Бүгін: 27.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Енді мемлекеттік қызметтерді SMS арқылы алуға болады. Әзірге қолжетімді қызметтер саны – 45, алда бұл көрсеткіш арта түседі. Жаңа сервис әлеуметтік төлемдер, жер қатынастары, еңбек мигранттарына рұқсат құжаттарын беру, мектепке дейінгі ұйымдар және азаматтық хал актілерін рәсімдеу желілерін қамтиды.

Саран Мәдениет үйі  «Жас отау» этномәдени қоғамдық бірлестігі  жылдар бойы Абай Құнанбаев атындағы СЖГТК директоры Закамолкин А.В, директордың машықтану практикасының орынбасары Нұрсалиева Ж.А. бірлескен серіктестік бағдарламасын жаңа білім ғасырында теория мен өндірістік іс-тәжірибемен ұштастыра білетін жастармен жұмысын жалғастырып келеді.

Биыл – алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі, әдебиеттанушы ғалым, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ұлт ұстазы – ахмет байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы. Саналы ғұмырын ағарту саласына сарп еткен ұлы тұлғаның қазіргі білім беру жүйесінің қалыптасып дамуына қосқан үлесі өлшеусіз. Мұны білім беру саласының мамандары ғана емес, еңкейген қарттан мектеп табалдырығын енді аттаған оқушы балаға дейін біледі.

2022 жылғы 14 сәуірде Мемлекет басшысы «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралары туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Президентіміздің бұл ісі бюрократия және сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресуге бағытталған зор саяси ерік-жігерінің көрінісі деп білемін.

«ПАРАНЫ АЛҒАН ДА, БЕРГЕН ДЕ АДАМҒА ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАҢДАРЫНА АЛЛАНЫҢ ЛАҒЫНЕТІ БОЛСЫН», ДЕГЕН ХАДИСТЕ. ИӘ, ҚҰДАЙДАН ҮМІТІ БАР АДАМҒА ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (С.Ғ.С) ОСЫ СӨЗІНІҢ ӨЗІ ЖЕТКІЛІКТІ БОЛАР ЕДІ. БІРАҚ, ӨКІНІШКЕ ОРАЙ ШАРИҒАТТЫҢ БҰЛ ЕСКЕРТПЕСІ ПЕНДЕНІҢ ЖҮРЕГІНДЕ ЕМЕС, ТІЛІНІҢ ҰШЫНА ІЛІНІП, ТЕК СҰЛУ СӨЗДІҢ СӘНІНЕ АЙНАЛЫП БАРА ЖАТҚАНДАЙ. ЖЕГІ ҚҰРТТЫҢ ЖЕР БЕТІНДЕ ЖЕТПЕГЕН ЖЕРІ ҚАЛМАДЫ БҮГІНДЕ. ОСЫНАУ ДҮНИЕЖҮЗІ ХАЛҚЫНА ОРТАҚ ІНДЕТКЕ ӘЛЕМ ЕЛДЕРІ ҚАНША ҚАРСЫЛЫҚ БІЛДІРІП, ПАРАҚОРЛАРҒА ҚАТЫСТЫ НЕШЕЛЕГЕН АУЫР ЗАҢДАР ҚАБЫЛДАП ЖАТСА ДА, ҚОҒАМДА ӘЛІ КҮНГЕ ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕРТІН ЖОЮ МҮМКІН БОЛМАЙ ОТЫР.

ҮСТІМІЗДЕГІ ЖЫЛДЫҢ 2 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ҚАЗАСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ТІЛДЕРІ КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ҚАРСАҢЫНДА АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ БІР МЕЗЕТТЕ ЖАЛПЫОБЛЫСТЫҚ ДИКТАНТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Қарағанды облысының 92 ауылында денсаулық сақтау нысандарын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, мамандандырылған орталықтары бар екі ауданаралық аурухана құру жобасы әзірленді. Облыс әкімдігінде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттердің орындалуы талқыланды.

Жіті ішек инфекциясы дегеніміз не, ол адамның ағзасына ауыз арқылы кіретін, әртүрлі бактериялар себебінен пайда болатын ауыршаңдық. Бұл бактериялар дәреттің бузылуымен қоса, асқазан-ішек жолдарының зақымдалуына әкеліп соғады.

Жаз маусымының басталуымен жіті ішек инфекциясының деңгейі жоғарылайды. Оның басты себебі: тағамның сақталу ережелерінің бұзылуы, сапасыз суды пайдалану, жеке бас тазалығының сақталмауы.

«Коррупция» термині латын тілінің «corrutpere» деген сөзінен шығып, мағынасы жағынан «мемлекет организмін, қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді, «параға сатып алу» терминімен сәйкес, яғни лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін пайдалануы. Көбіне бұл термин бюрократиялық аппаратқа және саяси элитаға қатысты жиі қолданылады. Осыған сай термин әдетте бастапқы латын сөзінің бірінші мағынасынан шығатын кең мағынаға ие, әдепсіздік тәртіпті білдіреді.

БИЫЛҒЫ 1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ МЕРЕКЕСІ МЕКТЕП АУЛАЛАРЫНДА ДӘСТҮРЛІ ФОРМАТТА ӨТКІЗІЛДІ. ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖАҢАШЫЛДЫҚПЕН ҚАДАМ БАСҚАН ҰСТАЗДАР МЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚУАНЫШТАРЫНДА ШЕК ЖОҚ. АҚ КӨЙЛЕК КИІП, АҚ БАНТИК ТАҚҚАН, ҚОЛДАРЫНА ГҮЛ ҰСТАП, АРҚАСЫНА СӨМКЕСІН АСЫНҒАН ОҚУШЫЛАР ТАҢ ЕРТЕМЕН ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНЕ ДЕ, МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНА ДА ЕРЕКШЕ СӘН КІРГІЗГЕНДЕЙ БОЛДЫ.