- 217
Елімізде қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күні атап өтілді. Бүгінде жыл сайын кәсіптік техникалық білім берудің беделі артуда. Жастар жұмысшы мамандықтарына көбірек көңіл бөле бастаған. Еңбек күніне орай Саран төрінде жаңа форматта бой алған дәстүрлі шара өтті.
- 189
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының жылдық жоспары аясында 26 қыркүйек күні Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының жанындағы республикалық ақпарат насихат тобының мүшесі Мәди Айдарханұлы Ахметов Қарағанды облысына іссапармен келіп, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледждің студенттерімен кездесті.
- 251
Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде осы жылдың 27-ші қыркүйегінде БМ-9-23 тобының ұйымдастыруымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында қарттар күніне орай дөңгелек үстел өтті.
- 199
Тіл қандай ұлтта болмасын әрқашанда қасиетті де құдіретті. Ол әрбір адамға ананың ақ сүтімен дарып, мәңгілік қалыптасады. Қандай мәдениет болмасын қатынас құралы ретінде де, ұлттың барша болмасы көрінген келбеті ретінде тіл арқылы жасалған. Тіл арқылы өмір сүреді, ұрпақтан ұрпаққа, заманнан заманға жетіп, ұлттық тұтастықты сақтайды. Сондықтан да тіл адастырмас темірқазық іспеттес.
- 198
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда атом электр станциясын салу жөніндегі жалпыұлттық референдум өтетіні белгілі. Осы орайда, Kazinform тілшісі Еуропалық одақтың бірнеше елдіндегі атом энергетикасының жай-күйі мен дамуын зерттеп көрді.
- 239
Қазақстан интернет қауымдастығының басшысы Шавкат Сабиров «Facebook» желісіндегі парақшасында «mediametrics.kz» сервисінің индикаторлары бойынша желілік БАҚ пен әлеуметтік желілерді бақылау нәтижелерін жариялады.
- 191
Елдегі атом өнеркәсібінің рөлі жыл санап артып келеді, деп хабарлайды 24KZ. Мәселен, Қазақстан табиғи уранның барланған қоры бойынша әлемде 2-ші орында тұр. Сондай-ақ уран өндіру саласында да жетекші орынға ие. Мәселен, әлемдегі әр үшінші ядролық реактор қазақстандық шикізатпен жұмыс істейді. Бүгінде елде уранның минералды ресурстары шамамен 89 мың тоннаға артқан. Сәйкесінше атом саласының мамандары да жеткілікті. Бүгінде әлем елдерінің көбі бейбіт атомның дамуына назар аудара бастады. Бұған себеп те көп. Жаһандық энергетикалық дағдарыс, экологияның нашарлауы, жер қойнауындағы көмірсутектер қорының сарқылып бара жатқаны тағы бар. Ал бұл тұста сала мамандары біздің елде атом энергетикасын қалыптастыруға алғышарттардың барын айтады. Демек Қазақстанда инженерлік дәстүр, уран өндіру және ядролық отын дайындау толық қалыптасқан. Салалық мамандар дайындау мәселесінде де кідіріс жоқ. Елдегі 7 ЖОО атом өнеркәсібі саласына мамандар оқытады. Білікті ғалымдардың бірқатары шетелдік атом өнеркәсібіне өз үлесін қосып жүр.
- 220
2024 жылғы 25 қыркүйекте Ақтау қаласында «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «SARAP» эксперттік клубының «Энергетикалық саясат және азаматтық жауапкершіліктің қоғамдық санадағы көрінісі» тақырыбындағы өңірлік отырысын өткізді.
- 250
Саран қалалық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы үйде жасалған консерві өнімдерін пайдалану кезінде тамақтан уланудың алдын алу мақсатында ботулизмнің алдын алу қажеттігін еске салады.
- 224
Қазақстанда атом электр станциясын салу тәралы бастама көтерілген күннен бастап көпшіліктің көкейінде оның қауіпсіздігіне қатысты күмән пайда болды. Дегенмен мамандар АЭС бейбіт өмірдің кепілі және одан келетін қауіп пен зиянның жоқ екенін айтып, түсіндіруде. АЭС – әлемнің дамыған елдерінің барлығында бар және біраз уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Ядролық физика маманы Асхат Бекбаев АЭС – энергия көзін тұрақты беріп отыратын бірден бір құрал екенін атап өтті. Сондықтан әлемнің жетекші елдері энергия тапшылығы мәселесіне келгенде дәл осы атом электр станциясының көмегіне жүгінеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.