«Жарқын жұлдыз»
- 594
Саран қаласында желтоқсан айының 11 күні Саран қаласы білім бөлімінің «Достық үйі» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп, қазақ композиторларының әндерін ұлықтап, жас өнерпаздардың бойында мәдениетін және өнерін сақтау, әнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Жарқын жұлдыз» облыстық эстрадалық ән фестиваль байқауын өткізді.
Құрметті Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындары!
- 634
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
ӨТКЕНГЕ ЕСЕП, БОЛАШАҚҚА ЖОСПАР
- 600
10 желтоқсан күні қала әкімінің орынбасары С.Бейскеевтің төрағалығымен, Саран қаласы прокуроры Ж. Накишевтің қатысуымен қылмыстық жазалар мен қылмыстық-құқықтық ықпал ету
16 желтоқсан - Қазақстанның Тәуелсіздік күні
- 753
1991 жылғы 16 желтоқсанда кешке Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің VII сессиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның ережелерін әзірледі және егемендік жарияланған сәттен бастап мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірінде болған түбегейлі өзгерістерді толық көрсетті. Ұлттық мемлекеттілікті дамыту, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру, азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді қолдау сияқты стратегиялық міндеттер мемлекеттік тәуелсіздік туралы Конституциялық заңда көрініс тапты.
Инвестициялық портфельді басқарушы компаниялардың өкілдері салымшылар сауалдарына жауап берді
- 595
Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдарында 2024 жылдың 11 және 13 желтоқсан күндері «Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялық стратегиялары. Салымшылар үшін өзекті мәселелерді талқылау» тақырыбы бойынша ашық есік күні өткізілді.
ШЫРАЙЛЫ «ШАБЫТ ШАТТЫҒЫ»
- 625
Саран қаласында осымен екінші мәрте балалар музыка және өнер мектептерінің, колледждердің музыкалық бөлімдері педагогтерінің орындаушылық шеберліктерінің «Шабыт шаттығы» атты IХ облыстық байқауының «Хореографиялық өнер» номинациясы өтті.
СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
- 648
6 желтоқсан күні Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығында Тәуелсіздік күніне орай ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Ақ шаңырақ» қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қайта жандандыру этномәдени қоғамдық бірлестігінің мүшесі Мұсабеков Амангелді Әбдішұлына арналған «Ұстаз.Өнерпаз.Тұлға» атты шығармашылық кеш өтті.
Полиция бөлімі хабарлайды
- 608
Саран қаласының полиция бөлімі Жаңа жыл мерекесі қарсаңында түрлі пиротехникалық заттар мен бұйымдарды пайдалану кезінде абай болуға шақырады. Әсіресе, жаңа жылдық мерекелік отшашулар адамдар көп жиналатын жерлерде, соның ішінде жабық бөлмелерде өткізілсе, әртүрлі жарақаттар, күйік және дене жарақаттары қаупі артуы мүмкін.
АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!
- 624
3 желтоқсанда алаяқтардың арбауына түсіп қалған Саран қаласының тұрғыны қаламыздағы белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Абайлаңыз, алаяқтар!» тақырыбында кездесу өткізіп, өз басынан өткен оқиғасымен бөлісті.
Тіл - мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы
- 601
Тіл - мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Ұлттың тірегі. Халқымыздың рухани байлығы мен болашағы.







