Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөздерінде «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағидатты берік ұстануға тиіс екенін атап өтті.
- 256
Мемлекеттік қызмет – бұл тиімді басқарудың негізі, халық пен биліктің арасындағы байланыстырушы буын. Дәл осы мемлекеттік қызметшілер ел алдында тұрған стратегиялық міндеттерді іске асырады, тұрақтылық пен азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін қамтамасыз етеді. Соңғы жылдары Қазақстан бұл маңызды салада ашықтық, әділдік және тиімділік принциптерін ұстана отырып, ауқымды реформаларды жүзеге асырып келеді.
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
- 252
Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады.
Жұмыссыздықтан кәсіпкерлікке дейін: Қарағанды облысында грант иегерлері өз жолдарын қалай тапты
- 241
Қарағанды облысында биыл 178 адам өз ісін ашуға мемлекеттік грант алды. Олардың барлығы бұрын жұмыссыз болып саналған, әлеуметтік осал санатқа жататын. Көпшілігі көп балалы аналар, мүгедек немесе мүгедек баланы тәрбиелеп отырған. Олар өз өмірлерін түбегейлі өзгерте алды: өз бетінше ақша тауып, жұмыс орындарын құрды.
Жыл қорытындысы: құқық бұзушылыққа қарсы күресті күшейту, әйелдер мен балалар құқығын қорғау, ТЖ алдын алу және жою бойынша кешенді шаралар қабылдау
- 251
Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады. Өткен жылы Қазақстанның ішкі істер органдары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балаларды қорғау, жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күрес және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты бірқатар негізгі бағыт бойынша жұмысын едәуір күшейтті.
ТУҒАН КҮНІҢМЕН, САЛТАНАТЫ ЖАРАСҚАН САРАН!
- 238
Саран... Саран қандай қала? Саран – көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген қонақжай қала. Жылы жүзді, дарынды да талантты, «сегіз қырлы –бір сырлы» тұрғындарымен ерекшелене білетін қала. Дәл бұл жерден қала тұрғындары алғашқы бастамаларын жасап, өз ісін дөңгелеткен, дәл бұл жерде тың ойлар, асқақ армандар мен мұратқа жетелеген мақсаттар пайда болды. Шағын қала болса да, кең жүректі тұрғындарымен бай. Мұнда көптеген ұлт өкілдері аянбай еңбек етіп, бір шаңырақтың астында достық пен бірлікте, татулықта өмір сүріп келеді. Дәл бүгін терең тарихымен құнды сүйікті қаламызға - 70 жыл.
Жыл қорытындысы: Еліміздің энергетика саласындағы басты жетістіктері мен болашақ даму бағыттары
- 251
Еліміздің энергетикалық секторы экономиканың негізгі салаларының бірі саналады. Орнықты дамуға және жаһандық төмен көміртекті даму үлгісіне көшуге бет бұру жағдайында Қазақстан сенімді энергия көзімен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды белсенді түрде іске асыруда. Экономикалық белсенділіктің артуына байланысты электр энергиясын тұтыну өсуде, бұл өндіріс қуатын кеңейтуді қажет етеді. 2024 жылы Үкімет дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерін теңгерімді дамыту үшін маңызды қадамдар жасады. Еліміздің электр энергетикалық кәсіпорындары республиканың өнеркәсіп және коммуналдық-тұрмыстық секторының қажеттілігі үшін жылуды тұрақты жеткізуді қамтамасыз етеді. Саланы 2035 жылға дейін дамыту бойынша кем дегенде 26 ГВт жаңа қуаттарды енгізуді көздейтін жоспар бекітілді.
Инфрақұрылымды жақсарту – басты міндет: Ермағанбет Бөлекпаев Саран қаласын дамытудағы басымдықтарды атады
- 234
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев биыл тұрғындармен 13 кездесу өткізіп, 400-ге жуық мәселе көтерілді.
БАТЫРДЫҢ ЕРЛІГІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
- 196
12 желтоқсан күні №1 мектеп-лицейінде Кеңес Одағының батыры, ұшқыш-шабуылдаушы Нұркен Әбдіровке арналған патриоттық-танымдық шара өтті.
АЛДАҒЫ ІСКЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ
- 216
12 желтоқсан күні қалалық мәдениет үйінде Саран қаласының әкімі Дарын Бұлқайыр қала ақсақалдарымен, ардагерлерімен, төрағаларымен және белсенділерімен кездесіп, еркін пікір алмасты.