Бүгін: 08.04.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

-              балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Күш» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен Саран  қаласының 70 жылдығына орай ерекше қажеттіліктері бар адамдар арасындағы қалалық турнир өтті.

Саран қаласындағы Чкалова 61 мекенжайы бойынша орналасқан «Планета» киім-кешектер мен аяқ киімдер сататын дүкенінің қоймасында өрт шығып, екі адам түтіннен тұншығып ішінде қамалып қалды. Саран қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы шеңберінде жүргізілген кезекті  оқу-жаттығу жұмыстары дәл осылай өрбіді.

Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-бабында: Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар, ол өз нанымдарын, пікірлері мен көзқарастарын еркін қалыптастыру, білдіру және өзгерту құқығын қамтиды. Бұл құқыққа діни сенім бостандығы және зайырлы мемлекеттің негізгі қағидаты болып табылатын ешқандай дінді ұстанбау бостандығы кіреді.

22 шілде күні Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени ағартушылық жобасы аясында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультетінің профессор ассистенті, тарих ғылымдарының кандидаты, этно-мәдени және тарихи-антропологиялық  зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері  Мәулен Жакин мен «Дакия» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жастар қанатының жетекшісі,  «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық ұйымы жетекшісінің орынбасары Александр Урмашов Саран жастарымен кездесті.

Қарағанды облысының нотариаттық палатасының басқарма мүшесі, қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы,  өмірін заңмен тікелей байланыстырған, жиырма жылдық тәжірибесі бар Саран қаласының білікті нотариусы Ерденбай Елюбайұлы Тажитаев республикалық нотариаттық палатаның  «Нотариат саласындағы адал еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Ұстаздық етуді бала кезінен арман еткен, білім саласымен өмірін ұштастырған Аққу Құсайынқызы Муфталованың Саран қаласында тұрып жатқанына биыл – 25 жыл болса, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжде жұмыс істеп жүргеніне 20 жылдан асты. Осы уақыт аралығында жоғары санатты оқытушының білім саласына қосқан еңбені ұшан-теңіз.

Аллаға шүкір, еліміз егемендігін алғалы етек-жеңімізді жиып, рухани дүниелеріміз түгенделуде. Ұлттығымыздың негізгі белгілері – дініміз бен діліміз, тіліміз қайта түлеп, жаңғыра бастады. Бұл ең әуелі Ұлы Жаратушы Алла Тағаланың бізге деген сыйы деп ұғынуға тиіспіз.

Адамзат қоғамының алғашқы кезеңінен бастау алып, ғасырлар бойы әртүрлі қоғамдарда түрліше көріністе жалғасып келе жатқан дәстүрлі құндылықтар жүйесі бар.

Кітап сүйер қауым үшін жақсы жаңалықпен бөліскелі тұрмыз. Саран қаласында қалалық білім бөлімінің мұрындық болуымен «Білім» аллеясында рухани қазынаға толы ата-аналар мен балаларға арналған буккроссинг  пайда болды.