ОНЛАЙН БАЙҚАУ
- 1642
Карантин уақытында ұлы тұлғалардың мерейтойы тасада қалмауы тиіс. Осы мақсатта Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты онлайн байқау өтті. Шараны ұйымдастырушы «ТilKZ» жекеменшік мекемесі. Республикалық онлайн байқауға кез келген жастағы ниет білдірген адам қатыса алды.
OnLine АБАЙ ОҚУЛАРЫ
- 1440
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мейрейтойына орай қала көлемінде түрлі іс-шаралар жалғасын табуда. Солардың бірі - № 4 жалпы білім беретін мектепте жалғасты. «Абай оқулары» деп аталатын сhallenge, аталмыш шара мектептің қазақ тілі мұғалімдері мен кітапханашыларының ұйымдастыруымен өтуде. Оған ақын шығармашылығына ден қойған балалар мен жасөспірімдер қатысуда.
Наш поклон - ветеранам живым, наша память - погибшим солдатам
- 1316
С момента окончания Великой Отечественной войны прошло 75 лет. Эта юбилейная дата для народа Казахстана - очень важное и трогательное событие.
АРДАГЕРГЕ АЛҒЫС!
- 1649
Білім бөлімінің ұйымдастыруымен қала мектептерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында «Батыр атаға хат» тақырыбындағы челленджі бастау алып, оған № 4 жалпы білім беретін мектебі де өзіндік үнін қосты.
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ОЙДАҒЫДАЙ ӨТУДЕ МЕ?
- 1862

Жаһанды аяғынан тік тұрғызған індет айылын қашан жияры белгісіз болғандықтан, әлем елдері қашықтан білім беруге көшті. Оның ішінде Қазақстан да бар. Сөйтіп, 6 сәуірден бастап еліміздің барлық мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына көшті. Балалар енді 4 тоқсанды күнделік, bilim land ПЛАТФОРМАЛАРЫ Және отандық «Балапан» мен «Ел арна» телеарналары арқылы оқитын болады. Жалпы шаһарда 8 мектеп бар.
Біз қаладағы № 4 жалпы білім беретін метебіне хабарласып, аталмыш оқу орнындағы қашықтан оқытуға жауапты Зухра Жумановамен оқу процесінің қалай қөтіп жатқандығы туралы әңгімелескен едік.
- Зухра Амантайқызы сіздердің мектепте оқушылар қандай платформамен оқиды? Сонымен қатар, бастауыш сыныптар мен жоғары сынып оқушылары бір платформада жұмыс жасай ма? Әлде мектеп табалдырығын енді ғана аттаған, онлайн форматта жұмыс істеуге дағдылана қоймаған бастауыш сыныптағы бүлдіршіндерге жеңілдіктер қарастырылған ба?
- Алдымызда пандемия кезіндегі короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру міндеті тұрғандықтан бірыңғай білім беру ортасын құру қажет болды.





