АҒАШ ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ЖЫЛЫНУ
- 578
Қазақстан климатын ондаған жылдар бойы зерттеген Франция мен Голландия ғалымдарының болжамына сүйенсек, болашақта елімізді нашар экологиялық ахуал күтіп тұр (Казахстан может превратиться в самый жаркий и засушливый регион на планете). Жердің тозуы, CO₂ деңгейінің көтерілуі аса қатты қарқынмен жүріп жатыр. Құрғақшылық пен қуаңшылықтың алдын алу үшін радикалды қадамдар жасап, даламызды да, экономикамызды да «жасылдандырмасақ» жағдай қиындай түседі – деп, кеңес береді.
ҚЫЗЫЛ ОРМАН: БІР АУЫЛ. БІР ГЕКТАР. БІР САЯБАҚ
- 546
Қазақстан жер көлемінің үлкендігі жағынан әлемде 9-шы орында. Алайда қалада үй салатын жер жоқ, ауылда мал жаятын жер жоқ. Қазақ жерінің 95,5%-да ағаш жоқ. Қалған 4,5% жердегі ағаштың тең жартысы – сексеуіл. Қаламыз бен даламызда ағаштар ассортименті аз, декоративтілігі төмен. Аз ғана орманымызды жыл сайын алапат өрттер жалмап жатқаны тағы бар. Орманымызбен бірге арманымыз өртенуде. Ағаштың маңыздылығын көп адам білмейді немесе түбегейлі түсінбейді. Олар үшін ағаштар небары отын, тақтай, өзідігенен өсіп тұрған жай бір жасыл өсімдік. Алайда күн қатты ысытқан жағдайда жалғыз ағаштың көлеңкесіне тығылады.
КЕЛІНДЕР САЙЫСЫ ҮЗДІКТЕРДІ АНЫҚТАДЫ
- 671
Ақтас кентінде ең инабатты, өнерлі де парасатты, салт-дәстүрді дәріптеп жүрген келіндер анықталды.
Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудегі ұлттық салт-дәстүрлердің рөлі
- 646
Бүгін сіздердің назарларыңызға ұлттық салт-дәстүрлердің жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудегі рөлі туралы ұсынбақпыз. Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі өзіндік тарихи тағылымы бар.
65 ЖЫЛДЫҚ – ЖАРҚЫН ЖЫЛДАР ЖЕМІСІ
- 626
Самғатқан сан қыранды Алтын ұям! Дәл осындай атаумен қалалық балалар өнер мектебі өзінің 65 жылдық мерейтойын дүркіретіп атап өтті.
Берекелі алтын күз
- 635
24 қазан күні «Алтын күз» мектепішілік іс-шарасы өтті. Бұл іс-шара оқушыларға күз кереметтерін көрсету, оқушылардың бойына сахналық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар күз мезгіліне байланысты дайындаған өнерлерін таныстырды.
БАРЛЫҚ ЕУРОПАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА САЙ
- 565
Қалалық «Сұңқар» стадионында атақты футболшы, Ұлттық құрамадағы матчтар саны бойынша рекордшы, алты дүркін ел чемпионы, бес дүркін жүлдегер және Қазақстанның төрт дүркін үздік футболшысы Самат Смаков футболдан мастер-класс өткізді.
Тіл - атадан қалған аманат
- 606
Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері, қазақ тілі өмір сүріп келеді. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл – халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл – өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі.





