМДАСТЫРЫП, АВТОКӨЛІК ИЕЛЕРІ МЕН ЖАНАРМАЙ ҚҰЮ БЕКЕТТЕРІ ҚОЛДАДЫ.
Бөтеннің мүлкіне шүйліккендер көп
- 663
Күн санап артып келе жатқан қылмыс түрлерінің ірі – ұрлық . Осындай қылмысқа баратындар көбіне жұмысы жоқ, табыс көзі жоқ, оңай жолмен олжаға кенелгісі келетіндер. Ұрлықтың өзі әрқилы жасалады: біреуі ұсақ – түйек нәрсені ұрлап кетсе, екіншісі біреулерді алдап, ұрлайды, үшіншісі көлемді ұрлықтарға барады.
ҚАЗАҚ СЫНЫПТАРЫ АШЫЛДЫ!
- 825
САРАН ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫТАТЫН БІЛІМ ОШАҚТАРЫНЫҢ ҚАТАРЫНА ТАҒЫ БІР МЕКТЕП ҚОСЫЛМАҚ. БІЛІМ ҮРДІСІ ТАЗА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖҮРГІЗІЛМЕСЕ ДЕ, ҚАБЫРҒАСЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫТАТЫН МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫБЫ МЕН БІРІНШІ СЫНЫП АШЫЛҒАН № 6 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ БҰДАН ӘРІ ОРЫС МЕКТЕБІ ЕМЕС, АРАЛАС МЕКТЕП БОЛЫП САНАЛМАҚ.
ҰСТАЗ-ҰЛЫ ТҰЛҒА...
- 1006
Мұғалім-мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет. Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс.
БИШІЛЕР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
- 760
БИ - ЕЖЕЛДЕН КЕЛЕ ЖАТҚАН ӨНЕР ТҮРІ. БИ ӨНЕРІ АДАМДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖҰМЫСЫНДА МАҢЫЗЫ ЗОР. БИ ТЕК ҚАНА ӘСЕМДІК ҮШІН ҒАНА ЕМЕС СОНЫМЕН ҚАТАР, БАЛАЛАРДЫҢ ДҰРЫС ӘРІ ӘДЕМІ ҚОЗҒАЛУЫНА, ӘСЕРІН ТИГІЗЕ ОТЫРЫП, ДЕНЕГЕ ИКЕМДІК СЫМБАТ БЕРЕДІ. ЖАЛПЫ АЙТҚАНДА, БИ – БҰЛ ДЕНЕ ҚИМЫЛЫНЫҢ ПОЭЗИЯСЫ.
Мәсімовтің тапсырмасы бойынша ҰҚК департаменттерінің жеке құрамы жұмыс орындарын тастап кеткен
- 612
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі басшыларының әлсіздігі жеке құрамның рухын түсірді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Аумақтық күштік органдар басшыларының билікті асыра пайдалануы туралы фактілерге жеке тоқталғым келеді. Жаппай тәртіпсіздіктер шегіне жеткен кезде Алматы қаласы, Алматы облысы мен Қызылорда облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жеке құрамының барлығы өз ғимараттарын тастап кеткен», - деді Б.Асылов.
Тергеу мәліметі бойынша 5 қаңтарда жеке құрамның ғимараттан кетуге дайындалуы керектігі жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Садықұловтың нұсқау келіп түскен.
«Мәсімовтің тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жеке құрамы жұмыс орындарын тастап кеткен. Сондай-ақ басшылықтың нұсқауы бойынша Алматы және Жамбыл облыстарының Полиция департаменттері өз ғимараттарын тастап кеткен. Турасын айтқанда, осы басшылар әлсіздік танытты. Бұл өз кезегінде жеке құрамның рухын түсірді. Соның салдарынан тәртіпсіздіктің жолын кесу бойынша шаралар уақтылы қабылданбаған», - деді Бас прокурор.
Осы орайда ол Алматы мен Талдықорған 2 күн бойы қарулы содырлардың билігінде болғанын айтты. Олар қару-жарақтың үлкен арсеналы – 3 мыңға жуық автомат, пистолет, снайперлік винтовка және он мыңдай оқ-дәріні тонап кетті. Яғни, осы басшылардың кесірінен ең қауіпті атыс қарулары бүлікшілердің қолына түсті. Әлі күнге дейін 2 мыңға жуық қарудың қайда екені белгісіз. Арнайы прокурорлар билікті асыра пайдаланудың осы фактілері бойынша тергеуді аяқтады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 3 аумақтық департаментінің экс-басшылары, Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы және басқа адамдарға қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды. Қазір сот талқылауы болып жатыр. Олардың кінәсінің дәрежесі мен жаза түрін сот анықтайды», - деді Б. Асылов.
Оның сөзіне қарағанда, Жамбыл облысы Полиция департаментінің экс-бастығына қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды.





