Бүгін: 07.04.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

2024 жылы 11 қыркүйекте  сәрсенбінің сәтінде Қарағанды облысы білім басқармасы Саран қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «ӘНШУАҚ» республикалық балалар әндері фестивалінің   жобасы аясында «Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын...» атты от ауызды, орақ тілді ақын, бард, халықаралық, республикалық ақындар айтыстары мен фестивальдардың лауреаты, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, қазақтың Сары Тентегі  Қуаныш Мақсұтовпен мазмұнды, мағыналы, рухани танымдық-тәрбиелік мәні бар кездесу өтті.

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол бізге анамыздың ақ сүтімен бойымызға тараған, ана деген асыл сөзден бастау алған, ата – бабаларымыздың асыл қазына мұрасы. Қазақ тілі – ғасырды ғасырға, ұлылардың үзілмес ғұмырын жалғастырушысы десек те болады. Парасат пен ізгілік жолдарын айқындайтын рухани күш. «Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің»  десе де,  алдымен  туған еліміздің мемлекеттік тілін білу бізге міндет.

Бүгінгі күні азаматтардың құмар ойындарға тәуелділігі, яғни жалпы сөзбен айтқанда «лудомания» қоғамда өзекті мәселенің бірі болып отыр.

Өзінің  ана  тілін  білмеу, білуге  ұмтылмау – кешірілмес күнә. Қазақстан Республикасының  Ата  заңында  да осы қағида  көрініс тапқан. Сан ғасырлар бойы елдің  елдігін, Ердің ерлігін асқақтата жырлап, тас  жаратындай түйдектеген тіл. Жан  берісіп, жан алысқан  санқилы жаугершілік заманда, Ердің  басын   салбыратпай,  Елдің   рухын  асқақтатқан – қызыл тіл. Тіл – қатынас құралы ғана емес, бүкіл насихаттық шаралардың  бастауы, өзегі мен өрісі.

№2 жалпы білім беретін мектепте алғашқы қоңырау соғылды.  Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 18 оқушы қабылданып, алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған.

04 қыркүйек   күні Саран қаласының Полиция бөлімінің қызметкерлері арасында   қалалық Тілдерді дамыту орталығының    қызметкерлерінің  қатысуымен  Тілдер мерекесіне арналған  «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте»  атты  байқау  ұйымдастырылды.  Байқауға полиция қызметкерлерінен құралған екі топ қатысып, өзара бақ сынасты. Екі топқа мемлекетіміздің тәуелсіздігіне, тарихына, әдебиетіне, Ұлы тұлғаларына  байланысты  сұрақтар қойылды, мемлекеттік тілде іс – қағаздар жүргізу бойынша да білімдері  тексерілді. Жеңімпаз атанған топ арнайы естелік  сыйлықтармен  марапатталды. Тілдерді дамыту орталығының қызметкерлері   Динара Тәрбиеқызы мен Альбина Оспанқызына Саран қаласының полиция бөлімінің  бастығы  Асылбек Қасқырбайұлы Сейтжановтың алғыс хаттары табысталды. Мерекелік іс – шара тартымды және көңілді өтті. Осындай іс – шаралар алдағы уақытта да жалғастырылады.

Саран қаласының 70 жылдығы мен Конституция күні қарсаңында дәстүрлі қалалық веложарыс өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — қазіргі замандағы ең өзекті мәселе.  Сыбайлас жемқорлықпен күресте, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылады.

Кеншілер күні қарсаңында «Сокурская» шахтасында қаза тапқан кеншілерге арналған мемориалына гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік жарияланды.

23 тамыз күні «Ана үйі»  қоғамдық қорының Қарағанды қаласындағы «Дом мамы» ресурстық орталығының өңірлік маманы Надежда Жалбаева Саран қаласының отбасын қолдау әлеуметтік орталығына келіп, жүзеге асырылып жатқан тың жобалар жайлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.