ІЛІ БАСҚА – ТІЛЕГІ БІР, ЖҮЗІ БАСҚА - ЖҮРЕГІ БІР
- 479
Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір, қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние жүзі мойындап отырған елміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
Мемлекеттік тілді қастерлеп, үйрену – Қазақстанның барша азаматының парызы. Осы парызды мүлтіксіз орындап, мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері – біздің еліміздің мақтанышы.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУ – БАСТЫ МІНДЕТ
- 537
Тіл – тәрбие діңгегі, тіл – білім – ғылымды игеру көзі, тіл – ұлттың жаны. Мемлекеттік тіліміз – мемлекеттің нышаны. Бір мемлекетте бір мемлекеттік тіл өмір сүруі рухани тұтастыққа қол жеткізеді. Ал рухани тұтастықтың апарар шегі – шын мәніндегі үлкен әріптермен жазылатын – тәуелсіздік.
Бүгінгі таңда басқа ұлт өкілдерін мемлекеттік тілде оқыту өзектілігін жоғалтқан жоқ. Қазақстан халқының тілдерін дамытуда көрсетілген үш негізгі мақсаттағы стратегиясының бірі – « Мемлекеттік тілдің әлеуметтік – коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту» өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілде оқытудың мақсат, міндеттерімен үйлесіп отыр.
Балаларға арналған театр өнері
- 494
Саран қаласындағы Балалар өнер мектебінде Театр бөліміекі жылдан бері өз жұмысын атқарып келеді. Театр өнері, шығармашылық қабілетін, жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен.
ҚАЗАҚ ТІЛІ – ӘЛЕМДЕГІ МАҒНАСЫ КӨП, ЕРЕКШЕ ТІЛ
- 746
Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып, жұмыс жасаулары керек. Себебі кәзір әлемде жойылып кетуі мүмкін тілдер қатары баршылық. Бұл тілдер қолданыстан қалып, сөйлеуі мен өмір сүрулерін тоқтатқандар. Оған басты себеп сол ұлттың не халықтың жойылып кетуі тікелей себеп болады. Одан қала берді отарға тап болған елдердің де тілдері сол держава тіліне бағынып, өз өмір сүру салтын жоғалтады.
ҚАЗАҚ ТІЛІ – ӘЛЕМДQAZINDUSTRY ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ШЫҒЫНДАРЫН ӨТЕЙДІЕГІ МАҒНАСЫ КӨП, ЕРЕКШЕ ТІЛ
- 453
Құрметті кәсіпкерлер!
Сіз өнеркәсіпті ынталандыру шараларын қолдана отырып, шығындарыңыздың бір бөлігін мемлекет есебінен өтей аласыз. Олар отандық өнімді ішкі нарыққа ілгерілетуге және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған.
Шығындарды өтеу арқылы кәсіпорындар өз қызметкерлерінің құзыретін арттыра алады, технологиялық процестерді жетілдіріп, цифрлық технологияларды енгізе алады. Сондай-ақ, өз өнімдері мен қызметтерін ішкі нарыққа шығара алады. Бұл шаралар Сіздің кәсіпорныңыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елішілік құндылықты арттыруға ықпал етеді.
«ГАЗ БОЛЛОН» БІРЛЕСКЕН ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
- 445
Өрт қауіпсіздігі қағидаларында жабық тұрақтар мен паркингтерде газ баллонды жабдықпен жарақтандырылған автомобильдердің тұрағына жол берілмейді. Осыған байланысты, газ баллон жабдықтарымен жарақтандырылған көлік құралдарын пайдалану және тұрақ саласындағы заңнама нормаларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында тамыз айының 24 мен 26 аралығында Төтенше жағдайлар министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп «ГАЗ БАЛЛОН» республикалық профилактикалық іс-шарасын өткізген болатын. Аталмыш республикалық шарадан саран қаласы да қалыс қалған жоқ.
САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ!
- 425
Жол- көлік оқиғасына түскен туысқаныңыздың сылтауымен, АЛАЯҚТЫҚ жасау жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты,
Сізден қарт ата-аналарыңызбен әңгімелесуді сұраймыз. Әдетте, 70 жастан 90 жасқа дейінгі және одан жоғары жастағы қарт адамдар алаяқтардың құрбаны болуда, осы жастағы алданған адам үшін қосымша стресстің не болатыныда түсінікті. Алаяқтар адамдарға
Тіл тағдыры – ел тағдыры
- 473
Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұрасы. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттық тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» – деген.
Мәңгілік еліміздің мәңгілік тілі Мәңгілік ел – мәңгілік тіл.
- 1176
Тіл мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір — қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Осы тіліміздің дамуына үлкен үлес қосқан ұлы тұлғалардың бірі – Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ дегенде шығарда жаны бөлек ұлы ұстаз ағартушының ұрпағына қалдырған мұрасы орасан зор.