- 107
Саранда «Тілге бойлау» республикалық пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында «Қазақ тілі – ғажайып кемел тіл» атты облыстық семинар-практикум өтті. Онда облыс бойынша жан-жақтан келген мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері мен педагогтері, тәрбиешілері мектепке дейінгі балалардың мемлекеттік тілді қаншалықты терең меңгергендігімен және жалпы тілді үйретуге бағытталған тиімді инновациялық әдіс-тәсілдерімен танысты.
- 116
Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл. Бұл күн тарих беттерінде ерекше орын алады, өйткені ол ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ерлігін мәңгі есте сақтауға және ардагерлерге сый-құрмет көрсетуге арналған.
- 125
12 ақпан күні жақсы ісімен, жайдары мінезімен, еткен еңбегімен көпшіліктің құрметіне бөленген Мұсабеков Алданыш Адамжанұлының туған күніне орай «Достық үйі» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында абзал азамат атындағы «Достық» кубогіне арналған «Жайдарман» ойыны өтті.
- 130
3-7 ақпан күндері аралығында облысқа қарасты барлық оқу орындарында «Заң және тәртіп» акциясы өтті. Бұл акция жас ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті арттыру, тәртіптілік қағдаттарын нығайтуға бағытталған.
- 133
7 ақпан күні қалалық мәдениет үйінің конференц-залында қала әкімінің орынбасары С.Бейскеевтің төрағалығымен, Саран қаласы прокурорының орынбасары Алмаз Бекмағамбетовтің қатысуымен қылмыстық жазалар мен қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Саран қаласы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті.
- 166
Туберкулез - ежелгі жұқпалы аурулардың бірі. Туберкулез әлемдегі ең көп таралған инфекциялардың бірі.
- 110
Қазақстан Республикасының 28.02.2007 жылғы № 234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-бабына және «Қаржылық есептілік депозитарийін құру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.12.2008 жылғы № 1228 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оған қаржылық есептілікті ұсынатын жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийі құрылды. Депозитарий деген жыл сайын ұйымдар ұсынатын жылдық қаржылық есептілік пен аудиторлық есептерді, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпаратты пайдаланушыларға ашық қолжетімділікпен қамтитын электрондық деректер базасы (www.dfo.kz веб-сайты).
- 150
Бүгін Мұсабеков Алданыш Адамжанұлының туған күні. Егер де тал бесіктен жер бесікке ерте кетіп қалмағанда 48 жасқа толар еді…
- 143
«Таза Қазақстан» кең ауқымды экологиялық акциясы аясында қаламызда күн сайын автомобиль жолдары мен скверлер қардан тазартылады және шығару жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
- 150
Елімізде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қазақ күресінен және самбодан біріншілік өтуде. Оның аясында таяуда Саран қаласының 44803 әскери бөлімінің қызметкерлері арасынан ең мықты палуандар анықталды.