Бүгін: 19.04.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Отбасы адам баласының өсіп-өнетін алтын ұясы. Баланың бойындағы бар жақсы да, жаман қасиеттері отбасынан басталады. Сондықтан отбасы бала тәрбиесінің алғашқы баспалдағы. Өйткені баланың өзіне деген сенімділігі, өмірде болатын қиындықтардан сүрінбей өтуіне кепіл болатын-ол отбасы. Әр үйде баланың санасына ұлттық құндылықтарды,салт-дәстүрлерді,даналық сөздерді, тиым сөздерді сіңірген абзал. Тұлға бойындағы ұлттық құндылықтардың көрсеткіші ол ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық салт-дәстүр. Ал ұлттық құндылықтар дегеніміз не десек. Қарапайым тілмен айтқанда жоққа қол үшін бере алатын қайырымдылық, ағайын-туысқа, ата-анаға, бауырға деген мейірімділік, біреудің ақысын жемейтін адалдық, рухани байлық. Қазақ халқы баланы жамандықтан жиреніп,жақсылыққа ұмтылып тұратындай етіп тәрбиелеген.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес еліміздің түбегейлі принциптерінің бірі бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму болып табылады. Қоғамды одан әрі дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді шешу жоғары білікті мемлекеттік қызметшілердің көмегінсіз елдің неғұрлым бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіруі мүмкін емес екені сөзсіз.

Домбыра мұнша шешен болдың неге,

Күй толған көкірегің шежіре ме?

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің,

Саусағым тиіп кетсе ішегіңе.

Қасым Аманжолов

Ұлттық өнер мен мәдениетті дәріптеп жүрген, ұлттық аспаптың үнін ұғынған өнегелі ұрпақ асыл мұра қасиетті домбыраның үнін күмбірлетті.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі еліміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. 

Күллі жаратылысты адамзатқа бағындырып, дүние тіршілігінде өзінің ғана Ұлы Құдіретін таныту үшін ұлттар мен ұлыстарды жаратқан, әрі Өз кеңшілігімен түсініктерімізді түрлі еткен Аллаға барша мақтау мен мадақтар болсын! Сондай-ақ, Алланың кемел дінін жеткізіп берген адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымызға Алланың сәлемі мен игілігі бола бергей!

Еліміздің  тәуелсіздік   алуымен   бірге  қазақ  тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақ тіліміз дамып, оның  қоғамдық маңызы арта түсті. Мемлекеттік тіл  мемлекеттің бүкіл  аумағында, қоғамдық  қатынастардың барлық  салаларында  қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс – қағаздары мен  құжаттар  мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені, өркениетке   құлаш   ұратын  елдің өрісі  қашанда білікті де, саналы  ұрпақпен  кеңеймек.   

Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжде техникалык және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында спорт саласы бойынша аймақтық кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Қарағанды қаласының №3 балалар өнер мектебі және Саран қаласының балалар өнер мектебімен бірлесе құралған «Тұмар» қобызшылар ансамблі Ташкент қаласынан бос қайтпай, жеңіспен оралды.

Ташкент қаласында мамыр айында өткен балалар мен жасөспірімдерге арналған «Тashkent music fest» халықаралық фестиваль-байқауына жан-жақтан 400 қатысушы өз өнерін паш еткен. Олардың қатарында қазақ елінің дәстүрін дәріптеп жүрген Қарағанды қаласының №3 балалар өнер мектебі және Саран қаласының балалар өнер мектебімен бірлескен «Тұмар» қобызшылар ансамблі де болды.

- Халықаралық конкурс болғаннан кейін Қырғызстан, Өзбекстан Республикаларынан, Алматы облысынан, қаласынан орындаушылар қатысты. Оның мақсаты - жас таланттардың ынта-жігерін арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатысушылардың рухани, зияткерлік және мәдени әлеуетін ашу, сондай-ақ, әр түрлі қалалар мен елдердің қатысушылары арасындағы шығармашылық, мәдени және достық байланыстарды нығайту, - деп атап өтті қобызшылар ансамблінің жетекшісі Сания  Тулепова.

Биыл Саран қаласында 11-сыныптың 159 түлегі мектеппен қоштасты. Сондай-ақ,  2 түлек «Алтын белгіге» және 14 оқушы  «Үздік аттестатқа» үміткер.

Саран қаласының білім бөліміне қарасты барлық мектептерде 24 мамыр күні «Білімім – Отаныма» атты жалпы республикалық бірыңғай сынып сағаты өтті. Сол күні 9 және 11-сынып түлектеріне  «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында эссе жазу ұсынылған. Ал 25 мамырда білім беру ұйымдарында «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Әр білім ордасы  үшін бұл сәт ерекше ыстық. Биылғы соңғы қоңырау №6 жалпы білім беретін мектеп үшін де жемісті де, толағай табысқа, есте қалар есті сәттерге толы болды.

2024 жылы 30 мамырда Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы бір мезгілде өтеді!

Заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, білікті ұсыныстар айтып, Сіздерге заң тұрғысынан көмектесетін болады.

Келіңіздер, құқықтық көмекке мұқтаж жандардың барлығын күтеміз!

Саран қаласында акция өтетін мекенжай: Жамбыл көш. 69-1, Мәдениет үйі

Басталуы 2024 жылғы 30 мамыр күні сағат 17:00.

 Кіру тегін!