Бүгін: 09.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Мәдениет майданындағы сүбелі ісіміздің бірі - театр.Театр-көңіл көтерудің ғана орны емес, мәдени ошақ. Өнер орны, еңбекшілер үстемдігінің мәдениет майданындағы қармаулы орынның бірі.

ЕЛІМІЗДЕ ӨЗ ТУҒАН ЖЕРІНІҢ ӨРКЕНДЕУІНЕ, КӨРКЕЮІНЕ ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСЫП, МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА ҚОЛ ҰШЫН СОЗЫП ЖҮРГЕН АТЫМТАЙ ЖОМАРТ АЗАМАТТАРДЫ МАРАПАТТАЙТЫН ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫ БАР.

2021 ЖЫЛҒЫ 24-26 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА ОҢТҮСТІК АСТАНА АЛМАТЫ ШАҺАРЫНДА 12-13 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ (U14), 14-15 ЖАСТАН жоғары (U16) ЖАСӨСПІРІМДЕР МЕН 16-17 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ (U18) КАДЕТТЕР АРАСЫНДА ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ.

Аталған чемпионат 2021 жылғы 3-10 қараша күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде өтетін джиу-джитсудан JJIF Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болды. Айта кету керек, Біріккен Араб Әмірліктері пандемия кезінде  джиу-джитсудың JJIF барлық ірі континенталды шараларын үш жылға өткізуді өз мойнына алған болатын.

Бүгінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында біршама игі іс атқарылуда. Соның ішінде жас буынның білімділік сауаттылығын арттыру – бірінші орында тұр. «Кітап – білім қазынасы» дейтін болсақ, қазір кітапқұмар жастар азайып кетті. Саран қаласында  Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп кітапханасы заманауи құрылғылармен жабдықталып, онда коворкинг орталығы ашылды. Орталықты ашудағы басты мақсат -кітапхананы білімалушылар үшін зияткерлік демалыс орнына айналддырып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру..

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АЯСЫНДА «ӨНЕРІМ – ӨМІРІМ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АТА – ӘЖЕЛЕР ӨНЕР БАЙҚАУЫНДА АҚТАС КЕНТІ МӘДЕНИ САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМДАРЫ ӨНЕР КӨРСЕТТІ.

ҰСТАЗ ДА ДИҚАН ІСПЕТТЕС. ОЛ ӘРБІР ШӘКІРТТІҢ ЖҮРЕГІНЕ БІЛІМ НӘРІН СЕБЕДІ. ӘР ШӘКІРТІН ЖЕКЕ АЯЛАП, ТӘРБИЕЛЕП, ӨМІР АТТЫ ШЕКСІЗ ҒАЛАМҒА ТОПШЫСЫН ҚАТАЙТЫП ҰШЫРАДЫ. ДӘЛДЕП АЙТҚАНДА, АДАМДЫ ӨМІР СҮРЕ БІЛУГЕ ТӘРБИЕЛЕЙДІ.

Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік - отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік – балабақшада. Ал мектеп – білім нарымен сусындатады. Білім жолы – қиын да қасиетті жол. Бұл жолда тынымсыз еңбек, толассыз ізденістен жалықпайтын жандар ғана нәтижелі табыстарға жете алады. Ал, осы білім жолына жетелейтін – ұстаз.

Ұстаз ұғымы – мағынасы кең, мәні терең тарихи ұғым. «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі» деген еді қазақ ұстаздарының атасы Ыбырай Алтынсарин. Уақыт көші қанша алға жылжығанымен, қай елде де ұрпақ тәрбиесі мен ұстаз біліктілігі қоғамның барометрі екенін байқаймыз.

Ағымдағы жылдан бастап Саран қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның 3177 жағдайы тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 412 жағдай орын алған. дегенмен бүгінгі таңда шаһардағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді. Бұл туралы Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Евгений Ким әкім аппаратының инстаграм әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында өткен тікелей эфир барысында мәлімдеді.

БІЗ ҚАЗАҚ ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ХАЛЫҚПЫЗ. ҚАРТТАР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ, ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ ДӘРІГЕР, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ, БІРНЕШЕ ЖЫЛДАР БОЙЫ ҚАРАПАЙЫМ УЧАСКЕЛІК ДӘРІГЕР, ДӘРІГЕР ТЕРАПЕВТ БОЛЫП ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН, ӨМІРІНІҢ ТЕҢ ЖАРТЫСЫН МЕДИЦИНА САЛАСЫНА АРНАП, КҮНІ БҮГІНГЕ ДЕЙІН ОСЫ САЛАҒА ҚАЛТҚЫСЫЗ ҚЫЗМЕТ ЕТІП КЕЛЕ ЖАТҚАН, АЛ ҚАЗІРГІ ТАҢДА САРАН ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ЖҰМЫС ЖАСАП ЖАТҚАН САТОВА КӘЛИМА ҚҰСАЙЫНҚЫЗЫМЕН ӘҢГІМЕЛЕСКЕН ЕДІК.

ЕШКІМ КӘСІПКЕР БОЛЫП ТУМАЙДЫ. КӘСІПКЕРЛІК ЕҢБЕК. ОНЫ ЖАСТАРДЫҢ БОЙЫНДА ӘУЕЛДЕН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕРЕК. КӘСІПКЕРЛІК ЕҢБЕКТІҢ БАСҚА ТҮР­ЛЕРІНЕН ОҚШАУЛАНЫП ТҰРАДЫ. АТАҚТЫ НЕМІС ЭКОНОМИСІ, ГАРВАРД УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ИОЗИФ ШУМПЕТЕРДІҢ «КӘСІПКЕР БОЛУ – БАСҚАНЫҢ ІСТЕГЕНІН ІСТЕМЕУ» ДЕГЕН СӨЗІ СОНЫҢ АЙҒАҒЫНДАЙ.

Өз еңбегін ұйымдастыра білген адам кәсібін дөңгелете алады. Бұл туралы француз экономисі Жан Батист Сейдің «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік ауқымда ұйымдастыратын адам» деген анықтамасы бар.

 ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛІП, ТҮЛЕП ЖАТҚАН РТБ ЕЛДІМЕКЕНІНДЕ­ГІ 3 ШАҒЫН АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАП АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМ­ДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ. ЖӘРМЕҢКЕГЕ САРАН ШАҺАРЫ МЕН КӨРШІЛЕС АЙМАҚТАРДЫҢ ТАУАР ӨНІРУШІЛЕРІ ҚАТЫСТЫ. ӨҢІР ШАРУАЛАРЫ ЕТ, КАРТОП, КӨКӨНІС, СҮТ ЖӘНЕ БАЛ ӘКЕЛІП САУ­ДАҒА САЛДЫ.