Бүгін: 08.04.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

«Саран comеdy» жастар клубы қаланың 70 жылдық мерейтойына орай өзінің екінші концерттік кешін берді.

«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балаларға теңдей етіп бөлінеді. 2024 жылғы ақпан айында 2023 жылдың қорытындысы бойынша барлық балалар үшін БЖЗҚ-ға алғашқы нысаналы талаптар есептелді. Ал 18 жасқа 2024 жылы толған азаматтардың нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) нысаналы жинақтар (НЖ) есептелді және төлемдер жүзеге асырыла бастады.

Басқарманың негізгі функциясының бірі реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету, рұқсат құжаттарын беру болып табылады.

Әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Ал ұлттың болашағы  –  оның ана тілінде. Біздің барша  ұлттық  келбетіміз  бен  болмысымыз, салт – санамыз бен дініміз, осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Туған  тілдің  абыройын  асқақтату біздің борышымыз.

Ислам дінінде отбасы бірлігіне айырықша маңыз берген. Отбасы - исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Қоғам отбасыдан басталатындығын ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі – отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігіне маңыз берген.

Егемен елімізде еселі еңбегімен сыйлы, қоғамның дамуына сүбелі үлесін қосып жүрген азаматтар баршылық. Олар әр салада тер төгіп, адал жолмен еңбек етіп жұмысының жемісін көруде. Жұмыстың оңайы жоқ. Бұл – өмірдің өзі дәлелдеп тастаған ақиқаты. Әр жұмыстың өзіндік қыр-сыры мен қиындығы қатар жүреді. Сондай қызығынан гөрі жауапкершілігі басым жұмыстардың бірінде Саран қаласының тұрғыны Қайып Шакенов еңбек етуде.

Қазақстан Республикасының спорт күніне орай ұйымдастырылған футболдан республикалық турнирде Саран қаласының футболшылары жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орынға ие болды.

Қазақ өлеңіне үлгі, өрнек берген, түрін көбейтіп,

қалыбын молатқан – Абай.

Мұхтар Әуезов

Саран қаласының  жастары Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтудан бақ сынасты.

Мағжан   Жұмабаев:  «Ұлттың  ұлт  болуы  үшін  бірінші  шарт – тіл болуы»-  деп  айтып  кеткен.  Тіл  - мемлекеттің   табан  тірейтін тұғырлы  темірқазығы.  Ұлттың тірегі.  Халқымыздың  рухани  байлығы  мен  болашағы.